Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Неліктен ана сүтімен емізу маңызды

Неліктен ана сүтімен емізу маңызды

Ана сүтімен емізу (АСЕ) адамзаттың биологиялық эволюциясы барысында қалыптасқан жалғыз тамақтану түрі болып табылады, сондықтан, оны жаңа туған нәрестенің және омыраудағы баланың тамақтануының физиологиялық тұрғыдан жалғыз дұрыс жолына жатқызу міндетті.
Ана сүтінің құрамы өте күрделі және сапасы мен сіңімділігі жағынан теңдесіз құнарлы заттектерден ғана емес, кең ауқымды реттеуші және ақпараттық тасымалдаушылар кешенінен – гормондардан, биологиялық белсенді затттектерден, иммунологиялық реттеу мен төзімділік факторларынан тұрады. Заманауи білім деңгейі тек ана сүті ғана бала өмірінің алғашқы екі жылындағы ас қорыту, сіңіру және заттек алмасу мүмкіндіктеріне қарай нутриенттердің сәйкестігімен қамтамасыз етеді.
Ана сүті  сәби өмірінің алғашқы 2 жылында және, әсіресе, өмірінің алғашқы айларында ең дұрыс қорек болып табылады, себебі, ас қорыту ферменттері толық жетіле қоймағандықтан, сәби басқа тамақты тұтынуға дайын емес. Ал ана сүті оның ағзасындағы ас қорыту мен заттек алмасу ерекшеліктеріне толығымен сай келеді. Оған қоса, ана сүті мен оныңалдында пайда болатын уыз нәрестенің жатырдан тыс 13 өмір жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді. Жүргізілген медициналық - биологиялық зерттеулер көрсеткендей, туылғанн ан кейінгі алғашқы 2-3 тәулікте нәрестелердің қанында апиынды емес пептиданалгетиктер деңгейінің өсетінін дәлелдеді. Осыдан босану стрессін жою үшін ерте емізудің және нәрестенің анасымен ерте қауышуының рөлі ерекше маңызды болып табылады.
Емізуді ерте бастау және нәрестенің анасымен ерте қауышуы ана бейнесін және айналадағы жаңа әлемнің өзіне деген көзқарасын есте сақтауды қамтамасыз етеді. Сүт бездері алғашқы 30 сағатта уызға толады және балаларын босана сала емізетін аналарда 24-48 сағаттан соң-ақ жеткілікті көлемде уыз бөліне бастайды . Уыз тығыздығы жоғары, мөлшері аз және жабысқақ сарғыш сұйықтық түрінде болады. Оның құрамында жетілген сүтке қарағанда лактозаның, майдың және майда еритін дәрумендердің мөлшері азырақ болады, алайдаесесіне А, Е, К сияқты майда еритін дәрумендер, натрий мен мырыш көбірек болады. Уыздың осындай құрамы нәрестелердің өзіндік қажеттіліктеріне әбден лайық. Оның жоғары тығыздығы мен аздаған мөлшерде бөлінуі нәрестелердің әлі жетілмеген бүйректеріне шамадан тыс сұйықтық жүктемесінің түсуіне жол бермейді. Олардың бүйректері метаболиттік стрессіз үлкен көлемде сұйықтық өңдей алмайды. Туылған сәтте олардың бүйректері қызмет жасау тұрғысынан әлі жетілмеген болады, бұл шумақтық сүзу жылдамдығы төмен және шоғырландыра білу қабілетінің төмен болуымен анықталады. Уыз құрамында натрий үлесінің жоғары болуы бүйректердің су ұстау механизмінің жұмысына қолғабыс етеді.
