Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қисық біткен бұтақты түзеу қиын

Қисық біткен бұтақты түзеу қиын

Бағбан біткеннің басты уайымы осы. Сол үшін ерте көктемнен өлермен еңбегін еккен өніміне бағыттайды. Ал бала бағбаны ше? Алдындағы булығып өсіп келе жатқан бүлдіршіннің айналадағы дүниені қабылдауы, мінез қалыптастыруы, өзіндігі бар тұлғаға айналуы осы бағбандарымыздың киелі кәсібіне шын берілген маңдай терімен ғана нәтиже бермек.
Сейсенбі күні Манап Көкенов атындағы Мәдениет сарайында аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте соңғы үш жылда аудан білім-ағарту саласында төмен көрсеткіштердің орын алуы осынау қасиетті қағидаларға сына түскен жоқ па деген көңіл алаңын тудырғанын жасырмаймыз.
«Қазығы әлсіз құрылысты бұзып тастап, қаржы құйып іргетасын қайта тұрғызуға болар. Ал жас қанатты баулуда жіберген қателікті қайта қалпына келтіре аламыз ба?» Залда отырғандарға қарата айтылған аудан басшысының осы сөзі тек ұстаздарды ғана емес, жас өскін тәліміне қатысы бар барлығымыздың алдымызға салмақты сауалды көсе-көлденеңдеді.
«Сапалы білім, саналы тәрбие – қоғам алдындағы маңызды міндет» тақырыбында өткен мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, халық қалаулылары, заң және құүқық саласы басшылары, мектеп директорлары мен ардагер ұстаздар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен ата-аналар қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: «Аудандағы орта білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы» баяндаған аудандық білім бөлімі басшысы міндетін атқарушы Бекжан Есенбаев соңғы үш жылдағы көрсеткіштерге сараптама жасаған талдауын тарқатты. Орын алған кемшіліктер мен оның алдын алуда атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Аудан бойынша 43 мемлекеттік, 8 жеке мектепте барлығы 19978 шәкірт тәлім алады. Білім сапасына негіз болатын пәндік олимпиада, ұлттық тестілеу нәтижелеріне тоқталған бас ұстаз 2020-2021, 2021-2022 оқу жылы, одан әрі 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңдер бойынша жеке-жеке тоқталып, аудан білім көрсеткішін артқа тартқан оқу ордаларын атап өтті. Олардың қатарында 2021 жылы көрсеткіші кенжелеген №51, №56, №163,№209,№247,№125,№192 мектептерді атап, білім сапасы 50 пайыздан артпағанын сынға алды. Келесі жылында 7 мектеп төменгі деңгейде көрініп, орташа білім сапасы 53 пайызды құраған. Олардың қатарында №56,№51,№247, №224, №110, №163, №196 мектептер аталды. Он үш мектепте білім сапасы артқан. Үшінші жылда орташа білім сапасы көрсеткіші 57 пайызды құраған. Төрт мектепте: №56, №247, №163, №89 оқу ордасында білім көрсеткіші төмен. Он үш мектепте көрсеткіш жоғары. Үш жылдағы білім сапасы деңгейін салыстыра келіп, алдыңғы оқу жылдарына қарағанда білім сапасында өсу динамикасы байқалмай, керісінше кері кету факторларының болуы аталмыш мектептерде жұмысты үлгілі үйлестіру іс-қимылының кемдігін дәлелдейтінін айтты. Бірыңғай тестілеу бойынша 2020-2021 жыл бойынша ауданның орташа балы 82,1 пайызды құраған. ҰБт-ға қатысу пайызы төмен он мектеп, орташа балы төмен бес білім ошағын атап өтті. Олар: №162,№167, №168, №224 және №256 мектептер. 2021 жылы шекті балл жинай алмаған 29 оқушы болса,, 2022-2023 оқу жылында шекті балдан өтпеген 63 оқушы болғанын айтты. Өткен оқу жылында ҰБТ қорытындысымен ауданның орташа балы 80 пайызды құраған. Қатысу пайызы төмен 6 мектепті атады, сондай-ақ орта балы төмен бес білім ошағы: №167,180,194,224,53 мектептердің төмен деңгейден табылғанын жеткізді. Шекті балдан өтпеген 36 оқушы бар. Алдағы уақытта дайындықты арттырып, орташа балды 90 пайызға жеткізу керектігін ескертті. Олимпиада көрсеткіштері бойынша аудан мектептері соңғы үш жылда облыстық деңгейде 22 ғана орынды еншілеп отыр. Ал республикалық кезеңде үш жылда бір ғана оқушының аты озған. Ауданда 18 мектептен облыстық олимпмадаға бірде-бір оқушы қатыспаған.
