№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАҚСАТЫ – АЙҚЫН, ЖҰМЫСЫ – ЖҮЙЕЛІ

МАҚСАТЫ – АЙҚЫН, ЖҰМЫСЫ – ЖҮЙЕЛІ



Мемлекеттік атқарушы органдар құрылымдарын оңтайландыруға бағытталған қайта құрулардан кейін салық, кеден және экономикалық тергеу органдары біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер органы болып қайта жасақталған болатын. Міне, бүгінде бұл ведомоствоның құрылғанына – 5 жыл.
Қазіргідей нарықтық экономика кезінде салықтық қызметтің маңызы, соның негізінде пайда болатын салықтық-құқықтық қатынастардың жұмысы жеңіл емес. Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 13 қызметкер жұмыс істейді. Үш бөлімнен құрылған басқармада мамандар тұрғындардың салықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмысы мен түрлі акцияларды тұрақты  өткізіп тұрады. Соның бірі – жыл сайын өтетін республикалық «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы.
Осындай кең көлемді насихат жұмыстарының жемісі ретінде аудан бюджеті жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, соңғы бес жылдықты салыстырмалы түрде алып қарасақ. 2014 жылға бекітілген Мемлекеттік бюджет 8 067,2 млн теңге. Оның ішінде; республикалық бюджет 5 920,8 млн. теңге, жергілікті бюджет 2 146,3 млн. теңге болған. Ал 2019 жылғы бекітілген Мемлекеттік бюджет 20 944,6 млн. теңге. Оның ішінде; республикалық бюджет 18 723,7 млн. теңге, жергілікті бюджет 2 218,5 млн. теңге. Яғни, салық базасы 2014 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 12 877,4 млн. теңгеге ұлғайған.
Сонымен қатар 4-ші деңгейлі бюджеті бойынша жоспарланған 43385,3 мың теңгенің орнына 50644,4 мың тең түсім түсіп жоспар 116,7 пайызға орындалды. Ал, ағымдағы жылдың алты айында 355 мұлға кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрған. Оның ішінде; дара кәсіпкерлер 2940, шаруа қожалықтары 768 тұлға. Оған қоса, жыл санап, такси жүргізушілері де жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, белсенділік танытуда. Мәселен, жыл басынан бері  11 такси қызметі тіркелген.
Тағы да бір айта кетерлігі, салық базасын ұлғайту бойынша 71 млн. теңгеге 31 хабарлау және хабарлама қалыптастырылып, нәтижесінде бюджетке 6 млн. тг өндірілді. Мұның өзі салық мамандары үшін үлкен жетістік. Ал тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін анықтау бағытындағы жұмыстар (аудандар бойынша ШБС жалпы саны, жұмыс жасап тұрғаны, қосымша тіркетілгені-такси, жалға мүлкін беру т.б)  ағымдағы жыл басынан такси қызметімен айналысатын  11 тұлға және мүлкін жалға беру қызметі бойынша 7 тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп жұмыс жасауда.  Оның қатарында нөлдік  көрсеткішпен салық есептілігін тапсырған салық төлеушілермен әңгімелесу барысында 180 салық төлемгеріне 445 млн. теңгеге қосымша СЕН тапсырылып, бюджетке 13 млн. теңге төленді.
Жалпы, 2019 жылдың басынан жылдық айналымы 2 млн-нан асқан 203 кәсіпкер болса болса, атқарылған жұмыстар нәтижесінде  бүгінгі таңда 265 тұлғаға жетті.
Түйіндей айтқанда, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының мақсаты – айқын, жұмысы – жүйелі. Бұл бағыттағы нәтижелі істерді ілгерілете беретін боламыз.
Ерғали Абдрахманов,
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
04 тамыз 2019 ж. 1 241 0