№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атқарылған жұмыс көп, ауқымды істер алда тұр...

Атқарылған жұмыс көп, ауқымды істер алда тұр...

2020 жылдың 9 айында өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс, ауылшаруашылығы саласында байыпты бастамалар атқарылды. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Руслан Рүстемов рет-ретімен баяндады.
– Жақында «Қуат Әк» ЖШС-на арнайы барып, әк өндіру процесін көрдім. Бүгінде Жаңақорғаннан бөлек Түркістан облысындағы нарыққа әк экспорттауда. Серіктестік келер жылы керамзит кірпішін шығарады. Бұл құрылыс материалының артықшылығы көп. Онымен салынған нысан қыста жылы, жазда салқын болады.
Жаңақорған ауданы уран, полиме­талл кендерінің молдығымен ерек­шеленеді. Бұл салада 10-ға тарта кәсіп­орын жұмыс істейді. Оның екеуі шетелдік компанияның қатысуымен уран өнді­реді. Тас өндіруші кәсіпорындар әртүрлі фракциялы қиыршықтас, құмды тас қоспасы, доломит шығарады, – деп бастады сөзін аудан басшысы.
Оның сөзінше, 2020 жылдың 9 айында ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 59,8 млрд теңге болып, нақты көлем индексінің өсімі 93,0 пайызды құрады. 2019 жылдың 9 айында 57,8 млрд. теңгені құраған еді. Ал өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 9 айда 35,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,6 млрд. теңге артық орындалғанын көрсетеді.
Мемлекеттің экономикалық қуаты – шағын және орта бизнес сала­сынан көрінетіні анық. Нарыққа тез бейімделіп, дағдарысқа төтеп беруде кәсіпкерлік саласы маңызды рөл атқарады. Еуропада шағын бизнесте жұмыспен қамтылған адамдардың саны шамамен 70 проценті құрайды. Ал АҚШ-та жұмыс істейтін халықтың 52 проценттен астамы шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Шамамен 20 адамға дейінгі шағын кәсіпорындарда 19,6 млн адам қамтылған. Әлемдегі озық елдердің бірі – Жапонияда шағын бизнесті үш санатқа – яғни отбасылық фермалар (елдегі шағын бизнестің жалпы санынан 32 процент), заңды тұлғалар (20 процент) және жеке кәсіпкерлер (48 процент) қарау керек. Жапонияда 6-дан 12 миллионға дейінгі шағын бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді. Міне, Еуропа елдері, АҚШ пен Жапонияның экономикалық тұрғыда озық болуының басты себебі осы.
Өркениет көшіне ілесуде шағын және орта бизнесті дамыту міндеті тұр. Осы бағытта мемлекеттік бағдармалар әзірленіп, халықтың нарықтық сауатын арттыру жолға қойылды. Соның салдарынан белсенді кәсіпкерлер саны артып келеді. Статистикалық мәлі­мет­терге қарап, ауданда осындай қозғалысты байқауға болады.
– Сыр өңірінде Жаңақорған ауданы белсенді кәсіпкерлік субъектілері бойынша көш бастайды. Бүгінде 4978 бел­сенді кәсіпкерлік субъектісінде 7300 адам жұмыс жасайды. Жалпы 2020 жылдың 1 қаңтарында 4677 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1 қазанда 5216-ге жетті. Кәсіпкерлік субъектілері 9 млрд 941млн теңгенің өнімі өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Қаржы көздерінен 743 жобаға 1 млрд 367 млн. теңгенің қаржысы тартылды. Осы көрсеткіш бойынша облыста алдыңғы қатарда келеміз. Демек бизнес жобаларды нақты жүзеге асуы өз жемісін көрсетуде, – деді Руслан Рүстемұлы.
Әкім егін және мал шаруашылығы, құрылыс, жол салу, білім беру сала­сындағы бастамалардың межелі кезең­де орындалу деңгейін сараптады. Ауыз су мәселесін шешудің тетігіне тоқталды.
