№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨШЕ КЕЛБЕТІ – КЕНТ КЕЛБЕТІ

КӨШЕ КЕЛБЕТІ – КЕНТ КЕЛБЕТІ

Кент келбеті сәнді құрылысы, мәнді өмірімен ұштасуымен мәнді. Осы орайда Жаңақорған кенті көркейіп, әсемдігімен айшықталып келеді. Кенттің аз уақытта осындай сән-салтанатқа бөленуіне тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті артуымен байланыстыруға болады. Бірақ, бірнеше жылдан бері мемлекет және қоғам қайраткері Садықбек Сапарбеков атындағы көшеге жарық жүйесін жүргізуді көтеріп келеміз.
Жаңақорған кентінің әкімі Әбунасыр Бекішев 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп бергенінде аталған көшеге жарық жүргізілетіне уәде берді.
Садықбек Сапарбеков атындағы көше толық асфальтталған. Кент ортылағындағы ірі көшенің бірі. Бірақ, жарықтану жүйесі болмағандықтан күз, қыс айында оқушылардың мектепке қатынауы қиын-тұғын. Көше тұрғындарының осы тілегін ұсынысын жеткізу мақсатында есіктен-есік тоздырып, басшылар жағаладық. Құдай қаласа, биыл шешімін таппақ. Амандық болса, көшенің жарықтанатын күнін де көрерміз...
Ендігі үлкен мәселе – жаяу жүргіншілер жолына мән беретін кез келді. Әсіресе, Мұсаханов, Құрманғазы, Хорасан ата, Абай, Сапарбаев және т.б. көшелерге жаяу жүргіншілер жолы сұранып тұр. Жамбырлы күндері көлік пен жаяу адам асфальт жолға таласып жүретінін көріп жүрміз. Тіпті, жол-көлік оқиғасы орын алуда. Жақында балшық жолдан қашып асфальт үстінде келе жатқан екі қызды көлік қалып, нәтижесінде ауруханаға түсті деп естідім. Қайта қыздардың көрер жарығы бар екен...
Сонда адам шығыны болмай жаяу жүргіншілер жолын салмаймыз ба? Ойлану керек. Қамдану қажет.
Сондай-ақ жол белгілерін саралап, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаңартып шығудың артықшылығы жоқ. Мәселен, көлік жылдамдығын шектейтін кедергілерді қою керек. Әсересе, балабақша және мектеп жанындағы көшеге қойылса орынды болмай ма? Себебі, асфалттанған көшелерде түнгі мезгілде көлік жарысы орын алатыны талай рет айтылды.
Биыл кент әкімі қанашама миллион қаржыны игермегенін естідік. Міне, сондай қаржыға жаңақорғандықтардың амандығы үшін жаяу жүргіншілер жолын салса қайтеді?
Әрине, естір құлақ болса, назарлы басшы болса ғой...
26 ақпан 2019 ж. 1 026 0