Жаңаша мамандануға жақсы мүмкіндік туды немесе озық мамандар өзімізде дайындалады.
«Жастар жылы» аясында Елбасының тікелей қолдауымен елімізде заман талабына сай жаңаша мазмұндағы мамандарды даярлау бағытында «Жас маман» жобасы дүниеге келді. Онда жетекші өндіріске қажетті заманауи кадрлар жасақтау үшін ең алдымен мамандар даярлайтын оқу орындарында материалдық - техникалық базаны жаңарту маңыздылығы басты орынға шықты. Осы мақсатта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесі нақтыланып,еліміз бойынша 180колледж таңдалса оған облыс бойынша 30 өндірістік оқу орны арасынан лайықты есептелген 9 колледждің бірі – осы Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі болуы туған жер халқын да қуантып отыр.
Бұл мүмкіндікке қалай қол жетті? 2019 жылы оқу корпусы мен жатақхана ғимаратын жөндеу жұмысына «Жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 500 млн 303 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға алғаш қазығы қадалған алпыс жылда тұңғыш сүйегінен өңгесі түгел өзгертіліп, сыртқы тоны тозығынан арылып, шатырлары қайта жаңарып,жүзіктің көзінен өткендей жұтынып шыға келген. Газ отынымен де, дизель отынымен де жылытуға бейімделіп, қайта жасақталған 8 ғимараттың бу қазандығы тұтасымен бір орталыққа жүйеленді. 100 балаға лайықталған жатақхана үйі толық жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде 200 орындық асхана ашылды. Пән кабинеттері жаңадан жасақталды. Тігін шеберханасына 27 заманауи тігін машинасы алынды. 500 түрлі нақышты әрекетке қабілетті компьютер тігін технологиясының әлеуеті бәрінен басым, оның қызметі нәтижесінде ұлттық киімге өрнек салудан басқа айналадағы кәсіпорындар мамандарына арнайы эмблемасы тігілген қызмет формаларын дайындауға мүмкіндік туды.сұраныс артып отыр. Осындай ілгерілеудің арқасында бұған дейін оқытылып келген 14 дәстүрлі мамандықтарға жаңадан бес мамандықтың түрі қосылды. Атап айтқанда, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, бағдарламашы, есеп және аудит, жеміс және көкөніс шаруашылығы және маркетинг саласы оқытылмақ.Бұдан бөлек тәуекел еткенге тағы жаңадан жеті-сегіз мамандық түрін қиналмай ендірудің сәті келіп тұр.
Жаңақорған аграрлы-техникалық оқу орнының осы мүмкіндігін сәтті қорғап, «Жас маман» жобасына қол жеткізуін оқу орнына жаңадан келген жас басшы Шауенов Жомарт Абибуллаұлының тынымсызатқарған жігерлі жұмысының нәтижесі деп те баға беруге болады. Бұған дейін аты колледж санатында болғанымен заты мектептің деңгейінен аспаған оқу орнында теориялық білімді практикамен ұштастыруда материалдық-техникалық базаның жұтаңдығы қолбайлау болып, тұтас тозығы жеткен құрал-жабдықтарды түгелімен жаңалаудың қажеттігі қарапайым көзге ұрып тұратын. Жобаны ұтып алған мердігердің құдайына қараған жан болып кездесуіойдағы істің орайын табуына сеп болды. Жобада мүдделіліктен туындаған ішінара оң талаптарда ауызбірліктің болуы игіілікті істің ажар-ахуалын арттырды. Тротуарлар көлемі жобада көрсетілгеннен 1,5 метр артық көлемде құйылды. Барынша сапалы жөндеуден соң үнемделген 55 млн 605 мың теңге қаржы үкіметке кері қайтарылды.
Сыртқы сән-сәулеті ғана емес, ішкі әлеуеті жаңаша сипатта өркендеген оқу - өндірістік ошағына «Жас маман» жобасы бойынша іркіліссіз жеткізіліп жатқан шетелдік су жаңақұрылғылар жаңа оқу жылынан бастап іске қосылғанда мына мамандықтар бойынша талапкерлер жаңаша кәсіби білім алып шығады:
- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану,
- Автокөлікті жөндеу слесары,
- Дәнекерлеу ісі,
- Электр газын дәнекерлеуші.
