Жаңақорған ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда
Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде журналистерге берген брифингінде ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуы жөнінде айтты.
Оның айтуынша, 2018 жылдың 1шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3753, оның 254 заңды тұлғалар, 1327 шаруа қожалықтары, 2172 жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 3575 бірлікке, ал жұмыспен қамтылған адамдар саны 9235 адамға жетіп, 3397,8 млн теңгенің өнімдері (оның 1189,1 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Бюджетке түскен салық 651,6 млн теңгені құрады.