Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТІҢ НАНЫ ТӘТТІ

ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТІҢ НАНЫ ТӘТТІ

Аймақ басшысының пәрменімен Сыр елінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланғаны белгілі. Бұл бағытта ауданда кәсіпкерлік кең өріс алуда. Бірі несие алып, несібесін тапса, енді бірі там-тұмдап жиған теңгесіне кәсібін бастауда.

Нарықтық заманның көшіне ілігу бүгінгі күннің басты талабы. Іліккен күннің өзінде бәсекеге қабілетті болу шарты тағы бар. Ол отыздыққа бастайтын басты меже. Белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субьектілері тұрғысынан біздің аудан көш ілгері. Әсіресе нәзікжандыларда бұл салада өзіндік белесін бағындыруда. Солардың бірі – жаңақорғандық Орынқыз Көкешова. Ол – өткен жылы дара кәсіпкерлік ашып, қоғамдық тамақтану ісімен айналыса бастайды. Өздеріңізге белгілі, тамақ өнімдері ішіндегі ең тиімдісі және кәсіпкерлік көшбасшысы – асхана. Өйткені, тұ­ты­ну­шылар тарапынан асхана тағам­дарына деген сұраныс қашанда жоғары.
Бәрін басынан бастасақ. «Нәти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты бар. Ол – «Бастау-Бизнес» жоба­сы. Жобаның қаржылай емес операторы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Негізгі бағыты – елдегі бизнес-бастамасы бар, өзін өзі жұмыспен қамтыған және ауылдағы жұмыссыз тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл халқының эконо­микалық белсенділігін арттыру. Міне, мемлекет қолдауын сезінген Орынқыз Көкешова да аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы осы жобаға қатысты. Одан әрі өз кәсі­бін жалғастыру үшін мемлекет тарапынан 2 млн теңге көлемінде несие алды. Алынған қаражатқа ішінара жабдықталған дайын орынжайға кішігірім жөндеу жұмыс­тарын жүргізіп, керекті жаб­дықтармен толықтырады. Орын­қыз Нұрмаханқызы асхана ашылған күннен бастап тұрғындарға жылдам дайындалатын тағамдардың үлкен тізімін қолжетімді бағалармен ұсынып келеді.
– Аспазшылық үлкен ыждақат­тылықты талап етеді. Міне, осы талғам мен талап үдесінен шығу үшін асқан шеберлік қажет. Аспаз деген өте жоғарғы дәрежелі мамандық. Егер бойыңда дарының, икемің болса аспаздық деген керемет. Бірақ күнделікті көже пісіруді аспаздықпен шатастырмасаң болды. «Ас — адамның арқауы» дегендей, сенің қолыңнан шыққан тағамның ішкен адамның көңілінен шыққанын сезудің өзі ғанибет қой, – дейді Орынқыз апай.
Мемлекет қолдауымен тасы өрге домалаған жеке кәсіпкер бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Еш зат оңайлықпен келмейтінін, еңбекті талап ететінін, Үкіметтің қолдауының арқасында осындай жетістікке жетіп отырғанын кейіпкеріміз естен шығарған емес. Болашақта кәсібі үлкейіп жатса адам санын да көбейту ойында бар екен.
Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңір­лердегі жаңа бизнес көздерін ашу мақсатында 2018 жылы «Bastau бизнес» жобасы аясында аудан көлемінде 250 тұрғын оқып, 197-сі өз жобасын қорғап, соның ішінде 97 кәсіпкер несие алған. Сондай «бастаулық» түлектің бірі – Орынқыз Көкешова да кәсібінің өрге домалағанына қуанышты.

Лаура БИБАСАРОВА.
20 сәуір 2019 ж. 1 029 0