№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕШКІДЕН ПАЙДА КӨП

ЕШКІДЕН ПАЙДА КӨП

Жұлдыз Дүйсенбек, топ жетекшісі:
– Жобаның мақсаты – ешкі сүтінің емдік қасиеттерін пайдалану арқылы қант диабеті дертіне шалдыққандар, жүкті және емізулі аналарға, жүрек ауруына шалдыққан жандардың, көзі нашар көретін балалардың денсаулығын нығайту және иммунитеттерін көтеру. 6 ай бойы 44 адамды ешкі сүтімен қамтамасыз ететін боламыз. Қазіргі таңда ауылдық округ көлемінде аталмыш санаттарға жататын 8 адам ешкі сүтімен қамтылды. Алдағы уақытта қалған жандарды толық қамтитын боламыз, – деді.
Топ мүшесінде Наргиза Рахмет пен Тамара Даулыбай есімді нәзік жанды бар. Тамара тасымалдаумен айналысса, Наргиза ешкі саууға жауапты.
Иә, ешкі сүтінің емдік қасиеті көп. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы көрінеді. Сондай-ақ, жаңа туған нәрестенің іш жүруін қалыпқа келтіру үшін ең бірінші ешкі сүтін береді және ана сүтін алмастыра алады. Суық тигенде, онкологиялық аурулардың алдын алуға, аяғы ауыр келіншектер ешкі сүтін ішсе, баланың қаңқасы, тістері жақсы дамиды. Міне, «Тоқсан тоғыз аурудың емі – ешкі сүті» деп аталатын жобаның тиімділігі осында.
23 қазан 2018 ж. 1 304 0