Ғылыми жобаларға келсек, соңғы үш жылда мүлде қатыспаған 8 мектеп бар. Олар:№53,№51, №161, №166, №168, №223, № №224, №245 мектептер. Облыстық кезеңмен жүлделі орындарды иеленіп жүрген 19 ғана мектеп бар. Бұл жалпы мектептердің 44, 8 пайызын ғана құрайды. Осы ретте білім ұяларындағы педаготардың сапалық құрамына мән берілуі керек. Олардың сапалық құрамына тоқталар болсақ, аудан бойынша 2825 педагогтың 2760-ы жоғары білімді, арнаулы орта білімдісі 56, жаңа санаттағы педагог 2115. Шебер педагог - 2, педагог зерттеуші 409, педагог - модератор 624.
Аудан бойынша педагог шеберлердің үлесі төмендігін сынға алды. Педагог шебер №163 және №286 екі ғана мектепте бар. 2023-24 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 6 мектеп директоры «Мектепті тиімді басқару менеджменті», 150 педагог біліктілікті дамыту курстарынан өткен. Екінші жарты жылдықта «Өрлеу» біліктілігін арттыру курсынан 555 педагогты өткізуді жоспарланып отыр екен.
Бекжан Шахизатұлы одан әрі тәрбие саласына тоқталды. Өткен оқу жылында мектепішілік есепке 93 бала алынса, тиыл 68 оқушы есепке алынғанын айтты.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 41 шара ұйымдастырылған, мектеп жанындағы спорт секцияларына 6013, үйірмеге 5355 бала қамтылған.
Аудан бойынша қолайсыз отбасы саны 40, ондағы балалар саны 45, өгей әке, өгей шешемен тұратын 131 бала бар. Мұғалімдер бұл балалардың ахуалын жіті назарда ұстайды. Оқуға ынтасы жоқ, тәртібінде ауытқуы бар балалар отбасыларына тұрақты әлеуметтік-психологиялық көмек беріліп келеді екен.
2017-2023 жылға дейін пәндік кабинеттерді жабдықтау бойынша ауданда 42 мектепке жаңа модификацилық үлгідегі 29 физика, 27 химия, 30 биология кабинеттері алыныпты. Ағымдағы жылы жаңа кабинеттер алу үшін 11 мектепке 15 кабинетке бюджеттік өтінім беріліп отырғанын айтты.
Бүгінгі күні оқу-ағарту министрлігі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы жобасын талқылауда. Баяндамаға мектепке дейінгі білім беру, орта кәсіптік және техникалық білім беру деңгейі арасындағы байланыс негізінде білім сапасын қамтамасыз ету көзделген. Осыған орай аудандық білім бөліті тарапынан «Жол картасы» жобасы дайындалуда екен.
Мектеп дирекциясы, ұстаздар ауыл-ел басшылығы, қоғамдық ұйымдар, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауы керек. Өткен жылдың он екі айында көмелетке толмағандар арасында 2 суицид оқиғасы орын алды. Бұл ретте оқушылар арасында психологиялық жағдайды жан-жақты бақылау, аудан педагогикалық-психологиялық кабинет жұмысының мазмұнын тереңдету талабы сөз болды.
Ауданның бас ұстазы барлық білім беру ұйымдары бойынша 207 бейнебақылау камерасы бар екенін, бірақ олардың жартысынан астамы істен шыққан, сондықтан жаппай жаңарту жұмыс басталғанын айтты. Жыл соңына дейін он мектепке 320 бейнебақылау камерасы қойылатын болады.
