№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЛЫҚҚА САЛҒЫРТ БОЛМАЙЫҚ!

САЛЫҚҚА САЛҒЫРТ БОЛМАЙЫҚ!


«Адам баласын құтқармайтын екі нәрсе бар: бірі – өлім, екіншісі – салық». Бұл – АҚШ-тың тәуелсіздігі жолында есімі қалған Бенджамин Франклиннің ұраны. Ағылшын отарынан құтылып, елдік негізді қалыптастыру жолында айтылған өміршең ұлағат. Расында, салық – мемлекеттің экономикалық қуаты. Олсыз елдіктің дамуы мүмкін емес. Осы тұрғыда алғанда, жаңақорғандықтардың белсенділігі төмен болып тұр.
Ауданның зиялы қауымы мен белсенді кәсіпкерлері шоғырланған Жаңақорған кенті заман келбетіне сай даму жолында. Ауылдық округтерге үлгі болатын бастамалар бастау алуда. Бірақ, салық төлеу жөнінен мақтана алмайды. Мұны Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері растайды.
– Жаңақорған кентінің тұрғындары жергілікті салықтарды төлеуде салғырттық танытуда. Мәселен, жер салығы 64,6 пайыз, мүлік салығы 22,8 пайызға ғана орындады, – басқарманың бөлім басшысы Қалдыбек Мұсаев.
Аққорған ауылдық округі мүлік салығын 150,3 пайыз, жер салығын 131,4 пайызға орындады. Жаңарықтықтар да салық төлеуге бей-жай қарамағанын көруге болады (113 пайыз).
Халықтың салық мәдениеті қалыптасуы – мемлекет дамуының негізі. Осыны тұрғындар түсінсе дейді салықшылар.
Жалпы, аудан бойынша мүлік салығы болжам бойынша 2 394,0 мың теңге бекітілсе, соның 843,0 мың теңгесі ғана жиналған. Пайыздық көрсеткіш бойынша – 35. Жер салығы 58 пайызға, көлік салығы 64 пайызға орындалды.
Жыл аяғына дейін үш ай қалды. Осы мерзімде жергілікті салықтар бойынша 28 468,0 мың теңге жиналуы тиіс. Мұны орындау мүмкін бе? Бұл тұрғындардың белсенділігіне байланысты...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 295 0