Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 57

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАЙЫЛМА "БРЕНДІ"

ЖАЙЫЛМА "БРЕНДІ"



"Жайылманың қарбызы" яғни Сырдың брендіне айналған бұл бақша өнімі еліміздің түкпір-түкпірі және Ресей тұрғындарына өте танымал. Сәуірдің алғашқы күнінен бастап ауылдағы 211 отбасы еңбектеген баладан бастап қарбыз алқабына бас салады. Ия, "Егінші мәрт, жер жомарт" дәл осы елді мекеннің тұрғындарына теңеу болмақ.


Бүгін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Жайылма ауылында болып, шаруақожалық иелерімен пікірлесті. "Әрбір отбасына тиесілі 2 гектар, барлығы 422 гектар жерден биылда жақсы өнімге қол жеткіземіз. Оның 20 гектарына биыл картоп егілді. Биылғы ауа-райының қолайсыздығы ауылдың шаруа адамдарына онша бір әсерін тигізген жоқ, ең бастысы Қарт Қаратаудан аққан судың көлемі жақсы. Жылдағы белгіленген 4 - 5 шілде күні әдеттегідей алғашқы тасымалдау жұмысы басталады" деп "Береке" шаруақожалығының төрағасы Ибраимов Орынбасар ағамыз көңілді бастады.

Енді үш ай бойы тынбай еңбек еткен ауыл шаруаларының еңбегі бағаланып, жылдағыдай қарбыз бағасы жоғары болса одан басқа армандары жоқ. Нағыз еңбек Жайылмалық ағайындарда.

#Жаңақорған
07 мамыр 2020 ж. 654 0