№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Грант алып, бизнесіңді дамыт

Грант алып, бизнесіңді дамыт

Айлығың шайлығыңнан артылмай қажып жүргеннен жеке кәсіп ашып, қадамыңды қарысты, қанатыңды кеңге жайғанға не жетсін. Осы тұста кәсіпкерлікті дамытуға қатысты елімізде қабылданған бағдарламалар жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылжан Жолдасбековпен тілдесіп, тұшымды пікірін білген едік.
– «Кәсіпкерлікті бастау үшін ең алдымен адамның ынтасы болуы керек. Жаңақорған ауданында кәсіпкерліктің деңгейі өте жоғары. Кәсіп ашамын, жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндік өте көп. 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқыту қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі. Жоба шеңберінде оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді. Коронавирус ауруының қаупін азайту мақсатында оқыту «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.
Бізге несие аламын деп келген адамдар несиесін алып,  грантқа ұсынылғандары грант иегері атанып, барлығы да кәсіптерін ашып жатыр.  Қазіргі уақытта  «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бағдарлама бар. Соның ішінде «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында оқып, қысқа мерзімді оқу курсынан өткендігі туралы сертификат беріледі. Яғни, осы сертификат арқылы түрлі гранттар мен жеңілдетілген пайызбен несиеге қол жеткізуге болады. Одан  бөлек, «Жол картасы 20 25» бағдарламасы аясында берілетін несиелер бар.
– Қарапайым халыққа түсінікті болсын. Айталық, кәсіп ашқысы келген адам әуелі неден бастау керек?
– Азамат ең әуелі аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш тастау қажет. Сосын өтініші, жеке басын куәландыратын құжаты, салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, мекен-жай анықтамасы, бизнес жоспары мен оқу курсынан өткендігі жөнінде сертификаты болуы керек. Осылайша, жұмыспен қамту орталығы аталған құжаттарды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына өткізеді. Өз кезегінде палатада құрылған комиссия тексеріп, құжаттарды жұмыспен қамту орталығына кері жібереді. Оң нәтиже көрсетіп қабылданған өтініш иелеріне қаржы олардың дербес шотына аударылады. Ары қарай кәсіпкер өзі жұмысын жалғастырып кетеді.
– Меніңше, біздің аудан тұрғындары көбіне мал шаруашы­лығына басымдық беріп, грантты да осы негізде алып жатады. Жалпы, бізде кәсіптің қай түрімен айналысқан тиімді?
–   Өте орынды сұрақ. Бізде өндәрәс орындары аз болғандықтан, өндіріспен айналысқан дұрыс. Мәселен, жем шығаратын цех, көкөніс орындарын сақтайтын қоймалар, көкініс өсіріп, халыққа ұсынса және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашса тиімді болар еді. Сонымен қатар, жүн, тері өңдейтін өндіріс орындары бізге керек-ақ. Бұл көпшіліктің сұранысын қанағаттандыра отырып, жұмыссыздықты азайтуға сеп болар еді.
– Сөзіңізге қарасам, бізде «Бастау Бизнес» көпшілікке қолжетімді әрі ең ұтымды жоба секілді. Өзіңіз бұқараға тиімді тұстарын айта кетсеңіз. Бұл жобадан жұртшылық не күтуі тиіс?
