№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарық сәуле шырағы

Жарық сәуле шырағы

Жарық сәулесінің таралуы адам өміріне жайлылық сыйлап келеді. Мәселен, күн ұясына батқан қараңғылықта көше жарығының жол қауіпсіздігінің сақталуына, бәрінен бұрын, қылмыстылықтың азаюына септігі мол. Расында Жаңақорған кенті жаңарып, жаңғырып келеді. Әсіресе түнгі жарығы алыстан менмұндалап, іргелі қоныс, дамыған кент екенін әйгілеп тұрады.

Жылда аудан әкімінің есептік кездесуінде жиі көтерілетін мәсе­ленің қатарында көше жарығы айтылады. Кент тұр­ғындары да осы сауалды үнемі әкім назарына салып, маңызына мән береді. Әсіресе, мектептен қайтқан оқу­шылардың қауіпсіздігі алға тар­татын. Осыны ескерген басшылар көше жарығына көңіл қойды.
Шыны керек, кенттің түнгі тынысының сәні көше жарығымен сәні кіреді. Өркениеттің нақы­шына балаймыз. Сондықтан осы бағытта атқарылып жатқан жұ­мыстар жайында кент әкімдігінен білдік.
– Бүгінге дейін Раушан, Түй­менұлы, Сейтпенбетов, №110 мектеп-лицейден Саяжайға апаратын аспалы көпір бойына, Ақмешіт, Аманкелді және Хорасан ата көшесінің бойына 162 дана жаңа үлгідегі жарық шамы қойылды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы бір көшеге электр жарығы орнатылады. Мердігер табылса, құрылысы жақын арада басталады. Сондай-ақ бас көше – Хорасан атадағы жаяу жүргіншілерге арналған  жол бойына 190 дана диотты шам қойылуда. Негізгі құрылыс жұмысын «Асанас-Дар» ЖШС жүргізуде, – деді бас маман Бақытжан Қосанов.
Қазір әр ауылдан түскен салық қаражаты әкімдіктің қазынасына құйылады. Сондықтан көше жарығын орналастыру уақыт күттірмейтін жұмыс деуге болады. Әсіресе Сыр беткейдегі ауылдар жарықтандыру мәселесін көбірек қозғайды.
– Кенттің келбеті ажарланып келеді, тұрғындарға бұл үл­кен қуаныш сыйлайды. Иә за­ман жаңарып, өркениетті ел­дер­дің көшіне ілесіп келеміз. Кентіміз ажарланып, сәніне сән қосып келеді. Осы ретте, кент тұрғындарына құлаққағыс болсын, әр оттың басы өзінің есік алдындағы тазалыққа жанашырлықпен қараса, – деді кент тұрғыны Әбділда қария.
Қазір әлем елдері энергияны үнемдеу мақсатында жарықты ұзақ сақтайтын шамдарға бір­тіндеп көшуде. Сапалы шам­дардың әрекет етуі мерзімі ұзақ әрі жарық беру көрсеткіші жоғары және 5 жылға дейін кепілдік беріледі. Жыл өткен сайын шамның түр-түрі шығып, соған сәйкес талап-міндет өзгеруде. Мәселен, күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдары қол­данысқа енгелі қашан. Ал ауданға келе бастаған диодты шамдардың қуаттылығы мен энергияны үнемдеуде тиімділігі көп.
Мамандардың айтуынша, диод шамдар электр қуатына бес есе аз жарық жұмсап, сегіз есе артық қызмет етеді.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
29 қыркүйек 2020 ж. 614 0