Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ақүйіктегі балабақша құрылысы

Ақүйіктегі балабақша құрылысы

Аймақ басшысының ауданға іс сапары Бірлік ауылдық округінде жалғасты. Мұнда облыс әкімі ауылда салынып жатқан 90 орындық балабақша құрылысымен танысты. Нысан құрылысы 2022 жылы аяқталады. Сондай-ақ, ауылда елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуді көздейтін жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Газ желісінің ұзындығы – 54,7 шақырым, жобаны іске асыру нәтижесінде Бірлік елді мекенінде 440 тұрғын үй, Қыраш елді мекенінде 124 үй және 20 әлеуметтік нысан көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алады.
Сапары аясында облыс әкімі Бірлік елді мекеніндегі ауыл ақсақалдарымен де кездесті. Жүздесу барысында ауылдың бірқатар әлеуметтік мәселелері тілге тиек етілді.
Гүлшара Әбдіқалықова қуаңшылық кезеңінде көрші аудандарға көмек қолын созып, жем-шөп жинауға ниетті жастарды біріктіруде ауыл ақсақалдарының рөлі жоғары екенін атап өтіп, ауыл азаматтарымен пікірлесті.
11 шілде 2021 ж. 641 0