Сондықтан, қалағанынша жиі және ұзақ уақыт бойы тек уыз емген нәресте қосымша сұйықтық енгізуге мұқтаж емес. Нәрестені анасының күндіз де, түнде де жиі емізуі оны қажетті қореккөлемімен, әрі уыздағы және кейін жетілген ана сүтіндегі барлық компоненттермен қамтамасыз етеді. Уыз көлемі шағын және тығыздығы жоғары жабысқақ сарғыш сұйықтық түрінде болады. Лактаза мен басқа да ішек энзимдерінің бөлінуі енді ғана басталады, сондықтан, уыз құрамында лактоза үлесі жетілген ана сүтімен салыстырғанда төменірек болады. Осыған байланысты нәрестелерді өмірлерінің бірінші күнінен бастап донорлық жетілген ана сүтімен қоректендіру қарсы көрсетілім болып саналады, себебі, жасанды лактоза жетіспеушілігі өрбуі ықтимал, бұл баланың мазасыздығы, құсып тастауы, іші кебуі, жиі іші өтуі түрінде көрініс береді. Уызда жетілген ана сүтіне қарағанда нәруыз үлесі жоғарырақ, бірақ бұл нәрестенің жетілмеген бүйрегіне шектен тыс 15 азот жүктемесін түсірмейді, өйткені, уыз толығымен сіңіріледі де, метаболиттік қалдықтарды шығаруда қиындық туындамайды. Өкпемен тыныстау басталуымен бірге нәрестенің ағзасына жатыр ішінде даму кезеңіндегіге қарағанда көбірек оттегі енеді. Уыз құрамындағы Е дәрумені – жасуша жарғақшаларын тотықтандырушы зақымнан қорғайтын табиғи антиоксидант. А дәруменінің жоғары үлесі де заттек алмасудың, көру қабілетінің қалыптасуына, нәрестенің өсуі мен дамуына, ауру-сырқауға төзімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Босанудан кейін 3-14-ші күні уыз жетілген сүтке айналып, оның құрамы баланың өзгере бастайтын қажеттіліктеріне және жеке мұқтаждықтарына қарай өзгереді. Жетілген ана сүтінің құрамы әртүрлі аналарда ғана емес, тіпті бір әйелдің әртүрлі сүт бездерінде, емізу арасында және тіпті емізіп отырған бойда түрленіп отырады.
Мұндай өзгерістер кездейсоқ емес, қайта орынды және балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жетілген ана сүтінде нәруыз үлесі уызбен салыстарғанда төменірек, дегенмен, оның көлемі балалардыңоңтайлы өсуін және дамуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті, себебі, емізген сайын тұтынылатын сүт көлемі ұлғаяды. Әйел сүтінің нәруызында негізінен сарысулық альбуминдер көп, олар тез қорытылады және сіңіріледі. Көбінесе жасанды сүт қоспаларының негізі болып табылатын сиыр сүтінде казеин нәруызы түрінде беріледі. Әйел сүтінде сарысулық альбуминнің казеинге ара-қатынасы шамамен 80:20 құрайды, бұл асқазан үшін ас қорытуды жеңілдететінжұмсағырақ ірімшік түзуге мүмкіндік береді. Дәл осы нәруыздардың сиыр сүтіндегі ара-қатынасы 20:80, ал жасанды сүтқоспаларында 18:82 мен 40:60 аралығында болады, осының нәтижесінде жаңағы жасанды сүт қоспаларымен тамақтандырылатын жаңа туылған нәрестелердің қанында несепнәр мен аминқышқылдар деңгейі жоғары болады, демек, олардың жетілмеген бүйректеріне жоғары метаболиттік жүктеме түседі. Оған қоса, жасанды сүт қоспаларының құрамында нәруыз ғана емес, тұздар үлесі де жоғары болғандықтангиперосмолярлыққа апаруы мүмкін, соның салдарынан дел-салдық, тіпті летаргия, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы ықтимал. Ана сүтінің бірде-бір нәруызы сиыр сүтінің нәруыздарымен бірдей емес.
Ана сүтінің нәруыздарында альфа-лактоальбумин – лактоза синтезіндегі энзимдік жүйенің маңызды компоненті бар. Сиыр сүтінің негізгі нәруызы – бета-лактоглобулин, ол аллергияға шалдыққыш балаларда антигендік реакция тудыра алады. Ана сүтінде бос аминқышқылдарының, әрі цистин мен тауриннің үлесі жоғары. Нәрестелерде, ересектерге қарағанда, ми мен бауырда сәйкес ферменттер жоқтығынан метиониннен цистин және цистин мен метиониннен таурин синтезделмейді. Ал аталған аминқышқылдар балалар үшін алмастырылмайтын болып табылады, себебі, ми құрылымдарының дамуы үшін маңызды. Таурин сондайақ өт тұздарын байланыстыруға, демек, майларды сіңіру үшін қажет. Ол, сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің жетілуі кезінде нейротасымалдаушы және нейромодулятор қызметін атқарады, оның негізгі құрылымдарының жетілуі бала туылғаннан кейін де жалғаса береді .  Ана сүтіндегі майлар үлесі 100 мл уызда 2,0 граммнан босанғаннан кейінгі 15-ші күні 100 мл жетілген сүтте 4,0- 4,5 граммға дейін көтеріледі, десе де, оның жекелеген шамалары кең ауқымда ауытқымалы болуы мүмкін. Бұл тек жалпы майлар үлесі үшін ғана емес, сонымен бірге май қышқылдарының құрамы үшін де осылай және нәрестелердің күш-қуатқа мұқтаждықтарының артуымен байланысты болады. Майлар ана сүтінің ең өзгермелі компоненті болып табылады. Майлардың тәулік бойы ауытқып отыруы сәскеде және түстен кейін, әрі емізу кезінде шарықтау шегіне жететіні байқалады. Осылайша кейбір әйелдерде ана сүтінің құрамында май шоғырланымы емізуді бастарға қарағанда аяқтарға қарай 4-5 есе жоғары болады. Емізуді аяқтарда майлар деңгейінің жоғары болуы тойдыруды реттеуші сияқты әрекет етеді деп саналады. Сондықтан, емізу ұзақтығын шектеуге болмайды. Айта кету қажет, балалар өз ағзасының күш-қуатқа мұқтаждығын реттей алады және майлар нәрестенің күш-қуатқа бір күндік мұқтаждығының 35-50 пайызына дейін өтей алады. Ана сүтінде майлар микроскоппен ғана көруге болатын түйіршіктер түрінде болады, олардың көлемі сиыр сүтіндегіден әлдеқайда кіші. Түйіршіктердің жарғақшаларында фосфолипидтер, стеролдар мен нәруыздар болады. Фосфолипидтердің 98 пайызы үшглицеридтерден тұрады. Ана сүтінің майы жасанды сүт қоспалардағы майға қарағанда айтарлықтай жеңіл қорытылады, себебі, бытырағыштығы жоғары болғандықтан, оңай қоспаланып, сіңіріледі.
