Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 048

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 078

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 892

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 391

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 600

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 590

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ ОТЫЗДЫҚҚА ОЗДЫРАДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ ОТЫЗДЫҚҚА ОЗДЫРАДЫ


Цифрландыру – Қазақстанның озық отыздыққа ену жолындағы негізгі құрал. Сондықтан цифрлық экожүйесін дамыту аса маңызды мәселеге айналды. Мұны Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында нақтылап айтты. Осы ретте, Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыру жолдарын айқындады. Соның ішінде цифрлық мемлекетке көшу бағдары тұр. Аталған модельге көшу азаматтарға интернет ресуртар мен мобильді қосымша арқылы қызмет алуына мүмкіндік береді. Мәселен, қазақстандықтар электрондық үкіметтің игілігін көре бастады.
– Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды бағытқа алған мемлекеттер ұстанатын жаһандық тренд. Бұл орайда, тартыншақтап қалуға әсте болмайды. Сондықтан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын белсенді қолдауымыз керек, – дейді Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Жаңақорған аудандық бөлім орынбасары Қуаныш Мәуленов.
Ақпараттық-коммуникация­лық техноло­гиялар қоғам өміріне етене араласа бастауынан халыққа қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болды. Әсіресе, «Электрондық үкімет» қызметін дамыту мәселесі туындады. Мұны әлемнің дамыған елдері жемқорлықты ауыздықтаудың тың тәсілі ретінде қабылдап, жүзбе-жүз тікелей байланысқа түспей, интернет арқылы қашықтан қызмет көрсететін электрондық үкімет жобасының халыққа қызмет көрсету саласын дамыта бастады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын тарылтумен қатар қызмет көрсетуді мейлінше шапшаңдататын бірден-бір амал. 2005 жылы өркениет көшіне сай дамуға мүдделі Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар игілігін ел пайдасына жарату мақсатында «Электрондық үкімет» жобасын қолға алды.
Қазір Үкімет цифрландыруға басымдық беріп, мемлекеттік басқарудың барлық салаларындағы қызмет көрсетуді «Электрондық үкімет» веб-порталына шоғырландырып, халыққа тиімді қызмет көрсете бастады. Бүгінде Электрондық үкімет порталында азаматтарға 436 онлайн қызмет пен сервистер қолжетімді, оның 50-ден астам түрін мобильдік қосымша арқылы алуға болады.
2017 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жаңақорған аудандық бөлімінде 142 616 құжат қабылданды. Электронды үкімет бойынша 42000 жаңақорғандық қызмет алса, 5925 «мобильді Үкіметтің» игілігін көрген. Яғни, электронды қызметке жүгінетін тұрғындар саны артып келеді.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
20 қаңтар 2018 ж. 2 074 1

Гость Jeahulalf от 8 наурыз 2019 17:55
Where Can I Buy Lasix Water Pills Online Can You Buy Real Viagra Online buy cialis online Doxycycline Tab Internet Pharmacy