№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: екінші бетбұрыс

БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: екінші бетбұрыс


АҚШ, Канада, Жапония және Австралия секілді дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық технология ауылшаруашылығы саласының өнімділігін арттырды. Яғни, цифрландыру жүйесі автоматтандырылған фермалар құруға жол ашты.
Мұндай шаруашылықтар заманауи геоақпараттық жүйелер арқылы топырақтың құнарлылығын бақылап, агротехникалық ережелерді ұтымды үйлестіру, ауылшаруашылығына робот технологиясының игілігін пайдалану арқылы зор табысқа жетуде. Әрине, мұның бәрін біздің ауылшаруашылығы саласына алып келуге ондаған жылдар қажет. Дегенмен, өнімділікті арттыру үшін тұқым сорттарын ауыстыру, заманауи техниканың үлесін көбейту, агро техникалық шарттарды уақытылы әрі дұрыс орындау қолдан келеді. Аудан әкімі жұмысты осыдан бастады.
Ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық төрағаларын дүркін-дүркін жинап, өнімділігі жоғары күрішті аудандастырудың артықшылығын насихаттады. Сыр өңірінің аудандары арасында тұңғыш болып 255 млн. теңгеге заманауи техникаларды алды. Күріш жинаудан рекордтық көрсеткішке ие «Таң ЛТД» ЖШС аудан диқандары тәжірибе алмасып, олардың үздік тәсілін меңгеруге бағыттады. Бәрінен бұрын, егін шаруашылығы саласына инвесторлар тартты. Жоспарлы жұмыстардың арқасында 9967 гектар жерге күріш дәні себілді. Бұл жылдағыдан 2200 га артық жерден ризық жинауға мүмкіндік берді. Ашығын айтқанда, инвесторлардың күшімен ширек ғасыр бойы айналымнан шыққан жерлерді іске қосты. Күріштің «Лидер» (611 тонна), «Фаворит» (139 тонна), «Лазур (46,5 тонна), «Искандер» (86,0 тонна) аудандастырылды (жалпы күріштің 45 пайызы). Дақылға қажетті қорегін (үстеп қоректендіруге 2822 тонна минералдық тыңайтқыш, 3678 га гербицидпен қамтамасыз етілді), агротехникалық шараларды мерзімінде жүргізілудің нәтежесінде күріштің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім жиналды. Осылайша қамбаға 48000 тоннадан астам дәнді дақыл бастырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда гектарынан 5,1 центнерге артық өнім алынды деген сөз. Мұндай көрсеткіш күздік бидайдан да байқалды. Мәселен, 2016 жылмен салыстырғанда бидайдың гектарына 1,2 центнерге жоғары өнім жиналды.
Осындай жүйелі жұмыстар жүргізіліп, мол өнім жинауға ұйытқы болғаны үшін аудан басшысына «Алтын күз-2017» салтанатты шарасында «Үздік аудан» номинациясы табысталды.
Жалпы, Сыр өңіріндегі төрт түліктің үштен бірі Жаңақорған ауданында. Қашанда аудан шаруалары мемлекеттік бағдармаларға белсенді қатысатынымен белгілі. Мәселен, «Сыбаға» бағдарлама бойынша Сыр бойында көш басынан түскен емеспіз. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 744 бас сиыр, 26 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алынды (несие көлемі – 130,6 млн. теңге). «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 16,0 млн. теңгеге (несиеге) 572 бас аналық қой, 65 қошқар алынды. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 75 бас аналық жылқы және 5 айғыр жерсіндірілді. Несие көлемі 17,4 млн. теңгені құрады. Осындай ауқымды жұмыстарға ұйытқы болып жүргендіктен Қаратау баурайында Малшылар слетін өткізу дәстүрі қалыптасты.
Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жөнінен де көш ілгері. Мәселен, 2016-2017 жылдары ауданда егін егу және мал шаруашылығымен айналысатын 46 өндірістік кооперативі құрылды. Оның ішінде, 9 кооператив 278 жеке отбасылық тұлғаны біріктірді. Оның жетеуі мал шаруашылығы ет, сүт өндіру бағытында болса, екеуі мал тұқымын асылдандырумен айналысуда.
Бүгінде аудандағы кооперативтік қозғалысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай белсенділігін арттыра түсті. Оны кооперативтердің дайын өнімдерді өндеуге деген талпынысынан байқауға болады. Мәселен, Қожакент ауылдық округіндегі «Миялы» кооперативі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ көлемі 23 млн. теңгеге мобильді мал сою цехы құрылды.
27 қаңтар 2018 ж. 1 677 1

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 21:55
Cialis Kaufen Bewertung cheapest cialis Sale On Line Dutasteride Website Macclesfield Seismic Loop Keflex