№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан басшысы Сұлтан Мақашов атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті

Аудан басшысы Сұлтан Мақашов атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті

Жаңақорған ауданының әкімдігінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өтті. Оған сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде қажетті басым бағыттарды айқындады.

– Бүгін Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен танысу үшін аудан активімен кездесіп отырмын. Жалпы 4 айдың қорытындысымен ауданда өнеркәсіп өндірісі 1,3 процент, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп 8,5 про­центке артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да 4,3 процент өсім байқалады. Дегенмен, есепті кезеңде инвестиция көлемі 76,4 процент, құрылыс жұмыстары 36,8 процент, тұрғын үй құрылысы 98,6 процент және бөлшек сауда айналымы 80,6 процентке төмендеді, – деді Гүлшара Наушақызы.
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өнді­ру 2020 жылдың 1 сәуіріне 19 597 505 мың теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 99,3 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібін өнімдерін өндіру 12 023 722 мың теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 109,0 проценті құрады.
Ауданның индустриялық-инно­ва­циялық даму мемлекеттік бағ­дарламасы аясында 2020 жылы өңірлік картаға 4 жоба, республикалық кар­таға 1 жоба енгізілді. Атап айтқанда, «Мели­оратор» ЖШС-нің гипер­прес­сиялау әдісімен бұйымдарды өнді­ру зауытының жобасы. Жоба құны – 280000,0 мың теңге. Жылдық қуаты 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка, 1700 мың дана бордюр шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. Жоба 2020 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.
Екіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттың жобасы. Жоба құны 435000,0 мың теңге. Жылдық қуаты 18 мың дана құбыр шығару. Ашылатын жұмыс орны 26 адам. Жоба 2020 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.
Үшіншісі, «Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жоба құны 53 491 000 мың теңге. Жылдық қуаты 1200 мың тонна кен өндіру. Ашылатын жұмыс орны 1200 адам. Бүгінгі таңда жобаны дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның іске асыру уақыты 2022-2039 жылдар. Бұл жоба 31.10.2019 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып талқыланып, қазіргі таңға жер учаскесін табыстау жұмыстары жүргізілуде.
Төртіншісі «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24,0 мың тонна томат пастасын өндіру жобасы. Жоба құны – 8 877 000 мың теңге. Бүгінгі таңда 2995 гектар жер Бесарық өңірінен рәсімделіп алынды. Ашылатын жұмыс орны 150 адам. Іске асыру уақыты 2020-2021 жылдар. Қазіргі таңда БЖК 2025 бағдарламасы аясында 800 млн. теңгенің инфра­құрылымының (электрэнергия) жоба-сметалық құжаттарын бітіріп тапсыру жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық индустрияландыру картасына енген «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң жылдық қуаты 4000 мың тонна кен байыту фабрикасын салу жобасы бүгінгі таңда жобалау деңгейінде.
Ауданда бағдарлама аясында картадан тыс «Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материал­дарынан кірпіш және блок шығару жобасы жүзегуе асырылады. Жобаның жалпы құны – 130 млн. теңге. Жылдық қуаты 3000 мың дана блок шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. Аудан көлемінде әк шығару өндірісімен 2 кәсіпорын («Қуат әк» жылдық қуаты – 20 мың тонна, «Премиум Класс-Строй» ЖШС жылдық қуаты – 30 мың тонна), 2019 жылы 20 мың тонна әк өнімдері өндірді. Сондай-ақ қиыршық тас өндірумен «КДСМ Қыран» ЖШС, «УАД» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Сарман Тастақ Жаңақорған» ЖШС, «Нұртас» ЖШС, «Бис KZ» ЖШС, Өтеміс ЖШС, «Карьер Божбан ата» ЖШС айналысады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамы­тып, ауыл шаруашылығын әрта­рап­тандыруға және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2020 жылға ауыл-шаруашылығы өнімдерінің жал­пы шығарылымы 18713 млн. теңге болып, 103,7 процентке орын­дау жоспарланды. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шыға­ры­лымы 2 346,2 млн. теңгені (101,1%) құрады.
Барлық дәндi дақылдар 11 547 га (негізгі дақыл күріш 7500 га, күздік бидай 2972 га, жаздық бидай 140 га, жаздық арпа 35 га, дәндік жүгері 500 га, тары 400 га межеленіп), сонымен қатар су тапшылығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы дақыл­дарын әртараптандыруға ба­сым­дық беріліп, биылғы жылы майлы дақылдар 2050 га-ға (оның ішінде: мақсары 2000 га, күнбағыс 50 га), мал азықтық дақылдар 18 022 га (сүрлемдік жүгері 12 га), сонымен қатар 3150 гектарға картоп, көкөнiс, бақша дақылдарын егу жұмыстары басталды.
2020 жылғы шет елден 150 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы­ның аналығын сатып алу жоспары бекітілген. Бірінші тоқсанда ауданға шет елден «Парадин» шаруа қожалығы 128 бас, ДК «Ерасыл» 80 бас асыл тұқымды «қалмақ» қашарлары сатып алынды.
Сондай-ақ Сұлтан Ысқақұлы мем­лекеттік-жекешелік бағдар­ламасы аясын­да бой көтерген әлеуметтік нысандар жайында, құрылыс және білім беру саласындағы істерді таныс­тырды.
Жиын соңында өңір басшысы жергілікті билік тұрғындар үшін әр­дайым ашық болуы қажеттігін ескертіп, басқарма басшыларына инвестиция тарту, құрылысты сапалы жүргізу, адами капиталды дамыту бағытында аудан әкімімен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.

Нұрлат АЙТЖАН
30 мамыр 2020 ж. 758 0