№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көше келбеті – кент келбеті

Көше келбеті – кент келбеті


Соңғы жылдары Жаңақорған кентінің әкімшілік аумағы кеңейіп, халық саны артты. Кенттің арғы шеті мен бергі шетіне ондаған шақырым қосылды. Осыған орай қоғамдық көліктерге сұраныс арта түсті. Енді қатынасты реттеп, тұрғындардың орталыққа қатынауын шешу қажет-ақ. Мұны «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында реттеуге болады. Ол үшін бәрін мұқият жоспарлап, қаржыны тиімді жұмсау үшін асфальт түсетін көшелерді маңыздылығына қарай анықтап, қоғамдық көліктер жүретін көшелерді белгілеу қажет.


«Кеңесіп пішкен тон келте болмай­ды» дегендей, аудан әкімдігінде шағын құрамда жиналып, ой-пікірін ортаға салды. Аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, Жаңақорған кентінің әкімі мен оның орынбасары Әбунәсір Бекішев пен Жарас Мырзалиев, аудан­дық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов, тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Есдәулет Сейілов, «Проект дизайн құрылыс» ЖШС басшысы Мұхит Момынов, «Жаңақорған тазалық» ЖШС төрағасы Мұхамеджан Рүстемов аудан басшысына ұсыныс білдіріп, оның маңызын түсіндірді. Кенттің бас жоспарына назар аударып, асфальт түсуге сұранып тұрған көшелерді талқылады.
Сосын әрбір учаскені көзбен көріп, жағдайды бағалау үшін жолға шықты. Алдымен МАИ бекетіне барды. Бұл аймақтан №125, №163, №110 білім ордасына 360 оқушы қатынап оқиды. Кент орталығына қатынап жұмыс жасайтындар да көп. Перспективалы аумаққа көңіл бөлетін уақыт келді. Қазір қажеттілікті шешпесе болмайды. Себебі жыл өткен сайын тұрғын үйлер саны көбейіп, халық саны арттып келеді.
Аудан әкімі 300 орындық мектеп­тің орнын көріп, қоғамдық көлік қатынайтын айналмалы жолды қай көшеге түсіруге болатынын бағдар­лады. Кеңесе келе келешекте 3-ші көшемен келген маршрут 6-шы көше­мен айналып, Алтыкрант аума­ғындағы көшесімен өтуге болатынына көз жеткізді. Алтыкрант аумағында өркениет талабына сай келмейтін көшелерге қиыршық тас төсеудің қажеттілігін білді. Сондай-ақ көше жарығын жүргізу де маңызды. №125 мектепке жаяу қатынайтын оқушы­лардың қауіпсіздігі үшін қажет.
Аудан әкімі 300 орындық мектеп­тің орнын көріп, қоғамдық көлік қатынайтын айналмалы жолды қай көшеге түсіруге болатынын бағ­дарлады. Кеңесе келе келешекте 3-ші көшемен келген маршрут 6-шы көшемен айналып, Алтыкрант аума­ғындағы көшесімен өтуге болатынына көз жеткізді. Алтыкрант аумағында өркениет талабына сай келмейтін көшелерге қиыршық тас төсеудің қажеттілігін білді. Сондай-ақ көше жарығын жүргізу де маңызды. №125 мектепке жаяу қатынайтын оқушылардың қауіпсіздігі үшін қажет.
Аудан басшысы бастаған деле­гацияны көрген тұрғындар өз ойларымен бөлісуге жиналды. Иппо­дромның тұрғыны Батырхан Сымабаев аумақта орналасқан асфальт зауыты тұрғындардың өмір-салтына кері әсер ететінін жеткізді.
– Кешкісін жел тұрса, сыртқа жүру мүмкін болмай қалады. Қашанғы шыдаймыз? Мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз, – деді ол.
Аудан басшысы зауыттың қор­ша­ған ортаға тигізетін әсерін эколог­тардың назарына салып, тиісті шешім шығаруға жұмыс жасайтынын айтты.
Одан кейін Ипподром аумағына, ары қарай саяжайға өтті. Кейінгі жылдары пайда болған Саяжай кеңейіп, тұрғындар саны артты. Осыған орай мәселе де аз емес. Жаңбырлы күні сор басқан жерлермен жүру өте қиын. Әсіресе №110 мектеп-лицейден қатынайтын оқушыларға қиын. Шеткі нүктесі мен мектептің арасы 5 шақырымдай. Мұндағы Дәумен қажы Шоманұлы көшесі ғана асфальттанған. Көп көше қара жер күйінде. Әрбір көшені мұқият зерделеген әкім саяжайға басымдық беріп, тұрғындарға жайлылық жасауды тапсырды. Қорғантоғай мен Жаңауылдағы айналмалы көшелерді де назарға алды.
МАИ бекеті, Ипподром, Саяжай, Алтыкрант, Қорғантоғай, Жаңауыл, Санатория аймағын өз көзімен көріп, атқарылатын істердің ауқымын ай­қын­дап болғаннан кейін орталық көшелердің жайына тоқталды.
– Орталық көшелер – кенттің, қала берді ауданның айнасы. Ауданға келген қонақтар Жаңақорғанның әлеуетін орталық көшелерден тануы тиіс. Сондықтан Хорасан ата және Аманкелді көшесін реконструкциялау керек. Оған жол жиегіндегі гүлзарлар, ауданның тарихын көрсететін ескерт­кіштер, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар, жарықтандыру жүйесі қамтылуы тиіс. Маған жақын арада 3D форматтағы көшенің жаңартылған келбетін көрсетіңіздер, – деп тапсырды тиісті сала басшыларына аудан әкімі.
Реконструкциядан кейінгі көшелер ауданның имиджін көрсететін дең­гейде болуы тиіс. Абаттандыру кезінде жаңа технологиялар мен заманауи материалдар қолдану маңызды. Яғни энергия үнемдейтін шамдар орнатылып, жаяужолдар мен жасыл аймақтарды кеңейту және қауіпсіздікті арттыратын каме­раларды орнату керек-ақ. Әсіресе темір жолдың астынан өтетін өткел маңы жаңа келбетке енеді.
Ол үшін орталық көшелерді жаңғырту және кеңейту жұмыстарына кедергі келтіретін нысандарды анықтап, жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
01 қазан 2019 ж. 766 0