№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Өңір басшысы жайылмалық ағайынмен кездесті

Өңір басшысы жайылмалық ағайынмен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова мұнан кейін Жайылма ауылдық округіндегі егіс алқабына арнайы барып, еңбеккерлермен кездесті. Ауылдық округке қарасты 13 шаруа қожалығы 550 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырды. Шаруалар биылғы жылы орын алып жатқан су тапшылығын ескер келе, тау беткеінде орналасқан Жайылма ауылдық округінде шахталық керіздерді қазып, жерасты су қорын пайдаланып, егін көлемін ұлғайтуда. Мұнан бөлек, «Жиделі» шаруа қожалығы
2 кәріз арқылы 30 гектар жерге бақша, көкөніс дақылдарын суландыру жұмыстарын іске асыруда.
Қазіргі кезде егіс алқабындағы қауын, қарбыз өнімдері пісіп, сатылымға шығарыла бастады. Өнімдер елдің өзге де облыстарымен қатар, көрші мемлекеттердің нарығына да жібіреледі.
Шаруалардың жұмысын саралаған Гүлшара Әбдіқалықова су ресурстарын тиімді пайдаланып, өсімдік шаруашылықты әртараптандыру және жергілікті тауарөндірушілерді қолдау жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, аяқ су тапшылығынын ескеріп, басты дақыл күріштің егіс көлемін азайтып, ауыл шаруашылықты әртараптандыру мақсатында майлы, азықтық және бау-бақша дақылдарына басымдық беру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін еске салды.

11 шілде 2021 ж. 543 0