№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ


Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттар әлемдік өркениетте өзіндік орны бар Қазақ елінің ертеңі үшін серпінді серпіліс туғызуда. Оған қоса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке және аймақ басшыларына халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттер жүктеген болатын. Әсіресе әлеуметтің әлеуетін арттыру басты назарда.
Жалпы қоғамдағы кез-келген игілікті ілкімді істер өңір үшін өзекті. Бүгінгі өркениет бағытындағы аудан өмірінде елеулі өзгерістер мен жаңашыл ізденістер, байыпты бастамалар жетерлік. Біз бүгін Жаңақорған ауданында 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына тоқталамыз.


ӨНДІРІС ӨРІСІ

Бүгінде жер асты қойнауы қазба байлықтарға толы Сыр елінің келешегі кемелденіп, индустриялық-инновациялық бағдарлама аясын­да жоспарлы жұмыс қарқын алуда. Әрине бұл тұрғыда жазиралы Жаңақорғанның жер асты байлығы пайдалы қазбаға кенде еместігі айқын.
Аудандық статистика басқармасының мәліметінше, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2019 жылдың 1 шілдесіне 37961,0 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 82,6 пайызды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру 2019 жылдың 1 шілдесіне 21074,2 млн. теңге болып нақты көлем индексінің өсімі 76,9 пайызды құрады.
Негізі өнеркәсіп бойынша тұтас нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі мен кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Олардың аудандық өндіріс көлеміндегі үлесі сәйкесінше 55,5 және 41,9 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ кен өндіру саласында 9 мекеме жұмыс жасайды, оның 2-і шетелдіктердің қатысуымен уран өндірумен айналысуда. Ауданда 25 орта және шағын өнеркәсіп кәсіпорындары тұрақты жұмыс жасауда.
27 шілде 2019 ж. 777 0