» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КЕНТ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КЕНТ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

23 қаңтар күні "Ордакент" ардагерлер, жастар үйінде Жаңақорған ауданы әкімі мен Жаңақорған кентінің әкімі кент тұрғындарына есеп беру кездесуі өтті.


Кездесу барысында төмендегі сұрақтар қойылды. Жаңақорған кенті, "Қорғантоғай" м/а тұрғыны М.Наубаева "Қорғантоғай" м/а кенттің шеткі аймағына орналасқандықтан газ, ауыз су, көше жарығы, көшелерді жөндеу жұмыстарынан үнемі шет қалып келетіні және спорт алаңқайыда тозығы жеткен, осыған көңіл бөлуді сұрады. Бұл сұраққа аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев спорт алаңқайына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін және Жаңақорған кенті әкімі жанындағы жергілікті қауымдастықта осындай мәселелер қаралып, өзіңіз сияқты көше белсенділері қатыса отырып мәселені сол жерде талқылап, бірінші кезекте орындалуға тиісті мәселелердің тізбесі мақұлданып, іске асырылуы қажет екендігін және осы жұмыстарды орындауды кент әкіміне тапсырды.
Жаңақорған кентінің тұрғыны А.Ахметов "Жанпейсов" көшесін жарықтандыруды, "Саяжай" мөлтек ауданына газ құбыры толық жүргізілмеген яғни жобалауға енгізілмеген, осыған жұмыс жасауды сұрады. Бұл сұраққа Жаңақорған кентінің әкімі Абунасыр Алайдарұлы Бекішов тиісті жұмыстардың жүргізілетінін, көше жарықтандыру мәселесі биылғы жылы жүзеге асырылатынын жеткізді.
Кенттің тұрғыны Т.Төребаев "Сапарбеков" көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе және аудандық емхана қасына көлік жүретін жолға жол белгілері қойылуын сұрады. Бұл сұраққа кент әкімі биылғы жылы Сапарбеков көшесіне жарықтандыруға қаржы бөлінгенін жеткізді. 
24 қаңтар 2019 ж. 1 393 0