Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 59,8 млрд. теңгені құрады

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 59,8 млрд. теңгені құрады

  Бүгін Өңірлік коммуникация орталығында Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді.

Аудан басшысы өнеркәсіп саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Жаңақорған ауданы облыстағы өнеркәсіп саласы қалыптасқан ауданның бірі. Уран, полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді. Кен өндіру саласында 10-ға тартакәсіпорындар жұмыс жасайды. Оның екеуі шетелдік компаниялардың қатысуымен уран өндіреді. Ауданда құрылыс материалдары, оның ішінде әк және құрылысқа қажетті тас өндіруші кәсіпорындар бар. Олар әртүрлі фракциялы қиыршықтас, құмды тас қоспасы, доломит, әк өндіреді, – деді Руслан Рүстемұлы.
Оның сөзінше, ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2020 жылдың 9 айында 59,8 млрд. теңге болып, нақты көлем индексінің өсімі 93,0 пайызды құрады (2019 жылғы 9 айы – 57,8 млрд. теңге). Облыс көлеміндегі үлес салмағы 12,0 пайызды құрайды.
Өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 2020 жылдың 9 айында 35,4 млрд. теңге болып, нақты көлем индексінің өсімі 90,5 пайызды құрады. (2019 жылғы 9 айы – 31,8 млрд. теңге).
27 қазан 2020 ж. 853 0