Көшелер жарықпен көрікті
Түркістан қаласынан күн бата шықтық. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолымен зырғып келеміз. Ақүйіктің тұсында биік бел бар. Соған көтерілген едік, жап-жарық өркениет орталығы көзге оттай басылды. Иә, ұзақтан Жаңақорған кентінің сұлбасы жарқырап көрінеді. Шам жарығы алыстан менмұндалап, іргелі мекеннің мерейін әйгілеп тұрғандай.
Расында көше жарығы әр ауылдың сәні. Бәрінен бұрын тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Сол себепті, кент және ауыл тұрғындары көшелерді жарықтандыру мәселесін жиі көтереді. Бұл бағытта байыпты бас-
тамалар бар. Бұл жөнінде алдымен Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев былай дейді:
– Кент аумағында 132 көше бар. Оның 88-і түңгі жарықпен қамтылды. Биыл Хорасан ата, Аманкелді, С.Қожанов, Мұсаханов, Жанпейісов көшесінің бағаналары мен жарықшамдары толықтай жаңаланды. Одан шыққан ескі жарықшамдар басқа көшелерге қойылады. Биыл 1170 дана диодты шам орнатылды. Атап айтсақ, Ипподромға – 192, Саяжайға – 16, Орталық стадион жақтағы көшелерге – 135, Шалқия трассасына – 105, Орталық алаңға – 16, Алтынсаринге – 19 дана шам орнатылды. Сондай-ақ Тәуелсіздік көшесіне – 110, Б.Майлинге – 47, Н.Түршековке – 3, Абайға – 76, К.Түйменұлына – 47, Қ.Сейтпенбетовке – 35, А.Раушанға – 22, Сығанаққа – 23 дана шам қойылды. Хорасан ата көшесінің бойындағы жаяу жүргінші жолына қойылған 244 дана үнемді жарықшам көше сәніне айналды.
Бүгінде шамның түр-түрі шығып, соған сәйкес ұсыныстар көбейді. Біз энергияны үнемдеу мақсатында жарықты ұзақ сақтайтын шамдарға біртіндеп көшіп жатырмыз. Сапалы шамдардың қолдану мерзімі ұзақ әрі жарық беру көрсеткіші жоғары және бес жылға дейін жарамдылығына кепілдік беріледі, –
деді кент әкімінің орынбасары.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов қазан айында өткен мәслихатта елді мекендерге күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдарын орнату мәселесін айтты. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Қасқабаевтың айтуынша, 22 ауылдық округтегі 40-қа тарта көшеге 740 дана жарық шам орнатуға қаржы бөлініпті.
Енді ауыл әкімдері қаржыны қалай игеруде, жарық шамдары тұрғындардың игілігіне жарады ма? Осы сұрақтың жауабын ауылдық округ әкімдерінен сұраған едік.
Машбек Нәлібаев ауылындағы 3 көшеге 18 дана, Қыркеңседегі 4 көшеге 62 дана, Төменарықтағы 3 көшеге 63 дана, Косүйеңкідегі 3 көшеге 73 дана, Жанарықтағы 2 көшеге 73 дана, Аққорғандағы 2 көшеге 70 дана, Кейдендегі 2 көшеге 50 дана, Бесарықтағы 2 көшеге 40 дана, Сунақатадағы 2 көшеге 38 дана, Байкенжедегі 2 көшеге 30 дана, Манаптағы 2 көшеге 24 дана, Талаптағы 1 көшеге 27 дана, Екпіндідегі 1 көшеге 20 дана, Өзгенттегі 1 көшеге 15 дана, Көктөбедегі 1 көшеге 14 дана, Келінтөбедегі 1 көшеге 12 дана, Сүттіқұдықтағы, Қандөздегі және Қыраштағы 1 көшеге 30 дана күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар қойылғанын білдік. Сондай-ақ, Шалқия кенті мен Қожамберді ауылдық округінде де көшеге жарық шамдары орнатылыпты. Бұл игі істің ауыл тұрғындарына қуаныш әкелгені сөзсіз. Өйткені түңгі мезгілде жарық әрі қауіпсіз көшемен жүргенге не жетеді?
Бұлтуралы тұрғындар не дейді?
Жаңақорған кентінің тұрғыны Сейітхан Жұмашев:
– Кент көшелерінде орнатылып жатқан жарық шамдары көңіл қуантады. Бірақ шамдардың биіктігіне, бір сызықтың бойында орналасуына көңіл бөлген дұрыс. Жарық шамдары түрлеріне қарай әр түрлі биіктікте қойылуы тиіс. Осы жайт ескерілсе, – дейді.
Кент тұрғыны Ержан Әлімбековтің пікірінше, жаз, қыс айларында күннің шығуы мен батуына қарай шамдарды қосып, өшіруді жүйелі атқарып, ретке келтіру керек дейді.
Тағы бір кент тұрғыны Құлмат Бойрабаев: – Садықбек Сапарбеков көшесінде тұрамын. Осыдан үш-төрт жыл бұрын іргелес отырған көршінің үйіне қолымызға шам ұстап, қиындықпен барушы едік. Қазір көшеміз жап-жарық. Қараңғы түскенде де қиындықсыз жүріп-тұратын болдық, – деп риясыз қуанышын жеткізді.
Ия, күн өткен сайын көркейе түскен кенткелбеті көпшілік көңілінен шығып келеді.

Әсел РЗАЕВА