Колледжге келген жаңа техниканың бастыларына тоқталсақ,олар италиялық құны 18 миллионға жуық тұратын заманауи 3Dтехникасын қолдана отырып, оқытуға арналған интерактивті модуль жүйесі 25 планшетімен қоса құрамда пән кабинетінде сақадай өзір тұр. Құны 11 млн тұратын бұзылған көліктердің ақауын анықтауға арналған екі камералы Италияның компьютер құрылғысы, АҚШ-та жасалған жүк көліктерінің дизельді қозғалтқыштарының құрылысын жөндеу және қызмет көрсетуін реттеу аппараты, бағалары 20 млн және 3 млн тұратын германиялық автоматты пультпен басқарылатын автомобиль макетімен барлық маркалы автомобильдерді диагностикалау мүмкіндігі барқұрылғы, италиялық заманаум жұмыс станогы мен шиномонтаж құрылғысы, бағасы 17 млн тұратын швециялық дәнекерлеу тренажер, контактілі дәнекерлеу аппараты алдағы уақытта бүтін елдің игілігіне жарағалы тұр.
Ол үшін не керек? Ол үшін осы көзіміз көріп тұрса да көңілге таңсық заманауи құралдардың құлағында ойнайтын қабілетті ұландарды оқытып шығаруымыз кнрек. Өмірінде ұстап көрмеген өзгеше техниканы меңгеріп кету тәлімгерге де оңай соқпасы белгілі. Осыны ескерген болу керек, жоба аясында мамандарды даярлау қызметі қоса қамтылыпты. Жоғарыдағы аппараттар келе бастауымен қатар колледж мұғалімдерін, өндіріс шеберлерін жаңа техниканың тілімен таныстырып, оқыту жұмыстары басталып кетті. Бір-екі айда толық меңгерген олар қыркүйек айынан бастап білімгерлерге жаңаша мазмұнда сабақты бастайды.
Өндірістік оқу орны ұжымы жергілікті жерде атымен жоқ заманауи құрал-жабдықтарды шеберханадан тыс тұрғындар игілігінеақылы қызметке бұрып, түскен қаржыны оқу ошағының материалдық базасын жаңартып отыруға бағыттамақ ниеті бар екен. Мәселен, 44 млн теңге тұратын токарь станогы, автоматты дәнекерлеу құралы көп тірлікті алға жылжытары анық.
Заманауи техникалық маман даярлауда кез келген үлкен қаланың өзінде кездесе бермейтін қауқарды қанжылаған білім ошағындаоқитын 600 түлек осындай мамандыққа тәрбиеленеді. Ауданда жыл сайын 1,5 мың тұлек тоғызыншыны бітіріп, келешек кәсібін таңдауға құқылы. 9 сыныпты бітіріп, қолына аттестат алған баласын ертерек аймақтың еңбек нарығына бейімдеп, өмірден өз орнын табуына жәрдемдесуде әр ата-ана осы жаңашылдықтарды ескерсе құба-құп. Нағыз бүгінгі күннің қажетіне жарар озық технологияны меңгергеннің түкірігі жерге түспей, ертеңгі күні де кез келген өндіріс орнында қажетке жарарын, кәсібі бардың нәсіібі бар дегендей, қалада да, далада да келешекте жолы боларын ерте бағамдағанныңбағы ашылар сәті туып тұр. Баламыздың жанын босқа қинап, жоғары оқу орныны сүйрелеп, оны бітіргенмен жұмыс таппай құр сенделіп жүргеннің астарында заманнан кенже қалған түсініктің төмендігі де жатқанын мойындайтын кез келген сияқты. Өмірде өз кәсібін түбінен меңгеріп, жаны сүйіп атқарғаннан артық ләззат болмаса керек. Оның наны да тәтті
Кеңес кезіндегі кәсіптік техникалық білім беретін училище атанған кезінен өнер және спорттан атағы шығып жүретін аталмыш ұжым дәстүр сабақтастығына сына түсірмей, намыс туын биік ұстап келеді.
Бір әттеген-айы, ауыл шаруашылығына қажетті мамандар даярлайтын оқу орнына үлгірімі төмен оқушы баруы керек деген қатаң түсініктен арылмау бір басқа, оқу орнын жатақхана, шәкіртақы сынды жеңілдіктерді көздеп, көбіне тұрмыс-күйі төмен отбасы балаларыжағалайтыны тағы шындық. Олардың арасында даүздік оқитын балалар бар. Мұндай отбасы балаларын колледж басшылығыжеке демеушілігіне алып көптеген жәрдем-көмектер жасап келе жатқанын да жиі көріп жүрміз
Ендігі міндет – үздік оқитын оқушыларды көптеп тартып, келешек жетекші өндіріс салаларында бесаспап маман тәрбиелеуде қабілетті жастардың келуіне насихат жұмыстарын жүргізу қажет.
