Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АУДАН ҚАЗЫНАСЫ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСТІ

АУДАН ҚАЗЫНАСЫ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСТІ

Әлемдік нарықта шикізат құнының төмендеуі, салық кірісінің азайып, бюджеттің тығырыққа тірелуі – экономиканы әртараптандыру маңызды екенін көрсетіп отыр. Ал экономикалық өсунегізінен екі фактордан тұратыны айқын. Біріншісі, көмірсутек шикізатына (мұнай, газ, уран  және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Екіншісі, экономикалық өсу негізінен ішкі факторлармен анықталуы тиіс. Яғни еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын кеміту, жалпы айтқанда, экономиканың нақты секторының түсімін жоғарылату болса, осы бағытты басты назарда ұстау – бүгінгі күннің талабы. 
Осы тұста 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жоғары екені белгілі болды. ҚР Қаржы министр­лігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер депар­тамен­ті қызметінің тиімділігін баға­лау инди­каторы бойынша 9 айдың қоры­тындысымен Жаңақорған ауда­ны бойын­ша Мемлекеттік кірістер бас­қармасы 1 – орынға шықты. Ендігі кезекте, салық базасының негізгі 6 басым бағыты көш бастағанын тарқата айтсақ.
Бірінші, тіркелген салық төлеу­ші­лер­­дің ресми санын сөйлетсек. Аудан бойынша Мемлекеттік кіріс бас­қармасында 637 заңды тұлға, оның әрекетсізі-8, дара кәсіпкер саны-3337, әрекетсізі-16. Ал шаруа қожалық саны-783. Жалпы өткен жылдың осы кезеңі­мен салыстырғанда дара кәсіп­кер саны 469 бірлікке көбейген. Бұл өз кезегінде ауданда кәсіпкерлік сала­сының көк­жиегі кеңеюде деген сөз. Оған себеп, мемлекет тарапынан кәсіп ашамын дей­тін ынталыға қолдау шаралары қомақты.
Екінші, болжамды көрсеткіштер. Бұл жөнінде бізге Жаңақорған ауда­ны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахманов айтып берді:
«Ағымдағы жылдың 10 айына мем­лекеттік бюджеттің межеленген жоспары 98% орындалып, 383 млн теңге кем түсті. Негізі жоспар 19,4 млрд теңге, нақты өндірілгені 19,1 млрд теңге. Түсімдердің өсу қарқыны 237,3% құрады яғни 11,0 млрд теңге түсім артты. Ал бюджеттер кесіндісінде: республикалық бюджет жоспары 17,7 млрд теңге болса, нақты 17,2 млрд теңге өндірілді, 97,6% орындалды. Респкубликалық бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 272,9% құрады немесе түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 10,9 млрд теңге  артып отыр.  ЖБ жоспары 1,800 млрд теңге болса, нақты түскені 1,844 млрд.тг немесе жоспар 102,5% орындалып, 44 млн теңге артығымен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 106,2% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 106 млн теңгеартып отыр» деді.
Сондай-ақ Басқарма басшысының айтуынша, әділеттілік принципіне негіз­делген тәуекелдерді басқару жүйе­сіне сәйкес салық төлеушілерді бірнеше өлшемшарттары бойынша салық төлеуден жалтару тәуекелі төмен, орташа немесе жоғары санатына жат­қыза отырып, қашықтықтан салықтық әкімшілендіру шаралары күшейтілуде екен. Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары заң бұзушылықтың деңгейі жоғары бизнеске назарды шоғырландырып, салықтарды ерікті түрде төлеуге қол жеткізуді көздеп отырғаны белгілі болды.
Үшіншіден, салық саласындағы ең өзекті мәселенің бірі – Бақылау кассалық машинасын тіркету жұмысы. Бүгінде көлеңкелі айналымды төмендету және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал ететін шараның бірі – деректерді онлайн түрде беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) пайдалану.
