№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпке қолдау бар, енді қарекетті арттыру маңызды...

Кәсіпке қолдау бар, енді қарекетті арттыру маңызды...

Кәсіпкерлерді қолдаудың тетігі артып келеді. Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков айтып берді.– Асылжан Әбдіманапұлы, биыл бізде қандай бағдарламалар жүзеге асады, осыдан бастасақ.
– «Қарапайым заттар эканомикасы» бағдарламасы аясында өнім өндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – күнделікті қолданатын тауарларға басымдық беріледі. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдер өндірісі және басқа да тауарлар бар. Күнделікті тұтынатын қарапайым заттарды өзімізде өндіру, яғни, отандық өндіріске басымдық беру бүгінгі күннің талабы. Елімізде сапалы әрі арзан шикізаттың мол болуы және энергия қорының, сондай-ақ арзан жұмыс күшінің болуы бағдарламаны дамытуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ішкі нарықты отандық тауарлармен молайта отырып, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру. Бұл бағдарламаны дамытудың мақсаты халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру.
– Бұл бағдарлама кімдерге тиімді? Өзге бағдарламалардан артықшылығы қандай?
– Атаулы бағдарлама орта және шағын безнес кәсіпорандарына немесе кәсібін енді бастағандарға да арналған. Бірақ, бұл бағдарлама өндіріске бағытталған. Ал, бізде өнім өңдеумен айналысу оңай емес. Сол себепті бұл бағдарламаға көбіне кәсібін бір ізге қойған, қаржылық қоры қалыптасқан, қолынан іс келетін, өзіне сенімді адамдар көп қатысады. Бағдарлама аясында халық күнделікті тұтынатын 250-ге жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында тауарлардың кеңейтілген тізімі мен несиелеу үшін қызметтер де анықталған. Қарыз алу үшін шекті мөлшер 8-ден 6 пайызға дейін азайтылған. Негізгі қарыз және 2 жылға дейінгі пайыздық мөлшер бойынша жеңілдік кезеңі де қосылған. Осы орайда айта кетейін, «Қарапайым заттар экономикасының» басқа жобалардан артықшылығы – біріншіден, кәсіпкер қандай сомада несие алам десе де шектеу жоқ. Екіншіден, несиенің 50 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры субсидиялап, 5 млрд теңгеге дейін несиеге кепіл болады.
– Ал, кәсібін енді бастаушылар қай бағдарламаға қатысқаны жөн?
– Кәсіпті жаңадан бастаушыларға «Еңбек» бағдарламасы, «Бизнесті жол картасы» бағдарламасы тиімді. Өйткені, шарттары оңтайлы, көп құжатты талап етпейді. Нақтылай кетсем, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар да үміткер бола алады. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған, инновациялық бизнес-идеясы бар кәсіпкерлерге дұрыс. Қай бағдарлама болмасын, бірінші «Бастау-Бизнес» жобасында кәсіпкерлік курсынан өту керек. Содан кейін ғана бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады.
– Биыл кәсіпті игеруде қандай өзгерістер немесе жаңалықтар бар?
– Жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз қаражаты есебінен және оның басқаруындағы қаражаттар есебінен 600 млрд тңге бөлді. Оның ішінде 400 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерді ынталандыруға, 100 млрд теңге –
агроөнеркәсіптік кешенде қайта өңдеуге, тағы 100 млрд теңгесі –
агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске бағытталады.
Міне, биылғы бағдарламалар шеңберін осылай шегендедік. Демек, қай бағдарлама болса да тиімді тұсы бизнестің алға жылжуына көбірек мүмкіншілік беруінде. Кәсіпке қолдау бар, тек сізден қарекет керек.

Әсел РЗАЕВА
10 ақпан 2021 ж. 705 0