№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАЙ ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ?

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАЙ ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ?


Бүгінде сандық технологиялар көптеген мүмкіндікке жол ашуда. Үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығы арқасында тез меңгеруде. Керекті құжаттың электорнды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды өкіметтің игілігі. Ал, электорнды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық.
Ақпараттық-байланыс қарыштап дамыған уақытта аудан халқы да заманауи өрлеуден ада қалмай, оның игілігін өз пайдасына икемдеп жүр. Мәселен, аудан тұрғындары электорнды үкімет арқылы өзіне қажетті ақпаратты жылдам алуға қауқарлы.
Әрине, ол үшін интернетке қолжетімділік және электронды цифрлық қолтаңба болса болғаны. Бұл – электрондық құжаттың күші заңды болу үшін қағазға қойылғандай жеке адамның қолы. Ол сандар жиынтығы арқылы іске асады. Үкіметтің бүгінгі ұсынып отырған электронды қызметтерін біз электронды цифрлық қолтаңба арқылы аламыз. Елде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайды. Аталмыш порталда мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қол жеткізуге болады. Мәселен, цифрлық қолтаңба арқылы кез-келген тұрғынның мемлекеттік органдардан анықтамалар алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға (егер сіз заңды тұлға болсаңыз) немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдануға («Виртуалды қабылдау»), коммуналдық қызметтерді төлеуге, мекен-жай анықтамасын алуға және т.б. мүмкіндіктері бар.
Бұл ретте, «электронды цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?» деген сауал туындайтыны хақ. Ол үшін Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына ЭЦҚ берумен айналысатын Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz сайтына кіріп, бірнеше пәрменді орындау керек. Бірінші, цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату. Екінші, ЭЦҚ-ны алуға өтініш беріп, жеке деректерді енгізу керек. Барлық пәрменді орындаған соң, тапсырмаға сәйкес белгіленген нөмірді халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) тіркету тиіс. Немесе сол сайттағы дайын деректемелер мен нөмірі бар сауалнаманы көшіріп алуға да болады. Үшінші, ХҚКО-на қажетті құжаттарыңызбен бару. Төртінші, сайттағы деректер өңделгеннен кейін, ЭЦҚ пайдаланушының электронды поштасына екі сертификат пен ашық және құпия екі кілт келеді. Жабық немесе құпия кілт – электронды сандық символдар жүйесі. Ол ЭЦҚ иесіне ғана белгілі, сонымен қатар, электрондық қолтаңба алудың негізгі элементі болып табылады. Ашық кілтті сандар жүйесін тұтынушымен қатар құжат айналымы бар орган да біледі. Ол қолтаңбаны тексеру үшін қолданылады.
Жалпы, электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау аса қиындық туғызбайды. Мәселен, тұтынушыға жылжымайтын мүлікті иелену анықтамасы керек болса, электронды үкімет порталына кіріп, «Жеке кабинет» арқылы «Азаматтарға қызмет» бөлімінен керекті анықтаманы электрондық қолтаңбамен қол қойғаннан кейін, кемінде бес жұмыс күнінде Әділет министрлігінен заңды анықтама келеді. Оны үй жағдайында принтерден басып шығарып, тиісті мекемеге ұсынуға болады. Осылайша, халық пен мемлекет арасында интерактивті байланыс орнайды.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
20 қаңтар 2018 ж. 2 291 0