№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Колледжге жаңа заманауи құрылғы келді

Колледжге жаңа заманауи құрылғы келді

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту-заман талабыҚұрметті әлеуметтік желі қолданушылары, оқырмандар!Баршаңызға белгілі, осыдан 20-30 жыл бұрын екінің бірі тракторист, дәнекерлеуші, диқаншы, наубайханашы яғни кәсіпті меңгерген мамандар көп болды. Яғни, керісінше цифрландыру және ақпараттық техникалық құралдармен жұмыс жасай білетін мамандар өндіріске жетпей жататын.Ал, қазіргі заман талабы мүлдем басқаша. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан экономикасы едәуір алға жылжыды.Заман талабына сәйкес түрлі мамандық иегерлерін, білікті мамандарды кез-келген жерден табуға болады.

Қарапайым кәсіпті меңгерген кәсіптің иелері азайып кетті. Мұның негізгі себебі, ата-ананың талабы өз перзентін талапқа сай етіп «Заңгер, мұғалім, дәрігер болуға үгіттейді.
Аталмыш мамандықтарға кадрлардың тым көптігінен жұмыссыздық мәселесі туындауда.Енді нарық сұранысына тоқталсақ, тау-кен, мұнай, газ, электроника, техника, заманауи гаджеттерді меңгерген нағыз іскер мамандар бойынша бос жұмыс орындарын табу оңайға соғады.Тек кәсіби, өз ісін жетік меңгерген мамандар қажет. Сондықтан, әрбір ата-ана мамандық таңдарда баласын «Заман сұранысына сай, ертеңгі күні сол нәпақасын тауып жей алатын мамандықтарға» үгіттегені абзал. Әрине, мұндай іскерлікке баулитын мамандықтарды кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан дәріс ала алады.Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде де жұмыссыздық мәселесіне сай, ертеңгі күні жастардың жұмысқа тұруына оңай болуы үшін біршама өзгерістер енгізілуде. Білім беру процесінің жаңа технологияға бейімделуінен бөлек, «Жас Маман» жобасы бойынша 2021 жылы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу-техникалық база, заман талабына сәйкес қажетті құрал-жабдықтар түбегейлі жаңартылу жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша заман талабына сәйкес оқу-техникалық база құрал жабдықтармен толығымен жабдықталды. Ал, «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар алдағы уақытта жеткізіліп, оқу техникалық база толығымен жабдықталатын болады.Студенттерді нағыз іскер етіп шыңдау үшін практикаға баса мән беріліп, қажеттіліктер толықтырылуда. Алдағы уақытта «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында колледжіміздің білім алушылары жүлделі орын алады деген сеніміміз мол.Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауларында «Кәсіпті меңгерген мамандар өндірісте өте тапшы екенін, осы мамандықтар аясында жастарды тереңнен оқыту қажеттілігін, бүгінгі заман талабы – кәсіпті және техниканы меңгерген мамандар болуы тиіс делінген.Белгілі бір напахамен күнелтіп отырған мемлекеттік қызметкердің жалақысынан, тәуелсіз, өз алдына жұмыс жасайтын электр жабдықтарын жөндеу мамандарының табысы жоғары. Бұл – бүгінгі күннің басты шындығы. Токарь, дәнекерлеуші, электрик, мал дәрігері сынды мамандарды іздеп тауып, жұмысымызды ұсынатын күнге жеттік.Сондықтан, өндіріс пен техникаға бейімделген мамандықтар аясында жастарды тәрбиелесек, кәсіп саласы ауданымызда едәуір дамитыны ақиқат.Сөз соңында, барша бітіруші түлектерді, келешек маман иелерін Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен білім алуға, арнайы шәкіртақы алып, студент атануға шақырамыз.Аудан айнасы саналған кәсіптік колледж Сіздерді жан-жақты маманданып шығу үшін әрқашан дәріс беруге дайын!
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж директоры: Жомарт Абибуллаұлы Шауенов




16 маусым 2021 ж. 597 0