№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Рухани байлығымызды жинақтау кезең-кезеңі мен жүзеге асуда десек, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы ретіндегі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын Ұлт  Көшбасшысы тағы да дер уағында жария етті. «Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті». Айшықты айқындама, дәйекті түсініктеме. Расында, ширек  ғасырдан аса азаттығы бар ел әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып, тұрмысын түзеп алды. Тіпті, шет мемлекеттер мен тығыз байланыс орнатып, терезесі тең дәрежеге жетті. Жаһан жұрты қазақ елін қойнауы қазынаға толы байлығы бар екенімен емес, бұл Ұлы дала елі екенін, түрлі өнердің, құндылықтардың түп-төркіні осында екенін білуі тиіс. Дүниенің таңғажайыптарын дарынымен ұғынып білген қазақ даналары төрткүл дүниеге танылуы қажет. Қазақ деген ұлы елді әлем жұрты жан-жақты жақсы қырынан білгендері дұрыс. Міне, осылар  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының басты мүддесі.
   Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. Яғни, әлемдік өркениетке қосқан үлесіміз бен жаһандық даму үрдісіне тигізген зор септігімізді қайтадан зерделеп, дүние жүзіне жаңаша дәріптеуге үндейді. Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетін де өзіндік орны бар. Оған ешкімнің таласы болмауы тиіс.
Жалпы, мақала бүгінгі жаһандану жағдайында ел бірлігін сақтау барысында халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тарихын танып әрі әлі ашылмаған қырларын зерттеуге шақырады. Егер ұлт рухани және материалдық дүние танымдарын меңгермесе, ол бірегейлігінен айрылады. Сондықтан бұл мақала біртұтас халық болып қалыптасудың маңызды механизмі саналады.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазынасы. Ал мақалада айтылған атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек Жолы, Қазақстан – Алма мен Қызғалдақтың отаны секілді Ұлы даланың жеті қыры шар тарапта қазақ деген дана халықтың ерекшелігін айқындайтын құнды дүниелер. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті мақала да көрсетілген.  Бұл тұрғыда Ұлт Лидері  «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», – деді. Яғни, кеңістіктегі қазақтың рөлі, ұлт ретіндег іөзіндік жолы бөлек екенін дәлелдеу тұжырымы бар.
Мәселен, атқа міну мәдениеті қазақта қалыптасқанын анық айта аламыз. Өйткені, қазақ тұрпаты жылқы жануарына сай келеді деп жатамыз. Оның үстіне бала жастан атқа мініп өскен халықтың өмірі ат үстінде өткен. Адамға сипаттама бергенде жылқы мінезді дейміз. Халық нақылында «Ат – ер қанаты» деген бар. Тағысын тағы... Осының бәрі айналып келгенде қазақ халқының ат баптап, жылқының қасиетті жануар екенін ұғынғанын білдіреді. Сол себепті атқа міну мәдениетін қалыптастырған қазақ дегенге ешкімнің таласы болмас. Мемлекет басшысы айтқан өзге де Ұлы дала қырлары қазақ жұртына тән айшықты дүниелер. Олар осы дархан даланың рухани байлықтары. Оған қастерлеп қарау, Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік  жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – ұрпақтың үлесінде.
   Қорыта айтқанда, рухани жаңғырудың заңды жалғасы болған мақала түркі жұртының тарихы мен сабақтасып, қазақ елінің даналығын, даралығын дәріптейді. Бұл мақсатта түрлі жобалар қолға алынып, жүзеге аспақшы. Осыған бір кісідей ат салысқанда бізді жаһанның түкпір-түкпірінде ел-жұрт білетін, танитын болады. Танығанда тарихымызбен, түп-тамырымызбен білмек. Осы ретте, арғы текті түгендеп, тарихты жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттау – бүгінге парыз.
25 қараша 2022 ж. 176 0