№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұрат Ергешбаев: Бюджет қаржысы тиімді игерілуі тиіс

Мұрат Ергешбаев: Бюджет қаржысы тиімді игерілуі тиіс


Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.
«ZOOM» бағдарламасы арқылы ұйымдастырылған жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшісі, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және бейнебайланыс арқылы ауыл әкімдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды.Аудан әкімі жылдың үшінші тоқсаны басталғанын айтып, бюджет қаржыларының тиімді әрі уақытылы игерілуі аса маңызды екенін атап өтті. Игерілмеген қаржылардың қалай, неден қалыптасқанын таразылап, атқарылған жұмыстардың кемшін тұстарын тізбектеді. Бюджет қаржыларының тиімді игерілмеуі аудандық қаржы бөлімі мен бюджет әкімшілерінің кінәсі екеніне назар аударып, жоспарлы жұмыстарды тез арада ретке келтіруді тапсырды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе аудан бюджетінің атқарылуы туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Есмағанбетова баяндама жасады.
«Бүгінгі күнге аудан бюджеті 7715,8 млн теңгеге немесе 102,6 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде ауданның өз кірістері 2284,0 млн теңгеге немесе 107,7 пайызға орындалып, 163,0 млн теңге артық түскен. Республикалық және облыстық бюджеттерден 5053,9 млн теңге трансферттер алынды. Ал шығындар жоспары 2021 жылдың 1 тамызына 6149,6 млн теңгеге немесе 96,8 пайызға орындалып отыр. Бюджет қаражатының игерілмеген қалдығы 202,3 млн теңгені құрады», – деген бөлім басшысы 2021 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері 1494,0 млн теңге көлемінде түзетілгенін атап өтті.Бұл мәселе бойынша аудан әкімі М.Ергешбаев бюджет қаржысы уақытылы әрі заң аясында сапалы игерілу қажеттігін ескертіп, нақты тапсырмалар жүктеді.Күн тәртібіндегі екінші мәселе вакцинациялау жұмыстарының жүргізілу барысына арналды. Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев қауіпті індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
«Аудан бойынша карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 16 мониторинг топ жұмыс істеуде. Жыл басынан бері 47 жеке және заңды тұлғаға айыппұл салынды. Аудан бойынша екпе қабылдауы тиіс 18029 тұрғынның бүгінде 13380-і екпе қабылдады. Биыл 383 науқас қауіпті індетке шалдыққандар есебінде тіркеліп тұр. Бұл былтырғы жылғыдан жоғары. Екпе қабылдаудың тиімділігі жергілікті газетте, ресми парақшаларда тұрақты түрде жүргізілуде», – деді аудан әкімінің орынбасары.Екпенің екі кезеңін қабылдау арқылы ғана індетті жеңуге болатынын айтқан аудан әкімі мониторинг топтардың жұмысын күшейтуді, екпенің пайдасын білікті дәрігерлермен бірлесе түсіндіруді міндеттеді. Бұл жұмыстарға көпті көрген, өмірден түйгені мол ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелерін тартуды тапсырды.
Мәжілісте қаралған үшінші мәселе аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиналыстардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөнінде өрбіп, аппарат басшысы Т.Ерманов хабарлама жасады.
«Жыл басынан бері аудан әкімінің төрағалығымен 18 мәжіліс өтіп, 211 тапсырма берілген. Бүгінгі күнге тапсырмалардың 130-ы мерзімінде орындалып, бақылаудан алынса, 81 тапсырма бойынша жұмыс жасалуда. Тапсырмалардың орындалуы бойынша жауап хаттарды кешіктірумен қатар, сапасыз орындау мәселесі қайталануда. Кейбір жауапты дербес бөлім басшылары мен әкімдер «Электронды құжат айналымы» бағдарламасына «ұйымдастырылуда», «жұмыс жасалуда» деген жалпылама жауаптар жолдаумен шектеледі», – деген аппарат басшысы хаттамалық тапсырмалар бойынша мерзім бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың орындаушылық тәртібін қарауды ұсынды.Осылайша, күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, талқыланғаннан кейін аудан әкімі дербес бөлім басшылары мен кент және ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
09 тамыз 2021 ж. 444 0