№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Жақсылық көрсем – өзімнен"

"Жақсылық көрсем – өзімнен"

Алдыңғы қатарлы мемлекеттер аз ғана уақытта қол жеткізген экономикалық ғажайыптың тарихи бастау көздері мен тамырлары неде деген сауал кез-келгенімізді толғандырса керек. Байыптап, тереңінен ой жіберіп қараған әркім жетістік атаулының барлығы жеке адамдардың тұлғалық сапасына тәуелді екеніне айқын көз жеткізер еді. 
Олай болса, қазақ елінің алдында төл тарихымен біте қайнасқан дәстүр-салт са-бақтастығы мен мәдениетін сақтау, ел-жұртымыздың ғасырлар бойы жалғасқан от-басылық өнегесінің өрімін жоғалтпау, сапалы ілім-ғылымды меңгеру, қоғамды жегі құрттай дендеген жемқорлықтан арылу, меритократиялық ұстаным, бәрінен де бұрын саяси билік пен бұқара арасындағы байланысты тереңдету сынды аса қастерлі және ауқымды міндеттер тұр. 
Мықты мемлекет қазығын мемлекетшіл тұлғалар қалыптастырады. Елшіл, мемлекетшіл тұлғаның мақсат-мүддесі «мендік» пыйғылдан жоғары, көпшіл, қоғамшыл болып келеді, ал ойлайтыны қарақан басының емес, халықтың қамы болса керек. Қазақ қоғамы осындай ойшыл, жалын жүрек азаматтардан қай заманда да кенде болған емес. Ондай жандарды бүгін де кездестіруге болады.  Маңыздысы, аталған қасиеттің қайнар көзін – ғазиз жүректінің өзін танып, қадірлей білуімізде. Тарихты да жасайтын осындай тұлғалар. 
«Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.
Біреу қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен» демеп пе еді бар-жоғы жиырма жеті-ақ жыл ғұмырында ұлт қамын жеп өткен Сұлтанмахмұт Торайғыров.
«Кесені қолым алып қарай бердім,
Ішіеде нақақ көзден жас бар ма деп».  Бұл да Сұлтанмахмұттың жүрек жасының уына тұншығып отырып жазған сөзі. Осы айтылған  хақ ақиқаттың астарында ата-баба пір тұтқан құндылық – адалдық, әділдік, біреудің ала жібін аттамау, ақысын жемеу, арлылық сынды асқақ қасиеттер жатқан жоқ па? Ұрпағымыз¬ды титтей күнінен осы қасиеттерге баули білсек, мына қоғамда қиянатқа, өтірік-өсекке, арсыздыққа, ашкөздікке, астамшылыққа орын қалар ма еді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен ұлттық құрылтайда  нақ осы мәселе – Адал адам тәрбиелеу мәселесін алдыға қойды. Ендігі жерде көп ұғым қайта қаралатынын, еңбексіз келетін дәулеттің жолы кесілетінін айта келіп, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын, қоғамды ізгілендіре¬тін, жасампаздыққа бастайтын, жеке адамды сапалық тұрғыда биікке көтеретін негізгі құндылықтарды жеке-жеке атап өтті. Олар: Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік мен жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық деп түсіну ләзім. 
«Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілі¬гін сөзбен емес, іспен көрсетуі керек. Жауапкершілік болмаса әділдік те болмайды. Әркім өз ісіне жауапты болса жеке адам да, бүкіл ел де табысқа жетеді. Ол үшін  бірінші тәртіп болу керек. Елдегі тәртіп біздің әрбірімізден басталады. Егер әлемді жақсы жағына өзгерткің келсе, ең әуелі өзің¬нің кішкентай ұяң – үйіңде жайлылық орнат, одан соң жұмыс орныңда, тіпті өзің тұратын подъезің мен аулаңда өрісті аура таратып әдемі ахуал орнықтыруға атсалыс, қоғамға шын берілген сана иесі екеніңді осылай іспен дәлелде» дейді. Ал бізде керісінше, үлгілі бір ісі жоқ, бірақ жатып алып әлеуметтік желіде ақыл айтқыштар көбейді. Ондайлардың көп болғанынан қоғамға не пайда?
