№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адами капиталды дамыту маңызды

Адами капиталды дамыту маңызды


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқының қамы үшін туған тұлға екенін кезекті рет көрсетіп, тарихи шешім қабылдады. Иә, «Nur Otan» партиясының Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың алдына жеті тұғырлы міндет жүктеп, бас партияның тізгінін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұстатты.


Билеуші партияның Төрағасы лауазымын Қасым-Жомарт Кемел­ұлына тапсыру – бұл заңдылық, қазақстандық билік транзитіне то­лықтай сәйкес келетін шешім. Бір жағынан, мемлекеттік деңгейдегі шешімдердің оперативті, обьективті жиынтығы бір орталықтан шыға­рылғаны дұрыс.
Енді Мемлекет басшысы ірі саяси жүйеге айналған партияның жұмысын жүйелеу арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыра алады. Себебі, «Nur Otan» билеуші партия.
Елбасының «Елдіктің жеті тұғы­рына» тоқталатын болсақ, бұл бізге бағдаршам болатын қағи­далар. 2017 жылы Тұңғыш Пре­зидент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жария­лады, соның негізінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Уақыт тұрғысынан бағдарласақ, «Рухани жаңғыру» ұлттың мыңжыл­дықтар көшіндегі мақсат-мұратын танып, ұлттық кодтың кілтін табуда септігі тиіп, тарихи сананы тереңдете түссе, «Елдіктің жеті тұғыры» мемлекеттік мұратты баянды етіп, Мәңгілік Елге бастайтын идеологиялық құрал болады.
Сондықтан балабақшалар мен мектептерде қағидаттар жиынтығынан туындайтын басымдықтарды насихаттап, тәрбие және ашық сабақтар өткізіп, жастардың санасына елшілдік қасиетті сіңіру керек.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежірелі жолына көз салсақ, Қазақстан – тарихи қысқа мерзім ішінде ғасырға татитын жолдан өтті, ұлы табыстарға қол жеткізді. Елдікті сақтау, азат ел болудың бақытын сезініп, кемел келешекке қадам бастық. Бүгінде өркениетті елдер қатарына кіріп, мемлекеттік мұратпен үндескен жаңа даму стратегиясын іске асыруда. Бұл бағытта адами капиталды дамыту – адал еңбек, рухани тәрбие, терең білім, жаңашыл ғылымды игеру міндеті тұр. Біз балабақша қабырғасынан Елбасының болмыс-бітімін өспірімдерге үлгі-өнеге етіп, мемлекетшіл тұлға болып қа­лып­тастыруға мән берудеміз.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының басты қайнары осы болса керек-ті.

Бақытгүл ИСМАЙЛОВА,
«Аялы алақан»
балабақшасының меңгерушісі

08 желтоқсан 2021 ж. 373 0