№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табысқа жетуге мүмкіндік мол

Табысқа жетуге мүмкіндік мол


Бір айлықтан келесі айлыққа әзер жетіп жүргеннен жеке кәсіп ашып, өзің жұмыс істегенге не жетсін! Соңғы кезде елімізде кәсіп жүргізуге қызығушылық танытатындардың қатары көбейіп келеді. Айлығы шайлығынан артылмай жүргендер, қанатын кеңге жаюда. Кәсіпті бастау үшін алдымен адамның сол кәсіпке деген ынтасы болу керек. Әйтсе де, көпшілігінің кәсіп жүргізуге ынтасы болғанымен біліктіліктері мен қаржының жесітпеушілігі кедергі келтіріп жатады. Жә, енді бұндай мәселелерге бас қатырудың қажеті шамалы. Өйткені кәсіпкерлікті дамытуға қатысты елімізде түрлі-түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. Осы орайда, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбековпен тілдесіп, тұшымды пікірімен бөлістік.


– Кәсіпкерлікті бастау үшін ең алдымен адамның ынтасы зор, кәсіпке деген қызығушылығы мен түрлі тәуекелдерге дайын болуы керек. Қай салада кәсіп ашасыз, қаржының көлемі соған байланысты. Бізде шағын орта бизнеске аса қатты көңіл бөлініп отыр. Жаңақорған ауданында кәсіпкерліктің деңгейі өте жоғары. Кәсіп ашамын, жұмыс жасаймын деген адамға мүмкіндік өте көп. Несие аламын деп келген адамдар несиесін алып, грантқа ұсынылғандары грант иегері атанып, барлығы да кәсіптерін ашып жатыр. Мәселен, 2021 жылы 509 адам кәсіпкерлікті меңгерді, қолдарына сертификаттарын алды. Қазіргі уақытта «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бағдарлама бар. Биылғы жылы да осы бағдарламаның аясында жұмыс жасауымыз мүмкін. Бірақ, әлі нақты шешім қабылданбады. Соның ішінде «Бастау бизнес» бағдарламасын оқып, қысқа мерзімді оқу курсынан өткендігі туралы сертификат беріледі. Яғни, осы сертификат арқылы түрлі гранттар мен жеңілдетілген пайызбен несиеге қол жеткізуге болады. Одан бөлек, «Жол картасы 20-25» бағдарламасы аясында берілетін несиелер бар.
– Қарапайым халыққа түсінікті болсын. Айталық, кәсіп ашқысы келген адам әуелі неден бастау керек?
– Азамат ең әуелі аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш тастау қажет. Сосын өтініші, жеке басын куәландыратын құжаты, салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, мекен-жай анықтамасы, бизнес жоспары мен оқу курсынан өткендігі жөнінде сертификаты болуы керек. Осылайша, жұмыспен қамту орталығы аталған құжаттарды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына өткізеді. Өз кезегінде палатада құрылған комиссия тексеріп, құжаттарды жұмыспен қамту орталығына кері жібереді. Оң нәтиже көрсетіп қабылданған өтініш иелеріне қаржы олардың дербес шотына аударылады. Ары қарай кәсіпкер өзі жұмысын жалғастырып кетеді.
– Сөзіңізге қарасам, бізде «Бастау Бизнес» көпшілікке қолжетімді әрі ең ұтымды жоба секілді. Өзіңіз бұқараға тиімді тұстарын айта кетсеңіз. Бұл жобадан жұртшылық не күтуі тиіс?
– «Бизнес бастау» жобасы «Ең­бек» бағдарламасы шеңберінде жү­зеге асырылып отыр. Ал «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсе­келестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету мақсатында ұйымдастыры­лып отырған бірден бір жоба. Атаулы жоба нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Бөлініп жатқан қаражат – кәсіп бастауға берілетін мүмкіндік. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсіпті дамытуға тырысу керек. Бүгінгі таңда ішетін тамағымыз, киетін киіміміз, сатып алып жатқан әр техникамыздың бәрі - импорт. Біздің ел, біздің мемлекет шикізат көзіне айналып кеткен. Басқа мемлекеттер шикізатты бізден сатып алып, өңдеп өзімізге қайта сатуда. Одан мемлекетіміздің экономикасы өспейді. Біз тек басқа мемлекеттердің табысын арттырып жатырмыз. Сондықтан елі­мізде шикізатты өзіміз өңдемейінше алға жылжымаймыз. «Бастау Бизнес» бағдарламасының аты айтып тұрғандай кәсіпті бастауға арналған жоба. Оқу барысында жақсы жобамен көзге түскен, жобаны сәтті қорғап шыққан қатысушыларға берілетін сертификатпен қатар ары қарай 2-5 миллионға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі беріледі.
– Кәсіп бастаймын деген жан­дарға мемлекеттен тағы басқа қандай қолдау бар?
– Мемлекеттік бағдарламаларды үшке бөлуге болады: қайтарымсыз субсидиялар (шыққан шығындарды азайту мақсатында берілетін қол­дау), қайтарымсыз гранттар (кәсіп бастаушыларға көмек) және жеңіл­детілген несиелер. Субсидия екі бағытта беріледі: несие пайызын азайту мақсатында және көбінде ауыл шаруашылығына берілетін қайтарымсыз субсидиялар. Көп балалы аналарға 4%-бен несие беріліп жатыр. Көп балалы аналар санатына жатпайтындар 6%-бен несие алуға мүмкіндік бар. Бұл кәсіп бастау үшін бүгінгі таңда пайызы ең төмен несие болып табылады. Жалпы кәсіп бастаймын дейтіндерге қаржы көзін табу қиын емес. Бастысы, бизнесті дұрыс жоспарлау және сауатты жүргізу керек.

P.S. Байқағандарыңыздай, мемлекет кәсіп ашам деушілерге осындай ұтым­ды мүмкіндіктер беріп отыр. Ендігі жерде белгілі бір кәсіпке икемді немесе бизнес жоспары бар жастар осындай қолдаудың шарапатын сезініп, жұмыссыздардың санын азайтып, өңір тынысын жандандыруы қажет-ақ.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ

26 қаңтар 2022 ж. 484 0