№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа президенттің болуы, саяси жүйенің болуы – еліміз үшін маңызды шешім.

Жаңа президенттің болуы, саяси жүйенің болуы – еліміз үшін маңызды шешім.

Талап ТОТАЕВ, мәдениет бөлімінің қызметкері.


   – Халықаралық жағдайда қазір мемлекетімізде тұрақтылық болуы керек, Елбасының бастап берген саясаты өзгермеді. Жерлестерімді президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырамын.
   Тарихи сәт кемел келешекке қадам басқан қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жол, сындарлы саясатын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан халқына арнаған үндеуінде Мемлекет басшысы кезектен тыс өткізілетін сайлау өтетінін жариялап, оның ашық әрі әділ болуына аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді назарға алатынын атап өтті.
   Жалпы алғанда ашық әрі әділ сайлаудың өтуі халықтың пайдасына бағытталады. Билік тұрақты болса, мемлекеттігіміз нығайып, елдің әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, тұрмысымыз түзеледі. Ең бастысы, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту шаралары ширай түседі. Сондықтан, уақыт күттірмей Мемлекет басшысын сайлап алғанымыз абзал.

– Қазақстан – даму үстіндегі мемлекет, бізге әлі де сырт мемлекеттермен байланысқа шығу керек. Бұл жерде Қазақстанның келесі толқынға өтуі, жаңа президенттің болуы, саяси жүйенің болуы – еліміз үшін маңызды шешім.

18 сәуір 2019 ж. 980 0