– Кәсіпті жаңадан бастаушыларға «Еңбек» бағдарламасы, «Бизнесті жол картасы бағдарламалары тиімді деп айтар едім. Өйткені, шарттары оңтайлы, қарапайым халыққа өте тиімді, көп құжатты талап етпейді.  «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсе­келестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету мақсатында ұйымдастырылып отырған бірден бір жоба. Атаулы жоба нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Бөлініп жатқан қаражат – кәсіп бастауға берілетін мүмкіндік. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсіпті дамытуға тырысу керек.  Бүгінгі таңда біздің ішетін тамақтарымыз, киетін киіміміз, сатып алып жатқан әр техникамыздың бәрі - импорт. Біздің ел, біздің мемлекет шикізат көзіне айналып кеткен. Басқа мемлекеттер шикізатты бізден сатып алып, өңдеп өзімізге қайта сатуда. Одан мемлекетіміздің экономикасы өспейді. Біз тек басқа мемлекеттердің табысын арттырып жатырмыз. Сондықтан елдімізде шикізатты өзіміз өңдемейінше алға жылжымаймыз. «Бастау Бизнес» бағдарламасының аты айтып тұрғандай кәсіпті бастауға арналған жоба. Биыл 500 адамды оқыту жоспарланып жатыр. Облыс бойынша ең көп адам бізде болып тұр. Еліміздегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты оқу онлайн форматта өтеді.  Оқу барысында жақсы жобамен көзге түскен, жобаны сәтті қорғап шыққан қатысушыларға берілетін сертификатпен қатар ары қарай 2-5 миллионға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы  – 2025» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған, инновациялық бизнес-идеясы бар кәсіпкерлерге дұрыс. Қай бағдарлама болмасын, бірінші «Бастау-Бизнес» жобасында кәсіпкерлік курсынан өту керек. Содан кейін ғана бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады. 
– Асылжан айтыңызшы, бізде қандай бағдарламалар жүзеге асып жатыр?
– Бүгінгі таңда Қазақстанда «Қара­пайым заттар эканомикасы» сала­ларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдер өндірісі және басқа да тауарлар бар. Күнделікті тұтынатын қарапайым заттарды өзімізде өндіру, яғни отандық өндірістің өзегі ету – барынша маңызды. Елімізде сапалы әрі арзан шикізаттың мол болуы және энергия қорының, сондай-ақ арзан жұмыс күшінің болуы бағдарламаны дамытуға мүмкіндік береді. Тұрмысқа қажетті ұсақ-түйектен бастап киім, азық-түлік түрлері өзімізде өндірілсе, бұл – ел экономикасына үлкен демеу, табысы мен пайдасы ішкі нарықты нығайтуға бағытталатын сала. Бұл ішкі  нарықты отандық тауарлармен молайта отырып, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру. Бұл бағдарламаны дамытудың мақсаты халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті  өндіріс орындарын құру. Өндіріс орындары көптеп ашылса, әлбетте бізде жұмыссыздық деңгейі  едәуір азайатыны сөзсіз.
Жалпы, қандай бағдарлама болсын негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру. Мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше міндет жүктеліп отыр. Яғни, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамту. Сондықтан, қазіргі таңда азаматтарға «уақытысында оқып, диплом ала алмадым, жұмыс жоқ» деп қайғырудың жөні жоқ. Бағдарлама арқылы бүгіннен бастап білім алып, кәсіпке бет бұруға әлі де кеш емес.
– Бұл бағдарлама кімдерге тиімді? Өзге бағдарламалардан артықшылығы қандай?
– Атаулы бағдарлама  орта және шағын безнес кәсіпорандарына немесе кәсібін енді бастағандарға да арналған. Бірақ, бұл бағдарлама өндіріске бағытталған. Ал, бізде өндіріс өңдеумен айналысу оңай емес. Сол себепті бұл бағдарламаға кәсібін бір ізге қойған, қаржылық қоры қалыптасқан, қолынан іс келетін, өзіне сенімді адамдар қатысып жатады.  Бағдарлама аясында халық  күнделікті тұтынатын 250-ге жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған тауарлардың қатарында, костюм, жейде, көйлек, шалбар, шұлық, аяқ киім, кілем, үстел, орындық сынды тауарлар да бар. Бағдарлама аясында тауарлардың кеңейтілген тізімі мен несиелеу үшін қызметтер де анықталған. Қарыз алу үшін шекті мөлшер 8-ден 6 пайызға дейін азайтылған. Негізгі қарыз және 2 жылға дейінгі пайыздық мөлшер бойынша жеңілдік кезеңі де қосылған. Осы орайда айта кетейін, «Қарапайым заттар экономикасының» басқа жобалардан артық-шылығы, біріншіден кәсіпкер қандай сомада несие алам десе де шектеу жоқ. Екіншіден, несиенің 50 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры субсидиялап, 5 млрд теңгеге дейін несиеге кепіл бола алады.
Әңгімеңізге рахмет!
Әсел РЗАЕВА
14 сәуір 2021 ж. 514 0