№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жайылманың тәжірибесі көпке үлгі

Жайылманың тәжірибесі көпке үлгі


Су тапшылығын Сыр бойындағы ауылдар ғана емес, Қаратауды қоныс еткен елді мекендер де сезінуде. Жайылманың диқандары аяқ су тапшылығын болдырмау мақсатында кәріз жүесін қолдануды қолға алған-ды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ауданға сапары барысында тың идеяны көзбен көріп, жобаны қолдау маңызды екенін атады.


Аймақ басшысы ертеректе қолданылған кәріз жүесін қайта жаңғыртып, аяқ су тапшылығын алдын алған жайылмалық диқандардың еңбекқорлығы мен ізденігіштігін жоғары бағалады. Жайылманың егіндік алқабына кірер тұста керізге аялдап, суару әдісімен танысты.
– Шахталық әдіспен суарудың мүмкіншілігі қандай? – деп Гүлшара Наушақызы аудан әкімі Руслан Рүстемұлына назарын аударды.
– Су 15 метр тереңдіктен шығады. Ол арнайы инфрақұрылым арқылы жүзеге асырылды. Бір ғана трансформатордан тәулігіне 200 куб су шығарылады. Бұл алқаптағы 65 гектар егіндікті суаруға жетеді. Осы әдіспен биыл 15 гектар қарбыз, 12 гектар қауын егілді. Келесі жылы жобаны ұлғайту жоспарда бар, – деді.
Кездесуде Қаратау баурайында орна­ласқан Жаманбай батыр, Ақүйік, Қосүйеңкі ауылының аймағындағы сансыз керіздерді іске қосуды көздейтін жүйелі жоба әзірленгені, оны мемлекет тарапынан қолдау қажеттілігі айтылды.
– Осы кәрізге 10 трансформатор мен 20 насос қойылса, осындағы 108 гектарды суаруға мүмкіндік туады. Судың қоры жеткілікті, жобаның тиімділігі табиғи апатқа жол берілмейді. Өзінен алынған су жер астына қайта сіңеді. Осы маңға қарбыз-қауыннан өзге де картоп, пияз, сәбіз және т.б дақылды егуге болады, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Жайылма ауылындағы «Жиделі» шаруа­қожалығының өнімі Ресейге жөнеті­луде. Бұл туралы шаруақожалық иесі Бағдат Мұсатев сөз етті.
– Көктем айлары шаруаға қолайсыз болып, 20 күн кеш егіп, жылдағы уақыттан нарыққа кеш шықты. Соның өзінде жоғары бағада сатылуда. Бұл брендтің қалыптасуына байланысты деп топшылаймын. Шаруаға жылдағыдай өзге елдің азаматтарын емес, өз жерлестерімді алып, келісім арқылы еңбек ақыларын төледім. Байқасам, елдің шаруалары да жердің қасиеті мен егіннің қыр-сырын жақсы меңгерген екен, – деді ол.
Егін алқабын аралап, егіншілердің бейнетін көзбен көріп, хәлін сұраған облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова брендті өнімге қолдау керектігін айтты. Бұйырса, «Табиғатты қорғау» мемлекеттік бағдарлама аясында қажетті құрылғыларды алудың жолын ойластыру керектігін ескертті.
«Жиделі» шаруа қожалығындағы төрт бригадаға бөлінген шаруалар қарбыз-қауыннан бөлек, жоңышқа өсіруде.
Айта кететіні, Жайылма ауылдық округінде қауын-қарбыз алқабының көлемі 550 гектарға жетті. Мұнда «Жиделі», «Мырзатай», «Қансейт», «Шоқназар», «Бектас», «Қаратау», «Диқан баба», «Асқат», «Сенім», «Аршын», «Береке ИО» шаруа қожалығында 100-ден аса диқан еңбектеніп, бренд өнімді нарыққа шығаруда.

Мақпал МАРҚАБАЙ

14 шілде 2021 ж. 254 0