Баян Үсейінова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі. «Жастар жылы» аясында Елбасының тікелей қолдауымен елімізде заман талабына сай жаңаша мазмұндағы мамандарды даярлау бағытында «Жас маман» жобасы дүниеге келді. Онда жетекші өндіріске қажетті заманауи кадрлар жасақтау үшін ең алдымен мамандар даярлайтын оқу орындарында материалдық - техникалық базаны жаңарту маңыздылығы басты орынға шықты. Осы мақсатта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесі нақтыланып,еліміз бойынша 180колледж таңдалса оған облыс бойынша 30 өндірістік оқу орны арасынан лайықты есептелген 9 колледждің бірі – осы Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі болуы туған жер халқын да қуантып отыр.
Бұл мүмкіндікке қалай қол жетті? 2019 жылы оқу корпусы мен жатақхана ғимаратын жөндеу жұмысына «Жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 500 млн 303 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға алғаш қазығы қадалған алпыс жылда тұңғыш сүйегінен өңгесі түгел өзгертіліп, сыртқы тоны тозығынан арылып, шатырлары қайта жаңарып,жүзіктің көзінен өткендей жұтынып шыға келген. Газ отынымен де, дизель отынымен де жылытуға бейімделіп, қайта жасақталған 8 ғимараттың бу қазандығы тұтасымен бір орталыққа жүйеленді. 100 балаға лайықталған жатақхана үйі толық жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде 200 орындық асхана ашылды. Пән кабинеттері жаңадан жасақталды. Тігін шеберханасына 27 заманауи тігін машинасы алынды. 500 түрлі нақышты әрекетке қабілетті компьютер тігін технологиясының әлеуеті бәрінен басым, оның қызметі нәтижесінде ұлттық киімге өрнек салудан басқа айналадағы кәсіпорындар мамандарына арнайы эмблемасы тігілген қызмет формаларын дайындауға мүмкіндік туды.сұраныс артып отыр. Осындай ілгерілеудің арқасында бұған дейін оқытылып келген 14 дәстүрлі мамандықтарға жаңадан бес мамандықтың түрі қосылды. Атап айтқанда, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, бағдарламашы, есеп және аудит, жеміс және көкөніс шаруашылығы және маркетинг саласы оқытылмақ.Бұдан бөлек тәуекел еткенге тағы жаңадан жеті-сегіз мамандық түрін қиналмай ендірудің сәті келіп тұр.
Жаңақорған аграрлы-техникалық оқу орнының осы мүмкіндігін сәтті қорғап, «Жас маман» жобасына қол жеткізуін оқу орнына жаңадан келген жас басшы Шауенов Жомарт Абибуллаұлының тынымсызатқарған жігерлі жұмысының нәтижесі деп те баға беруге болады. Бұған дейін аты колледж санатында болғанымен заты мектептің деңгейінен аспаған оқу орнында теориялық білімді практикамен ұштастыруда материалдық-техникалық базаның жұтаңдығы қолбайлау болып, тұтас тозығы жеткен құрал-жабдықтарды түгелімен жаңалаудың қажеттігі қарапайым көзге ұрып тұратын. Жобаны ұтып алған мердігердің құдайына қараған жан болып кездесуіойдағы істің орайын табуына сеп болды. Жобада мүдделіліктен туындаған ішінара оң талаптарда ауызбірліктің болуы игіілікті істің ажар-ахуалын арттырды. Тротуарлар көлемі жобада көрсетілгеннен 1,5 метр артық көлемде құйылды. Барынша сапалы жөндеуден соң үнемделген 55 млн 605 мың теңге қаржы үкіметке кері қайтарылды.
Сыртқы сән-сәулеті ғана емес, ішкі әлеуеті жаңаша сипатта өркендеген оқу - өндірістік ошағына «Жас маман» жобасы бойынша іркіліссіз жеткізіліп жатқан шетелдік су жаңақұрылғылар жаңа оқу жылынан бастап іске қосылғанда мына мамандықтар бойынша талапкерлер жаңаша кәсіби білім алып шығады:
- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану,
- Автокөлікті жөндеу слесары,
- Дәнекерлеу ісі,
- Электр газын дәнекерлеуші.
