№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАША МАМАНДАНУҒА ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК ТУДЫ немесе озық мамандар өзімізде даярланады

ЖАҢАША МАМАНДАНУҒА ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК ТУДЫ немесе озық мамандар өзімізде даярланады

2020 жылы Елбасының тікелей қолдауымен елімізде заман талабына сай жаңаша мазмұндағы мамандарды даярлау бағытында «Жас маман» жобасы дүниеге келді. Онда жетекші өндіріске қажетті заманауи кадрлар жасақтау үшін ең алдымен мамандар даярлайтын оқу орындарында материалдық - техникалық базаны жаңарту маңыздылығы басты орынға шықты. Осы мақсатта ел қазынасынан 180 млрд теңге қаржы бөлініп, оған облыс бойынша 30 өндірістік оқу орны арасынан лайықты есептелген 8 колледждің бірі – осы Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі жеңімпаз танылып, 320 млн теңгені ұтып алды.

Бұл мүмкіндікке қалай қол жетті? 2019 жылы оқу корпусы мен жатақхана ғимаратын жөндеу жұмысына «Жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 500 млн 303 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға алғаш қазығы қадалған алпыс жылда тұңғыш рет оқу ошағының сүйегінен өңгесі түгел өзгертіліп, сыртқы тоны тозығынан арылып, шатырлары қайта жаңарып,жүзіктің көзінен өткендей жұтынып шыға келген. Газ отынымен де, дизель отынымен де жылытуға бейімделіп, қайта жасақталған 8 ғимараттың бу қазандығы тұтасымен бір орталыққа жүйеленді. 100 балаға лайықталған жатақхана үйі толық жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде 200 орындық асхана ашылды. Пән кабинеттері жаңадан жасақталды. Тігін шеберханасына 27 заманауи тігін машинасы алынды. 500 түрлі нақышты әрекетке қабілетті компьютер тігін технологиясының әлеуеті бәрінен басым, оның қызметі нәтижесінде ұлттық киімге өрнек салудан басқа айналадағы кәсіпорындар мамандарына арнайы эмблемасы тігілген қызмет формаларын дайындауға сұраныс артып отыр.
Осындай ілгерілеудің арқасында бұған дейін оқытылып келген 14 дәстүрлі мамандықтарға жаңадан бес мамандықтың түрі қосылды. Атап айтқанда, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, бағдарламашы, есеп және аудит, жеміс және көкөніс шаруашылығы және маркетинг саласы оқытылмақ.Бұдан бөлек тәуекел еткенге тағы жаңадан жеті-сегіз мамандық түрін қиналмай ендірудің сәті келіп тұр.
Жаңақорған аграрлы-техникалық оқу орнының осы мүмкіндігін сәтті қорғап, «Жас маман» жобасына қол жеткізуін оқу орнына жаңадан келген жас басшы Жомарт Әбибуллаұлының тынымсыз атқарған жігерлі жұмысының нәтижесі деп те баға беруге болады. Бұған дейін аты кол-ледж санатында болғанымен заты мектептің деңгейінен аспаған оқу орнында теориялық білімді практикамен ұштастыруда материалдық-техникалық базаның жұтаңдығы қолбайлау болып, тұтас тозығы жеткен құрал-жабдықтарды түгелімен жаңалаудың қажеттігі қарапайым көзге ұрып тұратын. Жобаны ұтып алған мердігердің құдайына қараған жан болып кездесуі ойдағы істің орайын табуына сеп болды. Жобада мүдделіліктен туындаған ішінара оң талаптарда ауызбірліктің болуы игіілікті істің ажар-ахуалын арттырды. Тротуарлар көлемі жобада көрсетілгеннен 1,5 метр артық көлемде құйылды. Барынша сапалы жөндеуден соң үнемделген 55 млн 605 мың теңге қаржы үкіметке кері қайтарылды.
Баян Үсейінова
19 маусым 2021 ж. 694 0