№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Микроқаржы ұйымы: кімге беріледі, шарттары қандай?

Микроқаржы ұйымы: кімге беріледі, шарттары қандай?


Үкімет шағын және орта бизнесті дамытуда түрлі бағдарламалар қабылдап, кәсіпкерлерді қолдау тетігін қарастыруда. Бірақ әлі де болса бизнесті дамытуға бағытталған қаржы ынталы қарапайым адамдарға қолжетімді дей алмаймыз. Содан болар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан микроқаржы ұйымы құрылып, кәсіпкерлік бастамаларды қаржылық қолдау жүзеге асады. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желі арқылы ақжолтай жаңалықты таратты.


Қаржы ұйымы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификатқа ие болған азаматтардың жобасын қаржыландыру мақсатында құрылды. Ресми мәліметке жүгінсек, «2017-2020 жылдары Қызылорда облысында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 8 958 адам оқу курсынан өтті. Оның 3495 түлегі ғана 3,4 млрд теңге көлемінде қаржыға ие. Жобаның 77 пайызы немесе 2685-інің негізгі қаржыландыру көзі – қайтарымсыз грант. Жобаның тек 23 пайызы ғана шағын несие беру тетігі арқылы қаржыландырылған. 2021 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында тағы 2500 адам оқыса, жыл соңына дейін бастаулықтардың саны жобамен 7 мыңнан асады. Осы мәселені оңтайлы шешіп, қаржыландыру ісін жандандыру мақсатында тек қана «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыған азаматтардың жобасын қаржыландыратын арнайы микроқаржы ұйымын құру жөнінде бастама көтерді.
Республика көлемінде бастау­лықтардың жобасын қаржыландыруға 22,5 млрд.теңге бөлінсе, оның 1 млрд.теңгесі біздің облыстың еншісінде. Бұл несие бизнес-жоспарын қорғаған «Бастау-Бизнес» жобасының түлектеріне беріледі. Несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады. Бұл туралы «Aтамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков:
– Кәсіпкерлікті дамыту саласында тәжірибе қалыптасып келеді. Микроқаржы ұйымының өңірде ашылуы кәсіп бастаған тұлғаларға үлкен көмек. Халық тек қайтарымсыз грант алуды көздемей, несиенің мол мүмкіндігін кәдесіне жаратуға ниет танытуда, – деді.
Айта өту керек, микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді. Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қаржы алуға қажетті құжаттар саны да көп емес. Тарқата айтсақ, несиеге өтінім беру үшін белгіленген формадағы несие беруге өтініш және клиенттің сауалнамасы болуы шарт. Оған қоса, жеке кәсіпкерлікті немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, өтінім берушінің жеке куәлігі, несие тарихы, банктер мен салық органдарында берешегі жоқтығы туралы анықтамалар, кепілмен қамтамасыз етуге арналған құжаттар сұралады.
Ескертетіні, ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.

Мақпал ПАТЕНОВА
11 тамыз 2021 ж. 523 0