Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 009

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 042

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 854

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 356

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 564

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 556

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ҚАНДАЙ?

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ҚАНДАЙ?


«Электронды үкімет» түсінігі АҚШ-та пайда болды. Нақты айтқанда, 1991 жылдан бастап америкалықтарға интернет ресурс арқылы қызмет көрсету жүйесі қалыптасты.
«Электронды үкіметтің» игілігін тұрғындардың сапалы өмір сүруіне бағыттаған елдің бірі – Сингапур. Онда 1999 жылы Ақпарат және байланыс қызметін дамыту агенттігі құрылып, электрондық қызмет көрсету жүйесі даму жолына түсті.
2001 жылдан бастап Жапонияда электронды үкімет дамудың құрамдас бөлігіне айналды. «317 қадам» бағдарламасы аясында 2055 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында әлемдік лидерге айналу көзделген. Қазіргі заманғы ақпараттық желілерді енгізу, білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдалану, электрондық коммерцияны дамыту, әлеуметтік қызметтерді басқару және басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық желілердің қауіпсіздігі осы бағдарламаны іске асырудың бес басым бағыты болып табылады. Бұл реформалар Күншығыс елінде жоғары жылдамдықты деректер желілерінің инфрақұрылымын құруға, интернет желісін пайдалануды кеңейтуге, электрондық коммерцияны дамытуға мүмкіндік берді. Бүгінде электрондық Жапония (e-japan) ұлттық бағдарламасы үкімет пен халықтың байланысын қамтамасыз етіп отыр.
Еуропалық Одақ елдерінің макроэкономикалық саясатының негізгі қағидаттарына негізделген «Электронды Еуропа» бағдарламасы ақпараттық қоғамды қалыптастырудың құралы ретінде қалыптасты. Еуропалық Одақ елдерінің электронды үкіметтеріндегі жобаларды іске асыру туралы стандарттық есептер ресми веб-сайтында (epractice.eu) жарияланады. Яғни, Кәрі құрлық елдерінің интеграциясында электронды үкіметтің маңызы айрықша.
Одан бөлек Англия, Германия, Дания және т.б. елдерде электронды үкіметтің қызметін дамытуға басымдық берілді. Мәселен, Дания мемлекеттік органдарды цифрландыруды белсенді инвестициялауда. Қазіргі уақытта әрбір азаматтың және әрбір бизнестің жеке кабинеті бар. Ол арқылы нақты уақыт режимінде мемлекеттік органдармен тілдесуге мүмкіндік бар. 2015 жылдан бастап барлық азамат мемлекеттік органдармен тек интернет арқылы тілдесуге міндетті (Данияда үй шаруашылығының 95 пайызында интернетке қолжетімділігі бар), әр азамат цифрлық паспортқа (digital ID) ие. Ал, барлық мемлекеттік органдар мен муниципалитеттер бірыңғай кабинет арқылы барлық ведомствомен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін бірыңғай желімен байланыстырылған. Бизнес коммуникациядан басқа интернет арқылы барлық операцияларды орындауға, үзінділерді алуға, салықтарды төлеуге және есептерді жіберуге болады. Мұндай жүйе жыл сайын бюджеттің 10-20 пайызын үнемдеуге жағдай жасайды.
20 қаңтар 2018 ж. 2 717 0