№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП



Елбасы Жастар жылының ашылу салтанатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» бизнес жобасын айрықша атап өтті. Әрі бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыра отырып, жас кәсіпкер бағдарламасын әзірлеу қажеттігін тапсырды.

Шыны керек, соңғы екі жылда елімізде «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалаларда 43 мың тұрғын оқып шықты. Оқып қана қоймай, бизнес-жобаларын қорғап, қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау тапты. 2018 жылы ауданда кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасына 139, «Бизнес-кеңесші» жобасына 139 адам оқып шықты. Оның ішінде, 30-40 пайызы жастар. Оған қоса, өңірде үш жылдық «Жаппай кәсіпкерлік қолдау жылы» аясында жастар қауымына басымдық беріледі. Бизнестің қыр-сырын үйренуге бағытталған оқыту курстарымен қатар, «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС мен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы жастардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруды үйлестіретін боламыз. Жыл санап жас буынның кәсіпкерлікке деген ынтасы артып, қызығушылығы көбейіп келеді. Сондай-ақ бізде «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ашылған болатын. Яғни, орталықта бизнес ашуға ниетті әрбір адам мамандардың тегін кеңесі мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау қаржыға қалай қол жеткізуге болатындығы жөнінде ақпарат алады. Және де кәсіпкерлерге «бір терезе қағидатымен» рұқсат құжаттарын алуға кеңес беріп, көмек көрсетеді. Міне, осындай мүмкіндіктерді игілікке икемдеу керек.
Осы тұста, айта кетерлігі біз жастарды қолдауға қашанда дайынбыз. Десе де, ауыл жастары мал шаруашылығынан бөлек, тың инновациялық жобаларды ұсынса. Одан бөлек, наубайхана, сән салоны, тігін ательесі сынды кәсіп түрін таңдағанда кішкене аз қаржыға жоспар құрса екен. Себебі, 3-5 млн. теңге несие алып алады да, пайдаға не халыққа жұмыс істерін білмей тоқтап жатады. Сондықтанда жаңадан бизнесін бастаған жандар бірінші кезекте 500 мың немесе 1 млн. теңгенің көлемінде бастап, кейін дамыту мақсатында қайта қаржылай қолдауға жүгінсе. Яғни, алғашқы да аса қажетті құрал-жабдықтарымен кәсібін бастап, дөңгелеп кететініне көз жеткізіп алса. Сосын, кәсіпкер болғысы келетін ынталылар біздің орталыққа өздері келсе екен. Көбіне, ауыл әкімі не жастар ісі жөніндегі мамандар құжаттарын дайындап жүреді. Бұл дұрыс түсінік емес. Егер біз кәсіппен айналысқысы келетін жастың өзін көрсек, қарым-қабілетін, ынтасын сөйлесу арқылы анықтар едік.

Марлен НҰРТАЗАЕВ,
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының
аудандық филиал директоры.

30 қаңтар 2019 ж. 1 732 0