– Бір-екі жыл ішінде Жаңақорған ауданында ауыз су мәселесі толық шешеледі. Бүгінде Сырдария топтық су құбырының құрылыс жұмысы Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, М.Нәлібаев, Жаңарық және Қыркеңсе ауылдық округінде аяқталып, пайдалануға берілді. Қараша айында Байкенже мен Билібай елді мекені ауыз су жүйесіне қосылады. Ал жыл аяғына дейін Талап топтық су құбырымен Бесарық, Талап, Аққұм бекеті, Кейден елді мекені қамтылады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында тау беткейдегі ауылдарға су беріледі.
«Ауыл ел – бесігі» бағдарламасымен Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу ісіне республикалық бюджеттен 494,3 млн. теңге қаралды. Жыл соңына дейін пайдалануға беруге күш салудамыз.
Айта кететіні, 2020 жылы 24 сәуірінде мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС мердігер компания болып табылады. Алайда конкурсқа қатысқан екінші компания – «Көлсай Строй» ЖШС-нен арыз-шағым түседі. 2020 жылдың 3 маусымында Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық эконо­микалық соты шағымды қарап, №4360-20-5-29/5015 санды анықтауымен 9 маусымнан бастап су жүргізу ісі тоқтайды. 2020 жылдың 10 қыркүйекте ауданарлық экономикалық сотының №4360-20-5-29180 санды шешімімен құрылыс жұмыстары қайта басталды, – деп түсіндірді аудан әкімі.
Сервистік қызметті жетілдірудің, туризм саласын дамытудың және индустриялық аймақтардың экономи­калық пайдасы айтылды. Мәселен, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында жалпы құны 1 млрд. 356 млн.теңгені құрайтын 5 жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандары ашылды. Ал туризм саласы бойынша 14 субьекті тіркелді. Оның 2-і балалар тынығу лагері, 6-ы қонақ үй, 3-і шипажай және шипажай маңындағы демалыс орны. «Мелиоратор» ЖШС тротуарлық плитка, бордюр, темір-бетон шығарса, «Қуат Әк» ЖШС жылына 20 мың тоннаға дейін әк өндіреді. Алдағы жылдары «Қызылорда AGROPlus» ЖШС томат пастасын өндіруді, «Қуат керамзит» ЖШС кірпіш және блок шығаруды, «Майнинг Консалт Ко» ЖШС полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр.
Коронавирустың салдарынан эконо­микалық қиындыққа тап келдік. Бәрінен бұрын, қаншама адам өлді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін. Сондықтан дайындықты күшейту маңызды.
– Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қақты. Тіпті вирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін. Бізге қарап отыруға әсте болмайды. Осыны ескеріп емдеу шарасына қажетті дәрі-дәрмектердің екі айға жететін қорын жасақтадық. Демеушілер мен еріктілер тарапынан аудандық аурухана мен елді мекендерге 60 млн теңгенің жобасында көмек көрсетілді. Оның ішінде, 2 дана ИВЛ аппараты, 46 концентратты кислород аппараты, 29 дана пульсоксиметр. Сонымен қатар жергілікті кәсіпорын басшылар 740 дана кислород баллондарын сатып алуға қол ұшын созды, – деді ол.
Алдағы жоспарымен бөліскен әкім жұмыспен қамту бағытындағы баста­маларға және мемлекеттік бағдар­ламаларды тиімді жүзеге асыруға басымдық беретінін, сонымен қатар, тұрғын үй құрылысына қарқын беріп, инновациялық жобаларға мән беретінін жеткізді.
Брифинг соңында Руслан Рүстемовке журналистер мен әлеуметтік желінің белсенділері сұрақ қойды. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты интер­нетпен қамтамасыз ету, көп бала­лы аналарды қолдау тетігі жөнінде сұрады. Жылқының шығыны мен егістік даласында өртенген қойдың негізгі себебі сұрақ ретінде жолданды.
«Qyzylorda» арнасында «Өзекжарды» бағдарламасында Алтынай Молжановаға аудан әкімі Руслан Рүстемов сұхбат беріп, тікелей эфирге қосылған оқыр­мандардың сұрағына жауап берді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
31 қазан 2020 ж. 738 0