 Ана сүтінің майлары 85-90 пайызға дейін сіңіріледі. Май қышқылдарының құрамы жағынан ана сүті салыстырмалы түрде тұрақты және оның құрамына 42% қаныққан және 57% қанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Ана сүтінде арнайы емес липазаның болуы майларды 2 сағатта сіңіруге ықпалетеді. Бұл өт тұздары мен панкреатиттік липаза бөлінуі мүлдем жетілмеген шала туылған нәрестелерді тамақтандыруда ерекше маңызды. Липаза тек анасүтінде ғана болатынын және қандай да болмасын басқаша тамақтандыруда онымен қамту мүмкін емес екендігін есте сақтау қажет.
Туылғаннан кейінгі алғашқы айларда қосымша тамақ беру ішек микробиомының қалыптасуына және қорғаныс механизмдерінің орнығуына кедергі келтіреді. Сондықтан, қолдан тамақтандырылатын балаларда ішек ортасының рН көрсеткіші жоғарырақ, бұл негізінен патогенді бактериялардың дамуына ықпалетеді. Практикада анасы баласы жылаңқы, жиі іші өтеді, жиі сиіп қояды, құсып қояды деп шағымданатын жайттар жиі кездеседі. Бәлкім, анасы баласына бір омыраудың сүтіне толық тояттануына мүмкіндік бермейтін шығар. Оның орнына ол біраз уақыттан кейін екінші омырауына ауыстырады, ал бала қайтадан лактозаға бай, майы аз «алдыңғы» сүтті емеді.
Лактаза энзимінің жеткіліксіз өндірілуі кезінде лактозаның шамадан тыс көп мөлшері төтенше қышқыл реакцияны тудырады, ол өз бетінше ішек қылшақтарының зақымдалуын шақыруы мүмкін. Баланың іші ауырады, нәжісі сұйық, көбікті болады, ал төтенше жағдайда сусыздану орын алуы мүмкін. Егер анасы балаға бірінші емшегін «тауысуға» мүмкіндік беріп, тоймаған жағдайда екіншісін берсе, онда мұндай ана сүтіне алдамшы жақпаушылық 24 сағат ішінде кетуі тиіс. Әйел сүтіндегі дәрумендер үлесі үнемі дерлік баланың қажеттіліктеріне сай болып тұрады, алайда, әйелдің тамақтануына байланысты өзгеріп те отыруы мүмкін. Нәресте алатын майда еритін дәрумендердің мөлшері анасының тамағындағы майлар үлесіне қарай айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Ана сүтінде А дәруменінің үлесі, осы дәрумен жетіспейтін халық топтарын қоспағанда, сиыр сүтімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады. Екі жасқа дейін анна сүтінемген балаға қарағанда, емшектен ерте шығарылған балаларда өмірінің екінші жылында А дәруменінің жетіспеушілігі көбірек байқалады.
