№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарбызымыз экспортқа шықты

Қарбызымыз экспортқа шықты

ҚАРБЫЗЫМЫЗ
ЭКСПОРТҚА ШЫҚТЫ
Сыр брендіне айналған Жаңақорған қарбыздарының алғашқы легі экспортқа жөнелтілді. Көштің басын Ақүйік ауылдық округінің диқандары бастап, жайылмалық шаруалар да қарбыз артуды бастады.
Арғысы Ресей, бергісі Түркістан, тіпті Елорда төріне дейін жол тартатын өнімнің жайы қалай? Биыл сұраныс артты ма? Жалпы дала еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін білу үшін егіс даласына жол тарттық.
Алдымен Бірлік диқандарынан бастайық. Биыл ақүйіктік ағайын 100 гектар алқапты игеруде. Бұл жөнінде ауыл әкімі Әскер Мұсаев:
– 30 гектар қарбыз егілді. Одан бөлек, 15 гектар қауын, 17 гектар асқабақ, 3 гектар картоп, 35 гектар жүгері дәнін тастадық. Биыл өнім жоғары. Қарбыздың әр гектарынан 70 тоннадан өнім беруде. Әзірге Ресей еліне, оның ішінде Краснодар, Қазан қаласына экспортталуда. Камаз иелері көбіне тәжік, түрік ағайындары. Кенттегі нарыққа бір аптаның көлемінде шығаратын боламыз. Айналдырған 3-4 күннің ішінде 10 гектар қарбыз артылды. Ал қауын 3-4 күнде піседі, – деді.
– Биыл агроаймақта қанша шаруашылық еңбек етуде?
– Жалпы 26 тұрғын биыл егін шаруасына дем беруде. Оның ішінде жеке шаруашылықтар мен ауыл тұрғындары да бар. Мақсат – ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларды жұмыспен қамту, маусымдық жұмыс арқылы әлеуметтік әлеуетін арттыру. Қазір қосымша 20 тұрғын қосымша жұмысқа тартылуда.
Ауыл әкімі «Есен ата» шаруа қожалығының төрағасы Нұрғали Оңалбаевқа жөн сілтеді. «Биыл өнім жақсы, 30 теңгеден алып кетуде. Бұйырса аудан орталығына да сатылымға шығарамыз, әзірге көрші елдерден сұраныс өте жоғары. Маусымдық жұмыс болғаннан соң, өнімге барша күтіммен қарадық. Көшеттеп отырғызғандықтан ертелеу жинадық» – деді шаруашылық төрағасы.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды драйвері. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әл-ауқатын көтеруде егіннің алар орны бөлек. Әсіресе, қазіргі карантин жағдайында жергілікті өнімге сұраныс жоғары, өйткені сапасы сын көтереді, бағасы да арзан. 2018 жылы Жаңақорған кенті, Ақүйік, Сүттіқұдық, Төменарық, Қаратөбе және Қандөз ауылдық округінде агро аймақ ашылған болатын. Берілген жерлер қоршалып, аяқ су жеткізілді. Құрылған агро аймақтардан еңбекке ынталылар қарекет жасап, маусымдық жұмыстан өз үлесін алуға еңбектенді. Нәтижесінде, тұрғындар еңбегіне қарай өнімін көрді. Берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланған ақүйіктік ағайынның тындырымды тірлігі осындай.
Ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше, кенттегі қарбыз жақында экспортталады. Ал Сыр өңірінің брендіне айналған Жайылманың қарбызы көліктерге артылуда.
– Биыл 450 гектар егілген қарбыздың 45 гектары көшеттеп отырғызылды, бүгінгі күнге дейін 30 гектары жиналды. Әр гектарынан 300 центнердан, яғни мың тоннаға жуық қарбыз жиналды. Орташа баға – 28-30 теңгеден. Әзірге Қостанай қаласына 700 тоннасы жөнетілсе, қалған 300 тоннасы Ресей еліне аттанды. Биыл қарбыз жылдағыдай жоғары өнім беруде. Сұраныс та жақсы, – деді.
Иә, Жайылма қарбызы елдің түкпір-түкпіріндегі нарықты жаулауға қауқарлы. Тіпті көрші өңірдің диқандары ірі мегаполистерге өз өнімдерін «Жайылманың қарбызы» деп сататынын жиі естиміз. Мұның сыры – ауылдағы ағайынның «бір ауыл – бір кәсіп» қағидатына сүйеніп, қарбыз кластерін дамытуға ниет танытып отырғанынан.
Ауылда еңбекке жарамдының барлығы егін алқабынан табылады. Таңның атысы, күннің батысы қарбызды егуден бастап, арамшөптен тазалау, суару, содан кейін шірітіп алмай жинап, сатқанға дейін тайлы-таяғына дейін дамыл таппайды.
Анығын айтқанда, көктем басталысымен баладан бастап, еңкейген қарияға дейін қарбыз науқанына үлесін қосып, ала-жаздайғы еңбектің сәтті аяқталуына тілекші болады. Шыққан күнмен таласа ауыл сыртындағы алқапқа асығатын елдің жаз бойғы еңбегі де, тіршілігі де осы. Енді бұл қатарға Ақүйік пен жаңақорғандықтар да қосылды. Ең бастысы, жерге еткен еңбек жерде қалмайды.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕ
08 шілде 2020 ж. 615 0