№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Жас маман" жобасы жайлы не білеміз?

"Жас маман" жобасы жайлы не білеміз?


«Жастар жылы» аясында қабылданған «Жас маман» жобасы биылдан бастап жүзеге аса бастайды. Бағдарламаның мақсаты не? Жобаға қандай оқу орындары кіреді? Қай мамандықтар тізімге енді? Бұл көште Жаңақорған ауданындағы колледж бар ма? Осы сауалдар бойынша ізденіп көрген едік.


Алдымен бұл жобаның мақсатын түсініп алайық. Жобаның негізгі мақ­саты – 100 сұранысы жоғары мамандықтар бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО-ның модернизациялау, білікті мамандар даярлаудағы халық­аралық тәжірибені ендіру. Яғни оқу орындарын материалдық-тех­ника­лық базасын жаңарту, за­манға сай ету, шетелдік білікті ма­ман­дармен тәжірибе алмасу, халық­аралық стан­дарттарды енгізу көзделген. Аталған жұмыстар 2020-2021 жылдары жүзеге асырылады. Был­тыр республикадағы 80 колледж осы жобаға таңдалынып алынды. Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасына сәйкес «Жас маман» жобасының операторы болып «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ белгіленді.
Холдинг төрағасы Ермек Күзем­баев­тың айтуынша, жоба негізгі 100 және 200 қағидаты бойынша жүзеге асады. «Бұл дегеніңіз 200 оқу орнында ең қажетті 100 сер­вистік және индустриалдық кәсіп мамандықтары бойынша оқыту. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстандағы ең қажетті деген 100 мамандықты таңдап алынды. Бұл мамандықтың тізімімен «Кәсіпқор» холдингінің сай­­тынан немесе салаға жауапты минис­трліктің сайтынан танысуға бола­ды. «Жас маман» жобасын тиімді жү­зеге асыру мақсатында субъективті жеке шешім қабылдамас үшін, яғни бәрі ашық түрде болуы үшін рес­публикалық комиссия құрылды. Оған салалық қауымдастық өкілдері және 100 мамандық шеңберіндегі бас­қа министрліктердің мамандары кір­ді. Мұндағы шешім ашық түрде қабылданады», – дейді төраға.
Бұл жобаны жүзеге асыру бары­сында дамыған елдердің серік­тес­тері­мен 2 жыл бойы ИПР-ді (оңалту жеке бағдарламасы) оқыту, колледждің жұмысын бағалау, халықаралық стан­­дарттарға негізделген кадрларды даяр­лау бағдарламасын ендіру жү­реді. Әлем елдеріндегі карантиндік режим аяқталғаннан кейін шетелдік серіктестіктер мен «Кәсіпқор» хол­дин­гінің» жобада іріктелген кол­ледждерге келіп аудит жүргізеді. Яғни мұғалімдерімен, студенттерімен кездесіп, екі жақты диалог құрып, білім беру үрдісін зерделейді және колледж әкімшілігімен кездесіп, білім беру үрдісін ұйымдастыру жұмыстарымен танысады.
Холдинг төрағасының сөзінше, қайта жаңғырту тізіміне оқу орындары іріктеу үшін алдымен әр аймақта өңірлік комиссия құрылды. «Сол комиссияның ұсынымымен республикалық комис­сияға колледждердің тізімі берілді. Колледждер тізімі өңірлік комиссиядан өткеннен кейін білім ордасының баллдық көрсеткіші шығады. Оқу орын­дары тиісті критерий бойынша таңдап алынды» – деді Е.Күзембаев.
«Жас маман» жобасының Жаңа­­қорған ауданына қатысы бар ма?
Әрине бар. Ауқымды жоспарға сәйкес, еліміздегі 600 колледждің ішінен түрлі талапқа сай келетін 180-і таңдап алынды.
Оның ішінде, Сыр бойындағы колледждер де бар. 2019 жылы Сыр өңіріндегі төрт колледж, Қазалы аграрлы техникалық колледжі, И.Әбді­кәрімов атындағы Қызылорда аграр­лық техникалық колледжі, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі және Шиелі индустриалды техникалық колледжі енді. Ал Жаңақорған аграрлы-тех­никалық кол­леджі жаңғырту жұмысын келер жы­­лы бастайды. Яғни колледждегі екі мамандық бойынша базалық-тех­никалар қайта жаңартылатын болады.
– Жобаның мақсаты – заманға сай білікті маман даярлау. Біздің оқу орны бұл жобаға 2021 жылы енеді. Келесі жылы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мен тағам пісіру ісі мамандығының материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмысы жүргізіледі. Республикалық бюджеттен 281 млн. теңге қарас­тырылды. Бұл студенттерге бөлінетін қаржы емес, бұл оқу зертханалары мен шеберханаларын заманауи құрылғылармен жабдықтау, кабинет­терді құрал-жабдықтармен қамта­масыз етуге, лобараторияларды жаңартуға жұмсалады. Осы сала­да білім алатын студенттердің прак­тикалық жұмысқа ден қоюына басымдық беріледі, – деді колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс­тары жөніндегі орынбасары Дәулетхан Тұрсын-қожаев.
Қазір бұл мамандық бойынша колледжде 44 студент білім алуда. 2020-2021 жылы колледждге қадам басқалы тұрған студенттерге бұл тамаша мүмкіндік. Шыны керек, қазір сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға жастар ниетті. Көбіне жаңақорғандықтар жастар Қызылорда және Түркістан қаласындағы оқу орнын таңдап жатады. Енді жоға­рыдағы екі мамандық бойынша аудан жастарына алысқа сабылудың қажеті жоқ.
Айта кеткен жөн, колледж соңғы жылдары практикалық бағытқа көбірек көңіл бөліп, білікті кадр даярлауды мақсат етіп отыр. Оған кейінірек тоқталамыз...
«Жас маман» жобасының артық­шылығы – ең қажетті маман­дықтарға басымдық берілуі. Яғни қазіргі сұраныстағы мамандықтарды сапалы етіп шығаруға күш жұмсалатын болады деп күтілуде. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті маман даярлау бойынша оқыту жоспары жандандырып, өзгерту мен толықтырулар енгізіледі. Әсіресе дуалды оқыту жүйесіне де көңіл көбірек бөлінеді. Бұл тұрғыда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіндегі тындырымды тірлікті көруге болады.
Қорыта алғанда, бұл жобаның жемісін біздің аудан келер жылы көреді. көруге ниетті. Бұл – ел дамуының, әсіресе өндіріс саласының өркендеуіне үлкен мүмкіндік. Бұл – аудан жастарының сапалы білім алуындағы ұтымды жоба...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
23 мамыр 2020 ж. 2 839 0