Бұл  бала өмірінің екінші жылының аяғына қарай ана сүтінің құрамы А дәруменінің үлесі жоғары уыз құрамына қайтадан жақындай түсетінімен түсіндіріледі. Жетілгесүтте К дәруменінің шоғырланымы уызбен салыстырғанда төменірек. Дегенмен, ол дәруменнің тапшылығы болмайды, себебі, анна сүтін емген нәрестелерде туылғаннан соң екі аптадан кейін- ақ осы дәруменді жеткізушісі болып табылатын ішек микрофлорасы қалыптасып үлгереді. Ана сүтінде Д дәруменінің деңгейі төмен және нәресте үшін жеткіліксіз болып саналады. Ғалымдар оны ағзаға енгізудің оңтайлы жолы асқазан-ішек жолымен байланысты емес деген қорытындыға келді, себебі, аталмыш дәрумен асқазан-ішек жолы арқылы уытты дозада сіңірілуі мүмкін. Тері күн сәулесінің әсерінен Д дәруменін өндіре алатын, сонымен қатар ағзаға қауіпсіз мөлшерін пайдалана және жинақтай алатын мүше болып табылады. Баланың  Д дәруменіне деген апталық қажеттілігін өтеу үшін күнде бетін ашып қойып, 30 минут бойы серуендеу немесе оны шешіндіріп (жазғыуақытта) күнастында 10 минут бойы ұстау жеткілікті. Ана сүтінде В12 дәруменінің шоғырланымы өте төмен, бірақ оның биологиялық құндылығы сиыр сүтінде жоқ, ана сүтіндегі тасымалдау факторының болуымен күшейеді. Күйіс қайыратын жануарлардың сүтімен салыстырғанда ана сүтінде никотин, фолий және аскорбин қышқылдарының үлесі әдетте жоғары. Ұзақ уақыт бойы жүктілікке қарсы дәрілер қабылдаған әйелдердің сүтінде В12 дәруменінің тапшылығы байқалуы мүмкін. Омырау еметін нәрестелерде дәрумен жетіспеушілігін болдырмаудың жалғыз жолы - анасының жақсырақ тамақтануы болып табылады . Ана сүтіндегі минералды заттектердің үлесі, мысалы, фосфор, кальций, темір, магний, мырыш, калий және фторлы қосылыстар, кез-келген сүт алмастырушыға қарағанда төменірек, ананың тамақтануымен байланысы аз және нәрестелердің заттек алмасуының мұқтаждықтарына және мүмкіндіктеріне барынша сай келеді. Кальций тиімдірек сіңіріледі, себебі, ана сүтінде кальцийдің фосфорға қатынасы 2:1 құрайды. Сиыр сүті фосфорға бай, бұл сол 21 фосфордың бірінші кезекті сіңірілуіне септесіп, қолдан тамақтандырылатын балаларда кальций жетіспеушілігіне себепші болады. Асқазан-ішек жолының жоғары қышқылдығы, мырыш пен мыстың тиісті мөлшері, темірді тасымалдау факторының (лактоферрин) болуы — осының барлығы ана сүтінің құрамындағы темірді 70 пайызға сіңіруге ықпал етеді,салыстырмалы түрде темір сиыр сүтінен 30 пайыз және қоспалардан 10 пайыз сіңіріледі. Қоспадағы темірдің сіңірілуін арттыру үшін оларға көп мөлшерде темір қосады, бұл темір есебінен қоректенетін патогенді ішек бактерияларының көбеюіне жол ашады және мырыш мен мысты сіңіруді төмендете алады. Ана сүтіндегі мырыштың мөлшері бала қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті және мыс пен темірдің жұтылуын бұзбайды. Ана сүтіндегі мырыштың биологиялық құндылығы қоспаларға қосылатын мырышпен салыстырғанда жоғары. Ана сүті мырыш тапшылығымен байланысты энтеропатиялық акродерматит кезінде таптырмас емдік құрал болып табылады. Бұл сырқат қолдан тамақтандырылатын және, әсіресе, соя бұршақтарының негізінде жасалған қоспалармен тамақтандырылатын балаларға тән.  Әйел сүтінде мыс, кобальт пен селен үлесі сиыр сүтіне қарағанда жоғары. Ана сүтіндегі мыстың жоғары биологиялық құндылығы оның молекулярлық салмағы төмен нәруыздармен байланысқа түсетінімен түсіндіріледі. Гипохромды микроцитарлық анемияны және невралгиялық ауытқуларды тудыратын мыс тапшылығы тек қолдан тамақтандырылатын балаларда ғана кездеседі .
Қорытындылай келе
Ана сүті біріншіден тегін, екіншіден ешқандай жылутуды немесе салқындатуды қажет етпейтін тағам. Омырауды еміп жатқан кезде ана мен баланың арасында эмоционалды байланыс құралады. Ана сүті дәрумендер мен минералдарға бай болғандықтан, тек ана сүтімен тамақтанған нәрестелерде, жасанды сүт қоспалар ішкен нәрестелерге қарағанда иммунитеттері жақсы болады, аллергия туындамайды және инфекциялармен ауыруды азайтады. Ас қорыту мен заттек алмасуы  ана сүтімен тамақтанатын нәрестелерде қалыпты жүреді. Ана баласын емізіп жүргенде басқа жүктіліктің алдын алады. Омыраумен емізетін аналардың жатыр мойны обыры мен сүт безінің обырының пайда болуын төмендетеді.

Фариза Жубатова,
Дәрігер, педиатр

18 желтоқсан 2023 ж. 169 0