№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкімет басшысы халықты жұмыспен қамту жұмыстарына мониторинг жүргізуді тапсырды

Үкімет басшысы халықты жұмыспен қамту жұмыстарына мониторинг жүргізуді тапсырды

    «Жалпы, бағдарламаның (нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы) жоспарлы көрсеткіштері жаман емес. Жылдың соңына дейін әлі екі ай бар. Құрметті әкімдер, өздеріңіздің баяндамаларыңызда айтып отырғандай, өңірлерде жұмысты ары қарай жылдамдатып, жылдың соңында жоспарланған көрсеткіштің бәріне қол жеткізуіміз қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында. Үкімет басшысы бұдан басқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҰЭМ, АШМ-мен бірлесіп, нысаналы топтарды, атап айтқанда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдардың табысын арттыру үшін нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша қабылдап жатқан шаралардың әсеріне мониторинг жүргізу жүйесін жолға қою керектігін ескертті. «Сол себептен Мәдина Ерасылқызы, «Атамекен» палатасымен және өңірлермен бірге «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқуын аяқтаған адамдарға микронесие беру бойынша мәселені толық шешуіміз қажет. Бір жыл бойы ол жағын айтып келе жатырмыз. Келесі жылы бір бағытқа көшуіміз қажет», - деді Үкімет басшысы. Премьер-министр сондай-ақ оқығандардың 33 пайызын жұмыспен қамтылу көрсеткіші төмен екенін айтып өтті. «Бұл баса назар аударатын мәселе. Өңірлердің өзіндік жобасы бар. Бұл біздің жоба мен екі арада біраз арбитраж болып тұр. Сол себептен алдағы уақытта осындай жағдайлар болмау үшін қарау керек. Егер өңірлік бағдарлама кейбір жағдайлары бойынша, мысалы несиені процентпен беруі жеңілдетіліп, сұраныстың бәрі осы бағдарламаға келетін болса, онда сол өңірлерге қаржының бөлінуі басқаша шешілуі керек. Оны қосымша тағы талқыға салуға тиіспіз. Келесі жылы мұндай арбитраж болуы дұрыс емес», - деді Премьер-министр. Үкімет басшысы өзектендірілген бағдарламаның тиімділігі тұрғындардың табысының өсуіне қарай да бағалануы тиіс екенін мәлім етті. «Еңбек және нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерліктерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мақұлдауға болады. Елбасымен кезіккеннен мемлекеттік бағдарламаның жобасы Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне енгізілетін болсын. Ерболат Асқарбекұлы (Досаев), бұл шаруа сіздің бақылауыңызда», - деді Үкімет басшысы. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндаған еді. Еске сала кетсек, халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер туралы Қазақстан Президенті өзінің 5 қазандағы Жолдауында айтқан болатын.  
inform.kz
30 қазан 2018 ж. 900 0