Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАРЫҚТА КӘСІП ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢАРЫҚТА КӘСІП ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялауына байланысты облыс аумағындағы ауылдардың әлеуетін көтеріп, кәсіпкерлік саласының шағын бизнес субъектілерін салықтандыру және шағын несие беру мәселесі бойынша тапсырма берген еді. Осы тапсырмаға сәйкес Жаңарықта өткен жиында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков, облыстық ауылшарушылығы басқарамасының маманы Ерхан Ағыбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған ауданы бойынша директоры Марлен Нұртазаев, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыс бойынша филиалының маманы Айдос Серкеев, «Даму» қоры АҚ-ның облыс бойынша маманы Ербол Қозбақов және Мемлекеттік кірістер басқармасының аудандық филиалының басшысы Жеңіс Талас халықтың қойған сұрағына жауап берді.
Жиында ауыл әкімі Сұлтан Ибрагимов ауылдағы шағын кәсіпкерлік жайын әңгімеледі. Халық саны 2064-ке жеткен ауылда 8 такси жүргізушісі, 6 дүкен, 42 шаруақожалық бар екенін айтты. Жиында сөз алған Мемлекеттік кірістер басқармасының аудандық филиалының басшысы Жеңіс Талас салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері және ІV деңгейлі бюджет туралы қарапайым тілмен өрбітті. Ол: «Салық заңнамасындағы өзгеріске байланысты әлеуметтік салық мөлшерлемесі 11 пайыздан 9,5 пайызға, әлеуметтік аударым 5 -тен 3,5 пайызға төмендеді. Ынталы салық төлеушілерге бақылау азайтылып, есеп тапсыру мен қарыз төлеу жағдайында жеңілдіктер қарастырылады. Ал, оңайлатылған салық режимі бойынша жалдамалы қызметкер саны 30 адамнан және шекті табысы ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшерден аспайтын тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасай алады», – деді. Яғни, кәсіпкер 2020 жылға дейін өзі үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасын төлемейді. Салық заңнамасында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын 70 пайыз азайтуға құқылы.
Жиында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жайында «Даму» қоры АҚ-ның облыс бойынша маманы Ербол Қозбақов түсіндірді. Ауыл кәсіпкерлеріне қаржылай көмек көрсету туралы бағдарламаны Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы Мәлика Сұлтанбек қарапайым тұрғындарға түсінікті тілмен түсіндірді. Инновациялық жобаға мемлекет тарапынан 3 млн-ға дейінгі грант берілетінін, конкурсқа құжаттар қабылданып жатқанын айтты. Осы тұста ауыл азаматтары «Балық өсіретін бассейн» жасауға қаржылай көмек қажеттігін жасырмады. Осы тұста «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыс бойынша филиалының маманы Айдос Серкеев халықтың сауалына жауап берді.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу орталығы басшысының орынбасары Серікбек Өмірбек ауыл азаматтарын жұмыспен қамту көрсеткіштері мен адами капиталын сөз етті. Ресми 10 адам жұмыссыз ретінде тіркелгенін, алдағы уақытта осы азаматтарға көмек-қолдау болатынын жеткізді.
Шара соңында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков түйіткілдері түйіндеп, ауыл әкіміне салық түсімін кеңейтіп, заң аясында жұмыс атқаруды нақтылады.

Мақпал Марқабай.
03 сәуір 2018 ж. 1 278 0