Аудан прокуроры Дабыл Аянұлы өзінің сауалында тәртіпсіздік жасаған балалардың мектепішілік есебін жете зерттеуді, сондай-ақ тамыз айында прокуратура органдары жасаған тексерісте №169, №195, №209, №160 мектеп қақпаларының стандартқа сәйкес еместігі анықталғаны, осы кемшілікті қалпына келтіруді ескертті.
Аудан мектептерінде білім сапасының көңіл көншітпейтініне не себеп? Ылғи да ылдидан шыға алмай білім көрсеткіші жөнінен көштің соңында келе жатқан білім ұялары басшыларына қандай шара қолданылды? Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының осындай нақты сауалына қанағаттанарлықтай жауап болатын қаталдау қадам қажет-ақ, онсыз тұтасқан сеңді бұзу қиын, талапты сезіну жағы да төмен секілді. Міне, сондықтан да жауапкершілікті сезінбейтін жайбарақат басшыларды орнынан босатуға дейін қатаң шараларды қолға алмайынша "Баяғы жартас-бір жартас" күйінде қалар ахуалға серпін керек екенін болашақ тәрбиесіне жаны ашитын кез келген тұлға қуаттаса керек.
Екінші мәселе: Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс және құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Нұрлан Ибраев хаабарлама жасады.
Жаңақорған аудандық полиция бөлімінде 2023 жылдың 12 айында 28 құқықбұзушылық дерегі анықталды, - деді ол. Аудандық полиция бөлімі және ювеналды полиция тобы аудандағы білім беру ұйымдарымен бірлесе жоспар түзіп, жұмыс жүргізуде.
Кент орталығындағы 9 мектепке ювеналды полиция тобының қызметкері,, елді мекендердегі мектептерде учаскелік полиция қызметкерлері бекітілген. Инспекторлар жүйелі жұмыс жасап, бұзақылық, лудомания, нашақорлық, алаяқтық, басқа да балалар арасында кездесуі мүмкін теріс қылықтың алдын алуда дәрістер оқып, балалар қауіпсіздігіне ата-агаоар жауаптылығын арттырып, ұстаздармен бірге қимыл біріктіріп отыр, - деді ол.
Өткен жылы әртүрлі құқықбұзушылықтар бойынша 243 баланың ата-анасына ескертілген. 5 кәсіпкерге тиісті шара көрілген. Түн мезгілінде бейсауат жүрген 20 баланың ата-анасына айыппұл салынған.
Жасөспірімдерді жаза басып жаңылыс оқиғаларға ұрындыратын қауіп-қатерден қорғауда «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Мектеп» «Маргинал», « Мен және менің полицейім» "Абайлаңыз, балалар" сынды акциялар, рейдтер жүйелі жүруде.
Аудан орталығындағы №51 және №125 мектеп оқушылары арасында төбелес орын алып, дене жарақатын алған баланың ауруханаға түскені, осыған байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы бойынша іс қозғалғанын айтты. 2024 жылы 16-30 жас арасындағы маргинал жастар арасында жанжал алдын алу арқылы тарқатылғанын айтты. Бірақ мұндай үнемі аңдысу, арада араша жүру арқылы тыныштық сақтау тығырықтан шығар жол емес, әркімге өз ары таразы, жалпыға ортақ тәртіп пен міндеттілік қағидаларын қалыптастыру тұрғысында қоғам болып атсалысу қажеттігінескертті.
Жиында "Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі"туралы "Ұрпақтан-ұрпаққа" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әзия Қыстаубаева ой'пікірлерін ортаға салды. Ағарту саласының ардагері Серік Мұсабаев, зейнеткер-қаламгер Ерубай Қалдыбек көкейлерінде жүрген сұрақтарына көп алдында жауап алды.
Аудан білім саласында орын алған басты кемшіліктер-тәртіп пен талаптың қожырауы, тіпті қаржылық заңсыз әрекеттердің орын алуы білім ошағының жалпы аурасына кері әсер етіп, педагогтардың арасында да салғырттықты туындатуы аталмыш сала бағытын түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Бұлорайда аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған "Адал адам"мәдени-тәрбиелік орталықтың тұжырымдамасы болашақ тәрбиесіне мықты тіреу бола алатынын айтқымыз келеді.

Баян Үсейінова
15 ақпан 2024 ж. 208 0