Колледжге келген жаңа техниканың бастыларына тоқталсақ,олар италиялық құны 18 миллионға жуық тұратын заманауи 3Dтехникасын қолдана отырып, оқытуға арналған интерактивті модуль жүйесі 25 планшетімен қоса құрамда пән кабинетінде сақадай өзір тұр. Құны 11 млн тұратын бұзылған көліктердің ақауын анықтауға арналған екі камералы Италияның компьютер құрылғысы, АҚШ-та жасалған жүк көліктерінің дизельді қозғалтқыштарының құрылысын жөндеу және қызмет көрсетуін реттеу аппараты, бағалары 20 млн және 3 млн тұратын германиялық автоматты пультпен басқарылатын автомобиль макетімен барлық маркалы автомобильдерді диагностикалау мүмкіндігі барқұрылғы, италиялық заманаум жұмыс станогы мен шиномонтаж құрылғысы, бағасы 17 млн тұратын швециялық дәнекерлеу тренажер, контактілі дәнекерлеу аппараты алдағы уақытта бүтін елдің игілігіне жарағалы тұр.
Ол үшін не керек? Ол үшін осы көзіміз көріп тұрса да көңілге таңсық заманауи құралдардың құлағында ойнайтын қабілетті ұландарды оқытып шығаруымыз кнрек. Өмірінде ұстап көрмеген өзгеше техниканы меңгеріп кету тәлімгерге де оңай соқпасы белгілі. Осыны ескерген болу керек, жоба аясында мамандарды даярлау қызметі қоса қамтылыпты. Жоғарыдағы аппараттар келе бастауымен қатар колледж мұғалімдерін, өндіріс шеберлерін жаңа техниканың тілімен таныстырып, оқыту жұмыстары басталып кетті. Бір-екі айда толық меңгерген олар қыркүйек айынан бастап білімгерлерге жаңаша мазмұнда сабақты бастайды.
Өндірістік оқу орны ұжымы жергілікті жерде атымен жоқ заманауи құрал-жабдықтарды шеберханадан тыс тұрғындар игілігінеақылы қызметке бұрып, түскен қаржыны оқу ошағының материалдық базасын жаңартып отыруға бағыттамақ ниеті бар екен. Мәселен, 44 млн теңге тұратын токарь станогы, автоматты дәнекерлеу құралы көп тірлікті алға жылжытары анық.
Заманауи техникалық маман даярлауда кез келген үлкен қаланың өзінде кездесе бермейтін қауқарды қанжылаған білім ошағындаоқитын 600 түлек осындай мамандыққа тәрбиеленеді. Ауданда жыл сайын 1,5 мың тұлек тоғызыншыны бітіріп, келешек кәсібін таңдауға құқылы. 9 сыныпты бітіріп, қолына аттестат алған баласын ертерек аймақтың еңбек нарығына бейімдеп, өмірден өз орнын табуына жәрдемдесуде әр ата-ана осы жаңашылдықтарды ескерсе құба-құп. Нағыз бүгінгі күннің қажетіне жарар озық технологияны меңгергеннің түкірігі жерге түспей, ертеңгі күні де кез келген өндіріс орнында қажетке жарарын, кәсібі бардың нәсіібі бар дегендей, қалада да, далада да келешекте жолы боларын ерте бағамдағанныңбағы ашылар сәті туып тұр. Баламыздың жанын босқа қинап, жоғары оқу орныны сүйрелеп, оны бітіргенмен жұмыс таппай құр сенделіп жүргеннің астарында заманнан кенже қалған түсініктің төмендігі де жатқанын мойындайтын кез келген сияқты. Өмірде өз кәсібін түбінен меңгеріп, жаны сүйіп атқарғаннан артық ләззат болмаса керек. Оның наны да тәтті
Кеңес кезіндегі кәсіптік техникалық білім беретін училище атанған кезінен өнер және спорттан атағы шығып жүретін аталмыш ұжым дәстүр сабақтастығына сына түсірмей, намыс туын биік ұстап келеді.
Бір әттеген-айы, ауыл шаруашылығына қажетті мамандар даярлайтын оқу орнына үлгірімі төмен оқушы баруы керек деген қатаң түсініктен арылмау бір басқа, оқу орнын жатақхана, шәкіртақы сынды жеңілдіктерді көздеп, көбіне тұрмыс-күйі төмен отбасы балаларыжағалайтыны тағы шындық. Олардың арасында даүздік оқитын балалар бар. Мұндай отбасы балаларын колледж басшылығыжеке демеушілігіне алып көптеген жәрдем-көмектер жасап келе жатқанын да жиі көріп жүрміз
Ендігі міндет – үздік оқитын оқушыларды көптеп тартып, келешек жетекші өндіріс салаларында бесаспап маман тәрбиелеуде қабілетті жастардың келуіне насихат жұмыстарын жүргізу қажет.
Баян Үсейінова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.