Кәсіпкерліктің дамуы Жаңақорған ауданының әл-ауқатын арттыра ма?
Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде журналистерге берген брифингінде ауданда кәсіпкерлердің саны артып жатқанын айтты.
– Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің территориялық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Сондай-ақ, 2018жылдың 1 шілдесіне өңірде 567сауда мен қызметобьектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 17 сауда үйлері, 317 азық-түлік және азық-түлік емессауда дүкендері, 145 тұрмыстық қызмет көрсету және 61 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді. Ал, 2018 жылдың1 шілдесіне бөлшек сауда айналымы 2692,6млн. теңге болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда индекс өсімі 101,1 пайызды құрап отыр.