№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ

КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ


Облыстық білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы аталмыш бағдарлама аясында мектеп бітіріп, кәсіптік біліммен қамтылмай қалған 4603 жас аймақ эконмикасының сұранысына сай техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылған. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 1515, жергілікті бюджет есебінен 3088 мектеп бітіруші кәсіптік білімге қол жеткізген. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасы аясында қысқа курстар бойынша «Аспазшы», «Электр газбен дәнекерлеуші», «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту», «Тігінші», тағысын тағы мамандықтар бойынша біліктілігін арттырған. Жалпы, облыс бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарын 35 мамандық бойынша 19 оқу орны мен 2 оқу орталығы жүзеге асырған.
Бұл бағытта ауданда атқарылған жұмыстар легін білмек мақсатта «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің директоры Жаңабек Тұрлыбековты сөзге тарттық.
– Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 88-қадамында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылығы мен танымалдылығын насихаттауға тапсырма берген болатын.
Осы орайда, өткен жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға аудан бойынша барлығы 360 адам қатыстырылды. Олар мына мамандықтар бойынша машықтанды: «Электрик» – 18, «Аспазшы» – 86, «Тігінші» – 49, «Компьютерлік сауаттылыққа оқыту» – 108, «Слесарь-сантехник» – 31, «Автомобиль жөндеу слесары» – 15, «Жеміс-көкөніс өсіруші» – 13, «Электромонтер» – 20, «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинист» – 20 адам оқыды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында әрбір адамға 16759 теңге шәкіртақы, экологиялық – 5028 теңге, жол жүру шығындары (оқу мерзімі ішнде 1 рет)-9076, жатақжай үшін материалдық көмек ретінде 11345 теңге берілді.
Және де еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау мақсатында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне «Модельер-пішуші» мамандығына-25, «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторист машинист»-25, «Электрондық есептеуіш машинасы» -25 мамандықтары бойынша барлығы 75 адам біліктілігін арттырды – дейді орталық директоры.
Расында жастардың білімін жетілдіру мақсатында «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің жастар оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, тенхнологияны күнделікті өмірде шебер пайдалануға тиіс. Бұл үшін біз барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек – деген болатын. Бүгінде бұл тапсырма іс жүзінде орындалып, еліміздегі жүздеген жастар мемлекет қамқорлығын сезінуде. Яғни, тегін кәсіптік-техникалық білім алуда. Ал, техникалық мамандықтарға басымдық беру себебі де бар. Өйткені, қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнекерлеуші, құрылғылар операторы, электрик, сынды мамандық иелерінің жетіспеушілігі байқалған.
Түйіндей айтқанда, біз қозғаған бағдарламаның болашағы баянды. Олай дейтінім, Елбасының «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деген қанатты сөзі жастардың өмірлік ұстанымына айналса игі. Өйткені, өз ісінің шебері не майталман маман болу үшін немесе кәсіп ашу, білім мен сауаттылық қажет. Яғни, қандай кәсіптік-техникалық мамандықты таңдасақ та, сапалы кадр және мықты маман қашанда міндетіне мығым болуы тиіс екенін әсте естен шығармаған абзал.

Әбдісамат ӘБДІШ.
09 қаңтар 2018 ж. 1 762 0