№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АШЫҚ ЦИФРЛЫ ТҰҒЫРНАМА: бизнеске мол мүмкіндік

АШЫҚ ЦИФРЛЫ ТҰҒЫРНАМА: бизнеске мол мүмкіндік


Әлемге танымал «Alibaba.com», «Amazone» сынды электрондық сауданың баламалы түрі Қазақстанда да негізі қалануда. Мұндай тың технологиялардың басын біріктірген жаңа жобаны еліміздің байланыс жөніндегі бас операторы – «Қазақтелеком» АҚ-ы қолға алмақ. Бұл жөнінде әкімдікте өткен алқалы бас қосуда «Қазақтелеком» АҚ АКТ қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Бикеш Хайдарқызы мәлімдеді. Қызылорда облысындағы қос ауданда пилоттық жоба ретінде жүзеге асқалы жатқан ашық цифрлы тұғырнаманың кәсіпкер қауымына берері мол. Әуелі аудан әкімі Ғалым Әміреев Елбасы Жолдауынан туындаған цифрландыру жүйесін кәсіпкерлерлік саласына енгізудің маңыздылығына тоқталды.
– Елбасы халыққа арнаған Жолдауында негізгі он міндетті белгілеп берді. Ендігі кезекте құнды құжатта айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты жоспар мен жүйелі жұмыс қажет.
Стратегиялық Жолдауда Мемлекет басшысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекет дамуының бағытын айқындады. Негізінде цифрлық технология барлық саланың қарқынды легіне серпіліс береді. Әсіресе, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, өндірісті өрістетіп, өнімділікті арттыруда сеп болады. Осы тұста, «Қазақтелеком» АҚ-ның коммерциялық қызметі кәсіпкерлік саласына ІТ технологияны енгізе отырып, әріптестіктің алғышарттарын түсіндірмекке келді, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ АКТ қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Бикеш Хайдарқызы ынталы топтарды бизнеске арналған ашық цифрлы тұғырнаманы дамыту үшін серіктес болуға шақырды.
Ал, безнес-тренер Мердер Аматов жаңа тұғырнаманың ерекшеліктері мен артықшылығына кеңінен тоқталды. Яғни, наурыз айынан бастап іске қосылғалы тұрған «ISMET.kz» порталының мүмкіндіктерін түсіндірді. Оның айтуынша, ашық цифрлы тұғырнама – цифрлы тұғырнама ретінде мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандармен өзара әрекет жасауға арналған құралдарды ұсыну арқылы кәсіпкердің бизнесін жүргізуге барлық кезеңде көмек көрсетеді. Мәселен, бүгінде «Даму» қоры арқылы көмекқаржы алу үшін оның құжаттарын дайындауға 6 айдан астам уақыт кетеді екен. Ал, болашақта осы ашық тұғырнама арқылы өтінімді тапсырғаннан кейін 20 күн ішінде қаржы қолыңызға тиеді. Яғни, 40-60 пайызға құжаттардың көлемін қысқарта отырып, «Қазақтелеком»АҚ-ның үйлестірушілер кәсіпкер үшін барлық жұмысын жасайды. Сондай-ақ, ақпараттық технология мамандарының қызметін пайдалана отырып, «ISMET.kz» ашық тұғырнамасынан бизнесті тиімді басқарудың мүмкіндігі ашылады. Шексіз онлайн сауда алаңында кәсібіңізді жүргізуге тамаша тетіктер ұсынылады. Бір ғана бухгалтерлік есебіңізді бұлтты форматта сақтауға, қоймалық және кассалық есеп, виртуалды кеңсе, электронды құжат алмасу сынды цифрлы технологияның игілігін икемдейсіз. Қауіпсіздік жағына толыққанды «Қазақтелеком» АҚ-ның айти мамандары өз жауапкершілігіне алады. Бір сөзбен айтқанда, ауылда отырып, сіздің өндірген өнімді осы интернет-порталға жүктеп, бүкіл әлем көруге мүмкіндік алады. Әрі Қазақстаннан және шетелден серіктес табуға даңғыл жол ашылады. Оған қоса, онлайн сауда алаңында проблеманы ортаға салып, сан саланы меңгерген кәсіпкерлер мен үйлестіруші тараптың тегін кеңесіне қол жеткізесіз. Бизнес тренер Медер Аматов ынталы кәсіпкерлерді топқа тіркеліп, цифрлы тұғырнаманың алғашқы қатысушылары болуға шақырды.
Басқосу соңында, «Қазақтелеком» АҚ АКТ қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Бикеш Хайдарқызы неге «Қазақтелеком» АҚ «Бизнеске арналған ашық цифрлық тұғырнаманың» операторы атанғанын былайша түйіндеді:
– Біріншіден, отандық байланыс операторы – еліміздегі ең үлкен желі. Екіншіден, 15 Дата-орталық көлемі 11,5 мың шаршы метр, бұл жерде 22 мың сервер орнатуға болады. Үшіншіден, толыққанды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауқарлы. Сондықтан да интернетті игілікке икемдеп, кәсіпкерлер қауымына өнімін шетелге шығаруға мол мүмкіндік туғызады, – деді.
Осылайша, онлайн сауданың оң нәтижелерін түсіндірген байланыс мамандары ынталы топтарды пилоттық жобаға белсенді атсалысуға шақырды.

Әбдісамат ӘБДІШ.
13 ақпан 2018 ж. 1 262 0