№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған ауданында қандай перспективалы жобалар бар?

Жаңақорған ауданында қандай перспективалы жобалар бар?

Бұл сұраққа Өңірлік коммуникация орталығында Руслан Рүстемов жауап берді. Оның сөзінше, Жаңақорған ауданында Өңірлік индустрияландыру картасы аясына енген перспективалы жобалар көп.

Олар:
1. «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24000 тонна томат пастасын өндіру жобасы, жоба құны 8877 млн. теңге. Бүгінгі таңда 2995 гектар жер Бесарық өңірінен рәсімделіп алынды. Ашылатын жұмыс орны 150 адам. Іске асыру уақыты 2020-2021 жылдар.
2. «Қуат Әк» ЖШС-нің жылдық қуаты 20 мың тонна әк шығаратын зауыттың жобасы.Жобаның жалпы құны 100 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 15 адам Бұл жоба 2019 жылы іске асырылды.
3. «Мелиоратор» ЖШС-нің Гиперпрессиялау әдісімен бұйымдарды өндіру зауытының жобасы.Жылдық қуаты 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка, 1,7 млн дана бордюр шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. Жобаның жалпы құны 280 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылды.
4. «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттың жобасы.Жылдық қуаты 18 мың дана құбыр шығару. Ашылатын жұмыс орны 26 адам. Жобаның жалпы құны 435 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылды.
5. «Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару жобасы.Жылдық қуаты 3 млн дана блок шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам және жобаның жалпы құны 130 млн теңге. Бұл жоба 2021 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.
6. «Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу жобасы. Жылдық қуаты 1200 мың тонна кен өндіру. Ашылатын жұмыс орны 1200 адам және жобаның жалпы құны 53 млрд 491 млн теңге. Бүгінгі таңда жобаны дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның іске асыру уақыты 2034 жыл. Бұл жоба 31.10.2019 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып талқыланды.


27 қазан 2020 ж. 808 0