Соңғы жаңалықтар

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жаңақорғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру қаншалықты дамуда?

Жаңақорғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру қаншалықты дамуда?


Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев
Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде журналистерге берген брифингінде өнеркәсіп өнімдерін өндірудің артып жатқанын жеткізді.
– Жаңақорған ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 38283,0 млн. теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 93,4 пайыз болды, – деді аудан әкімі.
Оның сөзінше, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 20505,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,5 пайызды құрады. 
Өнеркәсіп бойынша тұтас нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі мен кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр.Бөлшек сауда көлемі  2692,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,1 пайыз болды.
2018  жылдың  қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  13387,5  мың теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  158,8  пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 4757 млн теңгеге орындалған.2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  158,1 пайызға орындалды. Салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы  22895 шаршы  метр болып, өткен жылмен салыстырғанда 106,1 %  пайызға орындалды.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 231 0