№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

Жаңақорған ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 22736 жасты құрайды. Бұл аудан тұрғындарының 24,6%-на тең. Ал, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың ішіндегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрайды.
Аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығына» есепті мерзімде 1462 жас хабар­ласып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан 490 азаматтың, 166-сы 29 жасқа дейінгі жастар. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қоғамдық жұмыс орындарына 96 жас жолдама алып жұмыс жасауда. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан 423 адам өтінішін білдіріп, оның ішінде жастары-289-ды құрап отыр. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 24 жасқа мемлекеттік грант берілді және 58 жас Бастау бизнес бағдарламасы негізінде оқуға жолданды. Мәселен Келінтөбе ауылынан 3 жас Бизнес бастау бағдарламасымен оқып, қайтарымсыз 252000 теңге грант алды.
Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің жылдық жоспарына сәйкес, кеңес ай сайын ұйымдастырылады. Жоспарға сәйкес 5 мәрте аудан әкімі жанындағы жастар кеңес отырысы өткізілді.
Қай саланы алсақта құрылыс-сәулет, мәдениет, спорт, білім, денсаулық, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы тағы да басқа салалар бойынша аудан да жемісті жұмыс бар. Жоспарлы жұмыс қашанда жетістікке жеткізетіні айқын.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қоры­тындысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке және аймақ басшыларына халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тоғыз міндетімен тәмамдасақ. Олар: индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді және кәсіпкерлікті дамыту, тұрақты макроэкономикалық орта қалыптастыру, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту, білім және денсаулық сақтау жүйесін нығайту, аймақтарды дамыту, мемлекет басқару тиімділігін және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері. Ендігі міндет – ауданда басталған жұмысты қарқынды дамыту. Бұған біздің әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де толық жетеді.
27 шілде 2019 ж. 783 0