№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана сүтін ештеңе алмастыра алмайды

Ана сүтін ештеңе алмастыра алмайды

Сүтті көбейтудің жалғыз жолы – баланы жиі емізу және дұрыс тамақтану. Ана сүті дүниеге жаңа келген, өмір сүруге бейімделмеген сәбидің ағзасына толықтай сай келетін жалғыз өнім. Оны ешбір малдың сүті, ешбір жасанды қоспа алмастыра алмайды. Себебі оның құрамында нәрестеге қажет барлық зат бар. Бала емізудің тағы қандай пайдасы бар екенін Жаңақорған  аудандық көпбейінді орталық емхана дәрігері Жубатова Фариза Жанахметқызы   айтып берді.
– Бала емізудің ана үшін пайдасы қандай?
Жүктіліктен кейін салмақ тез қалыпқа келеді. Окситоциннің бөлінуіне әсер етеді, ал ол жатырдың тез жиналуына ықпал етеді. Баламен эмоционал байланыс орнатып, күйзеліс деңгейін төмендетеді. Лактацияның тезірек қалыптасуына әсер етеді және емізу уақытын 4 айға дейін ұзартады. Омырау және аналық без обыры, қант диабеті, артериалды гипертензиямен сырқаттану қаупін азайтады. Экономикалық тұрғыдан да тиімді: ана сүті кез келген жасанды қоспадан құнарлы және арзан, әр уақытта дайын тұрады.
– Ананың омырауын емудің бала үшін пайдасы қаншалықты? Дәрігер ретінде айтып берсеңіз?
Құрамында сәбиге қажет барлық құнарлы зат бар ең керемет өнім. Атап айтқанда, ана сүтінде баланың иммунитетін қалыптастыруға атсалысатын пребиотиктер мен пробиотиктер, балаға энергия беріп, оның миының дамуына әсер ететін ерекше майлар, лактоза, ақуыз, нуклеотидтер мен дәрумендер, минералдар бар. Баланың физикалық тұрғыда дұрыс дамуына ықпал етіп, шектен тыс семіру мен артық салмақтың алдын алады. Бала психикасының, интеллектінің дамуына және оның анасымен психикалық байланыс орнатуына әсер етеді. А иммуноглобулинінің әсерінен барлық инфекциялық аурулардан қорғайды. Мысалы, егер ана желшешекпен ауырған болса, бала да анасының сүтінен желшешекке қарсы иммунитет алады. Айналасында барлығы желшешекпен ауырып жатса да, еміп жүрген кезде бала ауырмайды.Сондай-ақ, аллергиялық аурулардың даму қаупін азайтады.
             – Ана сүтінің құрамына тоқтала кетіңізші?
            – Уыз – бала туған соң алғашқы 2-3 күнде келетін сүт. Ол ең құнарлы сүт. Уыз сүтінің мөлшері мен құрамы жаңа туған нәрестенің қажеттіліктеріне бейімделген. Сарапшының айтуынша, бір-екі тамшы уыздың өзі балаға жеткілікті тағам бола алады. Себебі оның құнарлылығы өте жоғары: литріне 1500 ккал болады. Сондықтан перзентханаға өзіңмен бірге жасанды қоспа апарудың қажеті жоқ. Егер балаға шынымен сүт жетіспей, алғашқы күндері нормадан көп салмақ жоғалтатын болса, дәрігерлер қандай қоспа беру керек екенін өздері айтады. Себебі, жасанды қоспаның түрі көп және олардың құрамы да әртүрлі болады.
"Өтпелі сүт" – бала туған соң 4-5 күнде келетін сүт. Оның энергетикалық құнарлылығы уыздан төмендеу: литріне 800 ккал болады.  Нағыз "піскен" сүт – босанғаннан кейін 2-3 аптадан бастап келетін сүт. Оның энергетикалық құнарлылығы литріне 680 ккал-ды құрайды. Екі түрі болады: алдыңғы сүт және артқы сүт. Алдыңғы сүт бала емізе бастаған кезде бөлінеді. Оның түсі сұрғылттау, су сияқты сұйық болады. Бұл сүт протеиндерге, лактоза мен дәрумендерге, минералды тұздарға бай. Аздап уақыт өткеннен кейін сүттің түсі ағара бастайды. Бұл артқы сүт деп аталады. Ол алдыңғы сүтке қарағанда майлы болады, сондықтан энергетикалық құндылығы жоғары келеді.
           – Бала емізетін ана қалай тамақтануы керек?
           – Ел арасында жүкті әйелдерге немесе бала емізетін аналарға көп тамақ жеуді, "екі адам үшін" тамақтану керек екенін айтатындар бар. Дегенмен, бұл дұрыс емес. Бала емізетін анаға түрлі көкөністер, ет пен балық түрлерін, дәнді-дақыл өнімдерін, жаңғақтар жеген жөн. Жоғары аллергенді заттарды азайту қажет, бірақ бұл оларды мүлде жемеу керек деген сөз емес. Бастысы анада жеген тамағына аллергия болмауы қажет.  Кей тағамдар ішекте іруі мүмкін. Олардың қатарында: тәтті нан өнімдері, дүкенде сатылатын йогурттар, жүзім мен газды сусындар бар. 
           Сонымен қатар ана сүтінің дәмін өзгертетін азық-түлік бар. Мысалы, қырыққабат, пияз, сарымсақ, шалғам сияқты көкөністер сүтке қышқыл дәм береді. Мұндай жағдайда бала емуден бас тартуы мүмкін. Тым көп майлы тағам жеу де сүттің майлылығын арттырып, баланың іші қату ықтималдығын арттырады.
           – Сүтті қалай көбейтуге болады?
           – Кейде жас анаға сүтін "көбейту" үшін сүтті шай немесе шөп шай ішуді, сүтті майлы қылу үшін жаңғақ жеуді, түрлі препарат ішуді ұсынатындар бар. Сарапшы бұлардың ешқайсының тиімділігі дәлелденбегенін айтады. Сүтті көбейтудің жалғыз жолы – баланы жиі емізу және дұрыс тамақтану.
            – Баланы қай жасқа дейін емізу керек?
           – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, баланы 2 жасқа дейін емізген жөн. Алайда бұл бала екіге келгенше тек ана сүтімен тамақтануы керек дегенді білдірмейді. 6 айынан бастап баланы қосымша тамақтандыруды бастау керек. 
          – Сұқбатыңызға рақмет!

Әсел Рзаева
07 ақпан 2024 ж. 294 0