№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Колледж ақпараттық технологияны игеруде

Колледж ақпараттық технологияны игеруде


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Яғни Қазақстанның жаңаша жаңғыру жолы – ақпараттық технологиямен қатар ұштаспақ. Бұл үдеріс кәсіби маман даярлайтын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде басты арнаға қойылған.


Рас, кәсіптік білімнің көкжиегін қалауда 60 жылдық тың тәжірибесі бар колледж базасы жаңа заман талабына сай жаңарып келеді. Қоғам көші ілгері жылжыған сайын адамзаттың өмір сүруіне қолайлы, сұранысына тиімді таптырмас ма­ман­дарды қалыптастыру – маңыз­ды қадам. Бұл міндетті абыроймен атқаруда бірқатар оқытушылар шә­­кірт­­терге бағытын көрсетіп, біл­генімен бөлісуде. Ақпарат пен технологияның әлі ашылмаған жұм­бағына құмартқан мен де ең алғашқы еңбек өтілімді кәсіптік колледжден бастап, білім ордасының беделі үшін жұмыс жасаудамын. Басты мақсатым – цифрландырудың бүге-шүгесіне дейін меңгерген, интернеттің игілігін қоғамға жалпы халыққа көрсете білетін болашақ информатиктерді даярлау.
Бұл бағытта колледж база­сына жаңа технологиялар алы­нып, жаңа жүйе аясында жаңа оқу бағ­дар­ламасы енгізілуде. Студент­тердің компьютерге қызығу­шы­лы­ғын арттырып, білікітілігін шыңдау мақсатында облыстық, рес­пу­бли­калық олимпиадалардан шәкірт­теріміз жүлделі орындарды иемденіп, аудан атын асқақтатуда. Яғни, кәсіби колледж – кәсіптік білімді ғана емес, заманауи мамандықтарды меңгерту жолына да еніп келеді. ЭВМ опе­раторы, техник-програмимист білік­тіліктері осының дәлелі болса керек.
Қазақ ойшылдары айтқандай, «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп». Расында, білімі бар адамды жарқын да жарық бола­шақ күтеді. Ал жарқын бола­шақ иесі – бүгінгі жастар. Жас­тардың біліктілігін ақпараттық технологияның көмегінсіз іске асы­ру мүмкін емес. Әлемдегі ең алпауыт елдер цифрландыру жүйе­сінің көмегі арқылы тұтас тіршілікті басқаруда. Сарқылмас байлықтарды игеріп, өз өнімін өзгеге заманауи технологияның көмегімен экспорт­тауда. Жапония, АҚШ, Корея сынды инфрақұрылымдық базасы жоға­ры елдер робототехниканың игілігін өндіріске пайдалануда. Міне, осындай нақты себептердің арқасында олар жер бетінде көш бастап тұрған жайы бар. Ал, қазақ елінің жан-жақты дамуы үшін нарықта билік жүргізуі үшін компьютерді, заманауи гаджеттерді, информациялық бизнесті меңгерген жас мамандар өте тапшы.
Сондықтан, жаңғыру жолы – ақпараттық технологиямен жал­ғаспақ. Нарыққа технологияны жетік меңгерген мамандар келгенде ғана еліміздің өндірісі өркендеп, өркениет көшіне көш бастамақ. Бұл мақсат жолында жұмыла жұмыс жасау сіз бен біздің, оқытушылардың басты борышы болып қала бермек...

Әйгерім ҚЫДЫРБАЙ,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжінің «Арнайы пән» оқытушысы

18 қараша 2020 ж. 582 0