Бұл бағытта ауданда онлайн-БКМ қолдануға көшу кезең-кезеңмен (тоқсан сайын) жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда,  қазірге дейін 601 тұлғаның түгелдей онлайн-БКМ ауыстырылуы қамтамасыз етілген.
– Оған қоса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент және бірыңғай жер салығы арнаулы салық режимі негізінде қызмет атқаратын барлық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар, жалпы аудан бойынша 1090 тұлға есеп айырысулар кезінде онлайн-БКМ қолдануға тиіс. 2020 жылдан бастап шаруа қожалықтары да тапқан табыстарын салық есептілігінде көрсетіп жеке табыс салығын есептейді.
Айрықша айта кететіні, мобильді қосымшаның көмегімен тауарларды сатып алу кезінде чек берілмеген жағдай да, «Азаматтық бақылау» пилоттық жобасы аясында бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектерін бермеу фактілерін видео, фото материалды жібере отырып, 1000 теңге көлемінде сыйақы алуға болады. Яғни осы сомаға телефон теңгерімі толықтырылады. Бұлда болса, тұрғындарды салық мәдениеттілігіне баулудың төте жолы, – дейді Еркеғали Абдрахманов.
Төртіншіден, Атаулы әлеуметтік көмек. Биылғы жылдың ең басты тақырыбына айналған 21 мың теңгені әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан бөлек бақуатты жандардың алғанын білдік. Бұл бағытта ҚР Премьер-Министрінің Өкімі шегінде және Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмасына сай атаулы әлеуметтік көмек алушылар бойынша талдау жұмыстары жүргізілген. Мәселен, 253 дара кәсіпкерлік иесі тіркеу есебіне тұрып басым бөлігі табысын жасырған немесе табысын 100 мың теңгеден төмен көрсеткені анықталған. Осы орайда, Басқарма тарапынан 163 салық төлеушімен  әңгімелесу жүргізіліп, 68 дара кәсіпкерге визуалды зерттеу жасалынған. Ал 1 СТ мемлекеттік сатып алуға қатысқаны және 5 млн 550 мың тг бұзушылық анықталды. Сондай-ақ сауда айналымын жасырған 20 кәсіпкер анықталып, 110 млн теңге сауда айналымын көрсете отырып, салық есептілігін қайта тапсырды және бюджетке 3,1 млн теңге өндірілген. Оған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін кәсіпкерлігін «жапқан» 2 тұлға анықталып, дара кәсіпкер ретінде Мемлекеттік кірістер органына қайта тіркетілгені белгілі болды.
Бесіншіден, салықтық рақымшылық. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын осы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейтін және жеке тұлғалар үшін де 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін есептелген салықтарын ағымдағы жылдың 31 – желтоқсанына дейін төлеген жағдай да, өсімпұлдарына салықтық рақымшылық жүргізілуде. Қолда бар дерекке сүйенсек, Аудан бойынша 60 субьекті 1013,1 мың теңгеге негізгі қарызын өтеп, 227,3 мың теңге өсімпұлына рақымшылық жасалған. Ал, жеке тұлғалардың рақымшылығы аясында  аудан бойынша 228 жеке тұлғаның 1,3 млн. теңге өсімпұлы есептен шығарылған.
Соңғы критерийі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасы. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы 28 833 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 25 354 немесе 88% электронды жүйемен, 3479 немесе 12 % қағаз тасығыш түрінде көрсетілген.
Қорытаайтқанда, Қазақстанның 2050 жылғадейінгідамустратегиясынанегізделгенбасымбағыттыңбіріэлектрондыформатқакөшуарқылымемлекеттікқызметтүрлерінжеңілдетуһәмқолайлыортақалыптастыру. БұлбағыттаауданбойыншаМемлекеттіккірістербасқармасыныңсапалықызметіСырөңіріндегіүздікоргандептанылды.Тоғызайлық көрсеткіштерде көңіл қуанарлықАудан қазынасының еселене түсіп, әлеуметтің әлеуетінің артуына өзінді күлесін қосары айқын.
28 желтоқсан 2019 ж. 456 0