Сөзімізді бір қарапайым мысалмен тұз¬дықтайын. Көктемнің кезі еді, түске үйге келген бетім, қасында бір жігіт бар, көрші облыста жұмыс істеп жатқан ұлым келіп қалды. «Жұмыспен келген едік, депоға соқтым, уақытым тар, тек бір көріп амандасып кетейін деп едім» деп асығыс кетіп қалды. А, жоқ, тоқтаңыз, кетіп бара жатқандарды еріксіз кідіртіп, ана біткеннің әдеті емес пе, қолына бір қалта ет ұстатып жібердім. Содан біраз уақыт өткеннен кейін балам ауылға бір асықпай келгенінде сол кездегі шаруасын өзі-ақ  әңгімелеп берді. Өздерінде істейтін бір өзбек машинистің жұмысын тексеріп келген екен. Негізі өзекеңдер малтапқыш, ақшалары тасып, соның арқасында майлы орынға отырып алуға мәстір, мүмкін сондықтан  жауапкершілік дегенге пысқырып қарай бермейтін көріне¬ді. Сондайлардың бірі пойыз рулінде осы Жаңақорған аумағынан өтіп бара жатып бір бишараның жиырма шақты тұсағын жайпап өткен екен. Жол жиегінде жайрап қала берген ұсақ малдың өлігін егесі шыр-пыр боп жинап алып, әрі орын алған жағдай үшін қыруар айыппұл төлеп бұл жақ қым-қиғаш боп жатыр. Ал жаңағы пойыз айдаушы  жұмысынан жау¬ап алғандарға «Жылдамдықты бәсеңдеттім, сигналды қостым, есі жоқ мақұлық үшін мен жауапты емеспін, әркім малына ие болсын» деп мұртын балта шаппай жайбарақат жүріп жатыр екен.
Бұлар оқиға орнына әдейілеп-ақ келіп асықпай қарағанда анық¬тағаны, машинистің қолы сигналға да, тежегішке де  бармақ түгілі бет-жүзінде бір түйір алаңдаушылық, көңілінде жылт еткен сезім жоқ¬тығы, сазарған күйі заулатып өте шыққанын  камерада анық көрді. Тіпті мал басса да, адам басса да бәрібір көрінгенәлгінің керенау   көзқарасы қарап тұрып қанды қайнатып, осы дәлел бойынша жоғарыға ұсыныс жолдағандарын айтты. Нәтижесінде машинист ша¬руаның жарты шығы¬нын төлеп, өзі сол замат жұмыстан шығары¬лыпты. Содан бастап соң¬ғы кезде көбейіп кеткен осындай оқиғалар кәдімгідей тиылды деді ұлым. «Бұлар барлық нәрсені сатып алып үйренген ғой. Сигнал, барлығы норма деп көрсетіп бер, жолын жасаймын» деп ұялмай келіп тұрғанын айтсаңызшы. Сіз де маған «немене, банккке қарыз¬сың ба, каспиіңді құлыптап қойған¬сың» дейсіз. Осындайларға арандап қалмайын деп жауып тастағанмын ғой» дегенінде мен де көп нәрсені көңілге түйдім. Қарап отырып жүрегім езіліп, жанарыма жас келді. Жаңа Қазақстанды осындай жаны таза, ары  да, қолы да былғанбаған  қарапайым адал азаматтар жасайды деген ой келді. Ал ондай адам көк¬тен түспейді. Титтей кезінен ата-ана, айнала ортадан көргенін көңілге түйеді. Олай болса жер бетінде әділдіктің орнауына үлкен-кіші демей әрбіріміз, әрбір әрекетімізбен жар бола алады екенбіз ғой, әлеумет.    
– Дұрыс, ондайлардан сақ бол, балам, қара су ішсең де қайғысыз іш» деген бар, ешкімнің ақысын жеп, көз жасына қалма, – дедім өзімді әрең тежеп.
Шай столдың басында отыр едік, қолымда ұстап отырған кесеге көзім түсті. «Кесені қолыма алып қарай бердім…» Сұлтанмахмұттың өлең жолдары есіме түсті.

Баян ҮСЕЙІНОВА
08 тамыз 2024 ж. 201 0